dd/mm/yyyy
Төмендегі жағдайлар болған жағдайда салыстырмалы тәсіл қолданылады:
1) қолданыстағы бағалау базасына сәйкес назарға алынуы мүмкін мәміледе жақында қарастырылған актив сатылды;
2) қарастырылып отырған актив немесе ұқсас активтер нарықта белсенді сатылады;
3) осындай активтермен жасалатын және (немесе) жақында жасалған мәмілелер жиі кездеседі.
Бағалаудың жабық ақпарат көздері мен ақылы ресурстардың пайдаланылуы бағалаушыға осындай көздердегі ақпараттардың сенімділігін қамтамасыз ету арқылы мүмкін болады.
Салыстырмалы тәсілдің әдістері:
1) капитал нарығының әдісі.
Капитал нарығының әдісі қор нарықтарындағы ұқсас компаниялардың акциялары үшін төленген база ретінде нақты бағаларды пайдалануды болжайды. Бұл әдісті қолдану шарттары мыналар болып табылады:
бағалау туралы есепті жасаған күні қор нарығындағы ұқсас кәсіпорындардың акцияларымен мәмiлелердiң нәтижелерi жайлы ақпаратқа, жалпыға қолжетiмдi ақпарат көздерiне ашық қолжетiмдiлiктің болуы;
кәсіпорындар – ұқсастықтар бағаланатын кәсіпорын ретінде экономиканың сол салаларында да жұмыс істеуі тиіс;
кәсіпорындар – ұқсастықтар салыстырмалы болуы
мәмілелер әдісі (кәсіпорынның ұқсас әдісі).
Мәмілелер әдісі (ұқсас кәсіпорын әдісі) тұтастай алғанда кәсіпорынның немесе оның бақылау пакетін сатып алу туралы тарихи деректерге негізделген.
Осы әдісті қолдану шарты ұқсас салыстырмалы кәсіпорындардың бақылау пакетін немесе акциялардың толық пакетін сату бойынша мәмілелердің нәтижесі туралы ашық көздерде сенімді ақпараттың болуы болып табылады.
салалық коэффициенттер әдісі.
Сала коэффициенттері әдісі кәсіпорындардың бағасы мен белгілі бір қаржылық өлшемшарттар арасындағы қатынастарды статистикалық зерттеуге негізделген.
Әдістің қолданылуының талаптары – тиісті тәуелділікті белгілеу үшін бағалаушы қолданатын ашық нарықтағы тиісті зерттеудің болуы болып табылады.