Introducing 

Prezi AI.

Your new presentation assistant.

Refine, enhance, and tailor your content, source relevant images, and edit visuals quicker than ever before.

Loading content…
Loading…
Transcript

БАЛА

Жексенбай Шынгысхан

Кенжеғарин Нұрхан

Құлданов Тойлыбай

Шаймардан Ибраимхан

Толық емес отбасыдағы

бала..

«Ел болам десең, бесігіңді түзе», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің», «Отан отбасынан басталады» дана халқымыздың осы сынды мақал-мәтелдері ежелден күнделікті өмірде, салт-дәстүрлерде өз көрінісін табады. Жетімін жылатпаған, жесірін қаңғыртпаған халық, «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деп тұжырымдаған бабаларымыздың бұл жазылмаған заңдылықтары қазірде қаншалықты сақталуда?

Толық емес отбасының әрқайсысы өз ерекшеліктері мен бала дамуына да әсері әр түрлі болады:

  • ажырасқан отбасыларда жасөспірім көп жағдайда ата-анасының конфликтілі дисгармониялық қарым-қатынасына куә болады;
  • жалғызбасты ана немесе әкелердің толық отбасы болған кездерін еске түсіру көбіне жағымды эмоциялар тудырады;
  • анасымен ғана болатын балалар – нақты, реалды отбасылық қарым-қатынас, отбасылық қызметтерді сезінбейді.

Стресс

Ашу

Депрессия

Ұялшақтық

Сенімсіздік

"Өз әлемі"

Жасықтық

Мейірім

Махаббат

Өз-өзіне сенім

Бейімделу

Көзқарас

Тәрбие

Бауырмашылдық

Кейбір жағдайларда бала ата-анасының ажырасуында өзін кінәлі деп санап, әкесін (немесе анасын) ұстап қала алмағандығын қатты қайғырады.

Бір балада мұң басым болса, басқасында ол ашу-ызамен көмкеріледі, үшіншілері өздерін кінәлі сезініп, өз-өздерін ұяттымын деп ойласа, төртіншілері әкесімен қоса анасын да жоғалтып аламын ба деген қорқынышпен әкесінің кеткеніне не ашуланарын, не мұңаярын білмей қиналады. Эмоциялар әр индивитте әртүрлі көрінуі мүмкін – мұң, қайғы, ауырсыну сезімдері, ашу-ыза, кінә сезімі және қорқыныш – бұлардың барлығы баланың ата-анасының ажырасуына көрсететін қалыпты реакциялары.

Әке

Баланың бойындағы ер мінезділік, өжеттілік, мәрттік қасиеттер әке арқылы қалыптасады. Әкенің бойындағы қасиет балаға беріледі немесе «жұғады». Қазір балабақшадағы, мектептегі, университеттегі тәрбие әйел адамдардың қолында екендігі де жасырын емес. Әсіресе осы кезеңде әкенің тәрбиеге араласуы өте маңызды.

Әсері

(Әкесінің баласына қалдырған ең үлкен мұрасы – оны жақсы тәрбиелеуі.

Отбасындағы бала тәрбиесінде әкенің орны ерекше. Әке үйі барлық балалары үшін үлкен үй, қара шаңырақ деген киелі ұғымдармен сыйлы да құрметті. Әке тәрбиесі арқылы, балалардың өздеріне тән мінез-құлықтарын ерекше сергектікпен қалыптастыратындығы да анық. Ұл бала үйдегі де, сырттағы да ер адамға қажет тағылымдарды, көбінесе әкесінен үйренуге ұмтылады. Сондықтан да, әке тәрбиесі дұрыс та, мейірімді болу керек.

Жоқтық

(ер бала)

1. Қыз мінезді ұл;

2. Ер адамның абыройының төмендеуі;

3. Ерте жауапкершілік;

4. Ешкімге сенбеу;

5. Ер бала сондай тағдырды қайталау

1. Ер адамның абыройсыздығы;

2. Шамадан тыс еркіндік;

3. Ерте ересектік;

4. "Ешқашан тұрмысқа шықпаймын"

5. Болашақ отбасында проблемалар.

Жоқтық

(Қыз бала)

Ана

Ана-отбасының ошағын өшірмей сақтаушы. Мейірімділік пен махаббат символы. Ана бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетеді.

Ер бала

Қыз бала

1. Мейірімсіздік;

2. Интроверттік;

3. Әйел затының қадірін түсінбеу;

4. Қоғамға араласа алмау;

5. Ақшаға сенім.

1. Отбасында әйел рөлін түсінбеу;

2. Еркекшоралық;

3. Еліктеушілік;

4. Интроверттік;

5. Түсінбеушілік.

Қорыта келе, ажырасудың бала психологиясына әсері ауыр болатыны сөзсіз. Ол болашақ тұлғаның қалыптасуына кедергі келтіріп, әрі болашақта сол баланың отбасын құруға деген қорқынышына әкеп соғуы мүмкін. Егер баланың санасын таза кітапқа теңесек, оның авторы – ата-ана, редакторы – мұғалімдер мен психологтар, көркемдеуші редакторы – айналасындағы достары мен қатарластары.

Learn more about creating dynamic, engaging presentations with Prezi