Вейп-ингаляцияға арналған бу шығаратын электронды темекі. Оны никотинді ағзаға жеткізу құралы ретінде де , никотинсіз хош иісті буды деммен жұту үшін де қолдануға болады.
Вайпинг қан қысымын арттырады, эндотелий дисфункциясын тудырады және миокард инфарктісі мен инсульт қаупін арттырады. Электрондық темекіге байланысты өкпе жарақаты деп аталатын жағдай Америка Құрама Штаттарында 2019 жылдың маусымында хабарланды және келесі үш айда жағдайлар айтарлықтай өсті.
Біз әріптесім екеуміз вайпте жақсы ештеңе жоқ деп санаймыз және одан бас тартуды жөн көреміз. Электрондық темекілер мен вайптар Қазақстандық жасөспірімдер арасында танымал болуда. Балалар көшеде, мектептің артында және тіпті үйде темекі шегеді. Оқушылар темекі дүкендерінен немесе интернеттен сәнді құрылғыны шектеусіз сатып ала алады. Сарапшылардың айтуынша, бір реттік "электроника" қарапайым темекіге қарағанда одан да тәуелді.