Құрманың адам ағзасына тигізетін пайдалы қасиеттерін азиялықтар ежелден білген. Құрманың 500 ге тарта түрі бар, отаны - Қытай. Мұндай керемет жемісті базар сөрелерінен суық түсе бастағанда кездестіреміз. Себебі, құрма сортына қарай желтоқсан айларында пәсе бастайды. Бізге әсіресе королек деген түрінің шоколад сортымен кавказдық сорты танымал.
Халық медицинасы суық тигенде құрманың шырынын суға араластырып, тамақ шаюға кеңес береді.
57сөз
1. Құрманың қанша түрі бар?
2. Құрманың отаны қай ел?
3. Сортына байланысты құрма қай айда пісе бастайды?
4. Бізне танымал құрма сортының қанша түрі бар?
5. Медицина құрманы қай ауруға қолданады?
Серік пен Берік тату-дос. Олар үйлеріне келсе, Беріктің әкесі баласын тосып отыр екен.
- Кел, балалар, - деді, жұмысқа қамданып. -Күннің ашық кезінде бітіріп тастайық, шешең дәрігерге кетіп еді. Қап, кірпіш әперіп тұратын бір адамның жоғын қарашы! Әзірше өзіміз амалдай тұрайық.
- Кірпіш әперетін кісі бар, әке, - деді Берік, қасындағы баланы нұсқап.
- Мына Серік көмектеседі.
Абдолла ағай Серікке қарады.
- Мен көмектесейін, - деді Серік, өз ниетін білдіріп.
- О, міне азамат! - деп қуанды Абдолла ағай. - Достар осындай болады! Рақмет.
75 сөз
1. Тату-дострдың аттары кім?
2. Достар кімнің үйіне келді?
3. Оларды кім күтіп алды?
4. Беріктің анасы қайда кетті?
5. Серік Берікке қалай көмектесті?
6. Абдолла ағай деген кім?
Әл - Фараби бір күні базарға барса, бір жас жігіт тісімен шеге суырып, әртүрлі өнер көрсетіп отыр екен. Оны көрушілер риза болып, тиын - тебен тастап кетіп жатады. Әбунасыр одан:
- Күніне қанша табасың? - деп сұрайды.
- Екі дирхемге жетер-жетпес қана.
- Онда сен бұл өнерді таста. Маған ер, мен саған оқу үйретемін, күніне төрт дирхем беремін, - деп оны ерітіп алады. Мұны естіген саудагерлер:
- Мына диуана, дәруіштің дені сау ма? Өзі оқытып, әрі оған төрт дирхем төлегені несі? - деп күліпті.
Кейін сол бала үлкен ғалым болыпты деген сөз бар.
86 сөз
1. Әл - Фараби жігіттің қандай өнерін көрді?..
2. Жігіт күніне қанша табады?
3. Әл - Фараби жігітпен қанша дирхемге келіседі?
4. Әл - Фараби жігітке не үйтереді?
5. Кейін сол бала кім болып шығады?