Жылжымайтын мүлік – жер учаскелері, ғимараттар, құрылыстар және жермен тығыз байланысты өзге де мүлік, яғни мақсатына шамадан тыс зиян келтірілмей көшірілуі мүмкін болмайтын объектілер
Нарықтық немесе өзге де құнды белгiлеу кiрiстiк, шығындық және салыстырмалы тәсілдерге топтастырылған бағалау әдiстерiн қолдану арқылы жүргiзiледi.
белгілі бір бизнес түрін жүргізуге (мысалы, қонақ үйлер, мейрамханалар, автомай құю станциялары) арналған жылжымайтын мүлік үшін болжамдау оның құнынан бағаланатын жылжымайтын мүлікке жатқызылмайтын құрамдауыштарды бөлу жолымен осы бизнестің операциялық қызметі туралы ақпараттың негізінде жүргізіледі;
Жылжымайтын мүліктің сыртқы (экономикалық) ескіруі жойылмайды. Ол жылжымайтын мүліктің және басқа да экономикалық факторлардың қолайсыз орналасуынан туындаған кірістің шығынын капиталдандыру арқылы немесе есептеу рәсімдерін қолдана отырып, өзге әдістермен бағаланады.