Introducing 

Prezi AI.

Your new presentation assistant.

Refine, enhance, and tailor your content, source relevant images, and edit visuals quicker than ever before.

Loading content…
Transcript

Момбек Әсел

ТФП102K

Масштаб.Форматтар.AutоCad пәрмендері.

07/10/2020

Бұл жерде конструкторлық құжаттар жасауға арналған AutoCAD автоматты жобалау жүйесі сипатталады. Өзінің табиғаты бойынша бұл графикалық редактор пайдаланушыға сұхбаттық режимде қандай да бір конструкторлық міндеттерді, бірден экран мониторынан оның іс-әрекетінің нәтижесін көрсете отырып шешу мүмкіндігін береді. AutoCAD командалары адам қабылдауына оңай, әрі түсінікті, ал онымен сұхбаттасу әртүрлі менюлер (бас, экрандық, құлайтын, контекстік, графикалық), сұхбаттық терезелер, мәтіндік терезелер, инструменттер панельдері көмегімен іске асырылады. AutoCAD жүйесінде сызба даярлау үшін қажет базалық геометриялық объектілердің – кесінділердің, нүктелердің, шеңберлердің, доғалардың, көпбұрыштардың және тағы басқалардың кең ауқымы келтірілген.

Масштаб

Масштаб (нем Maß—өлшеуіш,мөлшер және Stab—таяқ)—сызба, жоспардағы аэрофото түсірудегі немесе картадағы кесінді ұзындығының сол кесіндінің нақты ұзындығына қатынасы. Дерексіз санмен өрнектелген бұл қатынас сандық Масштаб деп аталады.

Жоспар мен карталардың сандық Масштабты бөлшек сан арқылы өрнектеледі, алымы бірге тең болса, бөлімі бейнеленген сызықтың неше есе кішірейтілгенін көрсетеді. Сызбада машиналар мен приборлардың ұсақ бөлшектері, көбінесе үлкейтілген мөлшерде көрсетіледі. Бұл жағдайда сандық Масштаб бірден үлкен санмен өрнектеледі. Жоспар мен картадағы ұзындықты өлшеуде қолданылатын сызықтық Масштаб заттың ұзындығын көрсететін, тең бөліктерге бөлінген, жазуы бар түзу сызықтан құралады.

Масштаб

Формат дегеніміз комьютерлік файлда жазылып,сақталған мәліметтер құрылымы.Компьютерлік графикада мәліметтерді сақтау үшін кемінде 30 шақты формат пайланылады.Бірақ олардың ішінде бірнешеуі ғана көпшілік программада қолданылып стандарт ретінде қалыптасқан.Бейнені сақтау үшін 3 ондық формат қолданылады.WWW жүйесінде стандарттар ретінде негізгі екі формат GIF және JPEG қабылданған.Тағы бір формат PNG мүмкін болатын болашақта қосылатындығы туралы айтуға болады.

Форматтар

AutoСad пәрмендері

Құрылым

Тіктөртбұрыш – екі қарсы жатқан төбелерін көрсету арқылы беріледі. Сызық қалыңдығы ағымдағы полисызықтың қалыңдығына сәйкес келеді.

Сақина – ішкі диаметрі, сыртқы диаметрі және центрі арқылы беріледі.

Көпбұрыш – шеңберге іштей немесе сырттай сызылған дұрыс көпбұрыш болып салынады. Жақтарының саны – 3 тен 1024 –ке дейін.

Блок – басқа примитивтерден құралатын, біртұтас объект болып табылатын құрама примитив.

Өлшемдер – AutoCAD–та сызықтық, радиустық, бұрыштық өлшемдер аттары жоқ арнайы блоктар болып табылады.

Мәтін – пайдаланушы ұсынатын белгілі бір мәтіндік стилімен сипатталатын жазулар.

Бұлардан басқа, бірнеше кеңістіктік примитивтер бар, мысалы, үшөлшемді полисызық, үшөлшемді қыр және т.б.

құрылым

AutoCad–тың графикалық объектілері графикалық примитивтер деп аталатын, типі бойынша алуан түрлі болып келетін элементтерден құралады. AutoCAD примитивтеріне бірқатар қасиет тән: қабатқа тиістілігі, сызық типі, сызық түсі, салмағы және т.б.

AutoCAD графикалық редакторы пайдаланушыға примитвтердің белгілі бір жиынын ұсынады.

Нүкте–әртүрлі графикалық белгілердің көмегімен кескінделетін қарапайым примитив.

Кесінді–екі шеткі нүктесі арқылы берілетін түзу сызықтың бөлігі.

Түзу–Түзуге тиісті екі нүкте арқылы берілетін, шексіз ұзын түзу сызық.

Сәуле–берілген нүктеде басталып, шексіздікке кететін түзу сызық.

Мультисызық (Мсызық) – параллель сызықтар жиынтығы (1-ден 16-ға дейін), олардың әрбіреуінің өз түсіжәне типі болуы мүмкін.

Шеңбер–центрінен бірдей қашықтықта орналасқан барлық нүктелер. Әртүрлі тәсілдермен салынуы мүмкін.

Доға–центрі,радиусы және шеңбер бойындағы екі нүктемен анықталатын шеңбер бөлігі. Әртүрлі тәсілдермен салынуы мүмкін.

Эллипс–үлкен және кіші осьтерін көрсету арқылы салынатын екінші ретті қисық сызық.

Сплайн–берілген нүктелер жиыны арқылы өтетін тегіс қисық сызық.

Click to edit textшлы«AutoCAD» файлдар DWG және DXF кеңейту болып табылады. Файлдар кеңейту DWG сандық суреттер (DWG -drawning) сақтау үшін танымал формат болып табылады. Ол Autodesk пішімін ие, және ол оның өнімдері үшін маңызды болып табылады. басқа өндірушілердің жобалау үшін бағдарламалық қоршаған ортаны, сондай-ақ, осы форматта жұмыс істей аласыз. Егер бағдарлама басқа танымал графикалық және мәтіндік форматтары үшін файлдарды ашу және пайдалануға мүмкіндік береді.DXF-файлдар CAD-қосымшалар арасындағы графика ақпарат алмасуға мүмкіндік береді. Бұл формат, сондай-ақ Autodesk тиесілі, бірақ ең CAD жүйелері арқылы қолдау көрсетіледі.Дәйекті 3D-графиканың тұрақтылық, дәлдігін және өнімділігін жақсартады, Autodesk және басқа да компаниялардың басқа бағдарламалық өнімдермен үйлесімділігін интеллектуалды құралдар түрлі енгізілді.

Autocad бағдарламасындағы құралдар панель мәзірі

Назарларыңызға рахмет!

Learn more about creating dynamic, engaging presentations with Prezi