Электрондық пошта жүйесі
Желілік технология түсінігі.
Желіні баптау принциптері.
Интернет технология түсінігі.
Интернет. Электрондық пошта
Интернет
Желілік технология түсінігі
Ethernet технологиясы
FDDI технологиясының кері қайтару тұрақтылығы.
FDDI технологиясының кері қайтару тұрақтылығы.
FDDI стандартында кері қайтару тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін 2 сақина құру қарастырылған. Олар автоволоконды – бірінші және екінші сақина. FDDI стандартында желіге қосылудың 2 түрі бар. Бір уақытта 1-ші және 2-ші сақинаға қосылу екілік қосылыс деп аталады, тек қана бірінші сақинаға қосылу бірлік қосылыс деп аталады.
FDDI стандартында желідегі соңғы торабтар яғни – станция және концентраторлар қарастырылған. Станция және концентрациялар үшін желіге қосылудың кез-келген түрін қолдануға болады. Олар бірлік қосылыс немесе екілік қосылыс болуы мүмкін. Бұл құрылғылардың сәйкесінше аттары бар: SAS (Single Attachment Station), DAS (Dual Attachment Station), SAC (Single Attachment Concentrator) және DAC (Dual Attachment Concentrator) әдетте концентраторлар екілік қосылысты болады, ал, станциялар – бірлік қосылысты, олар 3-суретте көрсетілген. Құрылғының желіге қосылуы жеңіл әрі оңай болуы үшін олардың разъемдары маркерленеді. А және В разъемды типтері екілік қосылысты құрылғыларда болуы тиіс. М разъемы бірлік қосылысты концентраторларда болады және олардың жауапты разъемы S
. Token Ring технологиясы
Token Ring (маркерлі сақина) желісін 1970 жылы ІВМ компаниясы құрған. Бұл желі 4 және 16 Мбит/с шапшаңдылықпен жұмыс істейді. ІЕЕЕ802.5 стандарты Token Ring негізінде жасалған. Тек Token Ring стандартында сызба құрылымы жұлдыз, деректер тасымалдау ортасы есулі қоссым деп көрсетілген, ал ІЕЕЕ802.5 стандартында айтылмаған бұл екі стандарт бір –біріне үйлесімді. ІЕЕЕ802.5/ Token Ring жергілікті есептеу желілері сақина тәрізді. Жұмыс бекеттері бір-бірімен кәбіл арқылы жұлдызға ұқсас байланыстырылса да десте бір түйіннен (жұмыс бекетінен) екіншісіне сақина бойынша тасымалданады. Жұмыс бекеті дестені станциялар жиынтығына қатынас құратын құрылғы (МSAU- Multi Station Access Unit) деп аталатын құрылғыға жібереді
мEthernet технологиясы
Ethernet– жергілікті желі құрастыру мақсатында өте кең тараған технология түрі.Ол ІЕЕЕ 802.3 стандартына негізделіп,мәліметтерді 10Мбит/с жылдамдықпен тасымалдап отырады. Ethernet желісіндегі құрылғылар желі арнасында сигналдың бар екендігін бақылап отырады.Егер арнаны ешбір құрылғы пайдаланбайтын болса,онда Ethernet құрылғысы мәліметтерді жөнелте бастайды.Бұл сегментегі әрбір жұмыс станциясы жергілікті желідегі мәліметтерді талдап,олардың өзіне бағытталғанын айқындап теріп алады.Бұл схема тұтынушылар саны аз болып сегменттегі тасымалданатын мәлімет мөлшері де төмен болғанда,тиімді болып саналады.
Интернет желісін алғашқы дүниеге келтіруге себеп болған 70 жылдар басында АҚШ қорғаныс министрлігініңApranet компьютерлік жүйесі болып саналады. Интернет көптеген байланыс желілерін бір-бірімен біріктіріп, дүниедегі ең үлкен компьютерлер торабын құрайды. Оның қарапайым желілік нүктелері үкімет мекемелерінде, университеттерде, коммерциялық фирмаларда, жергілікті кітапхана жүйелерінде, тіпті мектептерде де орналасқан.
Электрондық пошта жүйесі
Қазіргі электрондық пошта кеңінен қолданылып келе жатыр. Ол, кем дегенде, екі абонентке мәлімет алмасуға мүмкіндік беретін кәдімгі байланыс құралы. Мұнда мәлімет алмасу жүзеге асуы үшін адресі көрсетілген хат жазылып, оны пошта жәшігіне салу керек. Одан хат пошта жәшігіне жетеді. Бұл процесті жылдамдату үшін телефон құлақшасын көтеріп, керекті нөмірді тереміз, егер дұрыс байланыс орнатылса, біздің абонентіміз айтатын сөзімізді естиді. Электрондық поштаның ең елеулі ерекшелігі – оның жылдамдығы. Оның жылдамдығы телефонмен бірдей, бірақ мұнда екі жақтағы абоненттердің бір сәтте болуы қажет емес. Оған қоса мұнда хабарламаның көшірмесі жазбаша жеткізілетіндіктен, оны сақтап қоюға, бірден бірнеше абонентке беруге немесе әрі қарай тағы да басқаларға жеткізуге болады. Осылардың бәрі де жер шарының кез-келген нүктесіне бірнеше минут ішінде міндетті түрде жылдам жеткізілетінін ашып айту керек.
қолданушы агенті — әрбір тұтынушыға мәліметтерді оқуға және жаңасын құрастыруға мүмкіндік береді;
тасымалдау агенті – мәліметтерді бір компьютерден екінші компьютерге жеткізеді;
жеткізу агенті – мәліметтерді оны алушының пошта жәшігіне салып кетеді.
Қолданушы агенті – тұтынушыларға мәліметтерді оқуға және жіберілетін пошталық хабарларды құрастыруға мүмкіндік беретін программалар жиыны.
Тасымалдау агенттері – поштаны қолданушы агенттерден қабылдап алып, оны алушылардың адрестерін анықтап, мәліметтерді әрі қарай тасымалдау мақсатында басқа компьютерлерге жеткізуді қамтамасыз ететін программалар жиыны. Бұлар басқа тасымалдау агенттерінен келіп түскен мәліметтерді де қабылдап алады.
Жеткізу агенттері – поштаны тасымалдау агенттерінен қабылдап алып, оны тиісті пайдаланушыларға жеткізетін программалар тобы. Пошта нақты тұлғаға,таратылу тізімдеріне, файлға, программаға, т.с.с. жеткізілуі мүмкін.