сұрақтарға жауап беріп көрейік
• «Адамның денсаулығын сақтау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету» дегенді қалай түсінесің?
• Түрлі салаларда адам денсаулығын сақтауға, қауіпсіздігін
қамтамасыз етуге қандай жағдайларды мысал ретінде келтіре аласың?
6.4.1.1 эргономика міндеттерін (барынша жайлылық пен тиімділік үшін) тұжырымдау және шешу.
«Эргономика» сөзі грек тілінен аударғанда, «ergon» – «жұмыс», «номос» – «заң» немесе «жұмыс заңы» деген ұғымды білдіреді. Эргономика адамның «адам – технология – қоршаған орта» жүйесіндегі жұмысының қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етілуін жан-жақты зерттейтін ғылым саласы.
жұмыс орны – рабочее место – work place
қауіпсіздік – безопасность – security
Орындық. Арқа мен адамның бойына сәйкес биіктікті реттеуге
мүмкіндік беретін арнайы орындықты пайдалану қажет. Орындықта отыру адамға жайлы болуы керек. Аяқ еденге толық тиіп, ал тізе буынындағы бұрыш 90˚ болуы тиіс.
Тінтуір. Тінтуір пернетақтаға жақын орналасады. Бұл тінтуір мең зерін басқаруды ыңғайлы етеді әрі білектің дұрыс орналасуына мүмкін дік береді.
Пернетақта. Үстелдегі пернетақтамен жұмыс істеген кезде қол түзу әрі еркін орналасуы керек. Көптеген компьютер үстелінде перне тақта сөресі бар. Ол эргономикалық стандарттарға сәйкес, пернетақта мен ыңғайлы жұмыс істеуге лайық биіктікте жасалады.
Монитор. Монитордан көзге дейінгі арақашықтық 60-70 сан тиметр болуы керек. Монитор көз деңгейінде немесе көзден сәл төменірек орнатылуы тиіс. Ең дұрысы – табиғи жарық сол жақтан түсуі керек, бұл жарық пен шағылысуды азайтады
Сынып эргономикасы
Техника қауіпсіздігі ережелерін құрастырыңдар
«Компьютерді пайдалануда эргономикалық талаптарды бұзудың зардаптары» деген тақырыпта шағын мақала дайында.