Introducing
Your new presentation assistant.
Refine, enhance, and tailor your content, source relevant images, and edit visuals quicker than ever before.
Trending searches
Қаңқа еті көлденең жолақты миоциттерден тұрады. Талшық ұзын, цилиндр тәрізді. Ұзындығы 10см-дей, ені 12-70мкм. Миоцитті қаптаған сарколемманың саркоплазмаға шыққан Т-өсінділері болады. Олар миофибрилдерді саркомераға бөлетін Z мембранасының тұсында пайда болады. Сарколемманың іш жағында, миофибрилдер тобының сыртында олармен қатар жатқан саркоплазмалық ретикулум мембрананың Т-өсіндісіне жеткенде кеңіп Са2+ иондарына толы цистерна құрады.
Бұлшықеттердің жиырылып қысқаруы саркоплазмадағы миофибрилдердің ұзындығының өзгеруіне байланысты. Олар талшықтың бір ұшынан екінші ұшына дейін созылатын қатар орналасқан жіпшелер будасы.
Миофибрилдерді әрбір 2,5 мкм-ден сон Z мембрана көлденең 2000-дай бөлікке - саркомераға бөледі. Әр саркомераның қақ ортасында 2500-дей жуаңдығы им миозин және Z мембрананың екі жағында тіркелген миозиннен екі есе жіңішке актив орналасады. Актив ұшы екі жақтағы миозин талшықтары арасына кіріп тұрады.
Миозин жіпшелердің күңгірт бөлігінде, ал актив ашық бөлігінде болады. Бұл бөліктер миофибрил бойында кезек-кезек орналасады.
Миозин шиыршықты 150 молекулалардан тұрады, әр жіпшенің ұшында екі жұмыр басы болады. Осы домалақ өсінділері (Көлденең көпірше) арқылы миозин актинге жабысады. Миозиннің осы өсіндісінің АТФ қышқылын ыдырататын ферменттік қасиеті бар. Бұл қасиет актинмен байланысқанда 10 есе жоғарылайды.
Актин шиыршықты жіпшелерден тұрады,олардың ішінде әрбір 40 нм аралығында домалақ басы бар тропонин молекуласы және тропомиозин белогі кездеседі. Тропомиозин жіпшелері жиырылмаған етте актиннің миозин өсінділері жабысатын жерін жауып, миозиннің актинге жабысуына кедергі жасайды.
Ет жиырылған кезде талшықтар неліктен қысқаратының түсіндіру үшін қазіргі З.А.Хакслидің "белок талшықтарының жылжуы" теориясы айрықша қолдау тауып отыр. Бұл теория бойынша ет жиырылған сәтте актин талшықтары миозин бойымен сырғып толығынан оларды ара-арасына кіреді. Мұның салдарынан миофибрилдердің ашық бөлімі қысқарады,тіпті жоғалып та кетеді,ал күңгірт бөлімі оның қақ ортасындағы тек миозин жіпшелерінен тұратын ашыңқы тілімі жоғалып,одан әрі күңгірттене түседі және күңгірт бөлімдері бір-біріне жақындайды. Осы сәтте мнофибрилді жай микроскоппен қараса, оның көлденең жолақтығынан айырылғанын көруге болады. Актин және миозин жіпшелері ет жиырылғанда қысқармайды. Актин жіпшелері миозин жіпшелерінің арасына енгендіктен саркомера қысқарады. Бірнеше саркомераның қысқаруы мифибрилді әжептеуір қысқартады.
Актиннің миозиндер арасына кіруі миозиндердің көлденең өсінділері, актомиозиннің ферменттік қасиетінің жоғарылауы және саркоплазмада Са2+ иондары деңгейінің көтерілуімен байланыстырылады.
1939жылы В.А. Энгельгардт пен М.Н.Любимова ет жиырылғанда миозиннің ферменттік белсендігі өсетінін және ол энергия көзі АТФті ыдырататынын анықтаған. Біраз өте Д. Сент-Дюорди етте актин болатынын, жіне ол миозинмен актомиозин түзетінін, және актомиозиннің ферменттік қасиеті миозиннен 10 есе жоғары екендігін дәлелдеді.