Introducing 

Prezi AI.

Your new presentation assistant.

Refine, enhance, and tailor your content, source relevant images, and edit visuals quicker than ever before.

Loading…
Transcript

Парадигманың түрлері

Білім беру парадигмасының психологиялық аспектлірелі

Кіріспе

Парадигма - бұл тәрбиешінің әр түрлі іс-әрекеттеріндегі нақты іс-әрекеттерін анықтайтын теориялық және әдістемелік алғышарттардың жиынтығы, оны іс-әрекеттің үлгісі ретінде басшылыққа алатын алғышарттар.

Білім беру саласында жаңа парадигмаларды тұжырымдау белгісіз мәселелерді шешудің жаңа құралы ретінде қарастырылып, қолда бар білімді жетілдіруге қол жеткізуді көздейді.

Қазіргі педагогикада білім берудің төрт жетекші парадигмасы бар: когнитивті, тұлғаға бағытталған, функционалистік, мәдениеттану.

Білім беру барысында мінез-құлық, конструктивистік, когнитивті және тарихи-әлеуметтік ерекшеленетін әр түрлі парадигмалардың түрлері танылады.

Негізгі бөлім

Дәстүрлі парадигма (немесе білімділік)

Дәстүрлі парадигма жағдайында оқыту мен тәрбиенің басты мақсаты – адамға терең, берік жан-жақты академиялық білімдер беру. Білімнің негізгі көзі оқытушы болып табылады. Білім алушы, білімге толтырылу қажет нысан ретінде қарастырылады. Оқытудың тұлғалық аспектілері танымдық қызығушылық пен танымдық қабілеттерді қалыптастырумен шектеледі. Сондықтан, тұлғаның дамуына емес (оны оқу әрекетінің «артық өнімі» ретінде қарастырады), оның ақпараттық қамсыздандырылуына назар аударылады.

Білімділік парадигманың бір түрі ретінде технократиялық немесе (прагматикалық) парадигманы қарастыруға болады. Оның жүйесіндегі оқыту мен тәрбиенің басты мақсаты – адамға өмірі мен кәсіби әрекетінде тәжірибелік тұрғыда қажет болатындай, қазіргі техникамен дұрыс өзара әрекеттесуге мүмкіндік беретін білім беру, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру. Негізгі қағида – оқытудағы политехникалық бағыттылық.

Дәстүрлі парадигма (немесе білімділік)

Дәстүрлі парадигма ерекшеліктеріне тағы төмендегілерді жатқызуға

болады:

  • Білім беру ойлауға негізделген таным ретінде ғана қарастырылады;
  • Оқыту мақсаты ретінде әлеуметтік тапсырысты сипаттайтын білім, іскерлік және дағдылар жүйесі анықталады;
  • Оқу материалы дидактикалық тұрғыда түрлендірілген ғылыми білімдер ретінде қарастырылады;
  • Оқу үрдісінің бүкіл ұйымдастырылуы бағдарлама мен оқулықтарда ғылыми білімнің жағдайын және оны меңгеру жолдарын көрсетіп сипаттауға бағытталған;
  • Тұлғалық даму сипаттамасы есепке алынбайды; оқыту тиімділігінің негізгі көрсеткіштері ретінде білім, іскерлік, дағдылар қарастырылады;
  • негізгі міндет ретінде логикалық ойлау іскерлігін емес, есте сақтауды дамыту деп есептеледі.

Тұлғалық бағдарланған (гуманистік немесе субъект субъектілік) парадигма

Басты мақсат – адам қабілеттерінің, оның тұлғасының дамуына, рухани өсуіне, оның адамгершілік жетілуіне, өзін-өзі іске асыруына және өзін-өзі жетілдіруіне қолдау жасау. Адам көп нәрсені білмеуі мүмкін, бірақ ең маңыздысы, оның өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі жетілдіруге қабілетті, шынайы рухани адамгершілікті адам ретінде қалыптасуы болып табылады; бұл парадигманың орталығында – өзінің артықшылықтары мен кемшіліктері бар адам.

Тұлғалық бағдарланған (гуманистік немесе субъект субъектілік) парадигма

Аталған парадигманың ерекшеліктеріне тағы жатқызуға болады:

- Тұлғалық бағдарлы педагогиканың әдістерінің жүйе құраушы факторы білім алушының ерекше және қайталанбас тұлғасы (яғни оқыту және тәрбие әдістері білім алушылардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сай іріктеледі);

- Түрлі дидактикалық тұжырымдамалардың интеграциясы: дамыта оқыту, проблемалық оқыту, бағдарламаланған оқыту, оқытуды оңтайландыру (оптимизациялау) және т.б.;

- Тәжірибелік бағдарланған жүйелердің жақсы инструменталдық қамсыздандырылуы, олардың анықтылығы мен тұтастығы;

- Педагогтың білім алушыға қатынасы тұлға, өзінің дамуының дербес және шығармашыл субъектісі және сонымен қоса тәрбиелік әсер етудің субъектісі ретінде қалыптасқан;

- Оқытушы мен студенттің субъект-субъектілік қатынастары;

- Оқытушы мен студент арасындағы тікелей өзара әрекеттесу форма, әдіс-тәсілдер мен құралдар арқылы материалды меңгеруге бағытталған;

- Әрбір білім алушыда дамуының өзіндік векторы, өз даму траекториясы бар, ол білім алушыдан оқытушыға қарай құрылады.

Функционалистік парадигма, ол келесі ерекшеліктерімен сипатталады:

- Білім беру әлеуметтік-мәдени технология ретінде қабылданады; білім беру қоғамға қажетті кадрларды дайындау қажет;

- Тұлға өзінің мойнына қоғамның кейбір функцияларын алу қажет; тұлғаны еңбек нарығына бейімдеп дайындау;

- Білімді алу, оларды шығармашылық тұрғыда пайдалану және жаңа білімді жасау іскерлігімен байланысты белгілі бір құзырлықтарды қалыптастыру;

- Нақты кәсіби бағыттылық – тұлғаны еңбекке дайындау.

Функционалистік парадигма

Мәдениеттанушылық парадигма:

- Білім берудің нысаны мен мақсаты – мәдениет адамы;

- Адам мәдениет, өз өмірі мен жеке дамудың субъектісі ретінде;

- Білім беру мәдени дамытушы орта ретінде;

- Мәдени-білім беру кеңістігіндегі адамның өмір сүру мен өзін-өзі дамытудың тәсілдері ретіндегі шығармашылық пен диалог;

- Білім беру құрылымдарында қоғамның қазіргі жағдайынан озып отырған мәдіни үлгілер мен өмір сүру нормаларын қайта құру, оның қажетті жағдайы – білім берудің мәдениетке интеграциялануы;

- Идеологиядан мәдениетке, оның ішінде педагогикалық мәдениетке көшу;

- Білім беру мәдениеттің рухани және материалдық құндылықтарын меңгеру барысында қалыптасатын адамның рухани бейнесі ретінде қарастырылады;

- Білім мазмұнын ізгілендіру, оқыту мен тәрбиенің гуманистік технологияларын іске асыру;

- Педагогқа оқушы мен мәдениет арасындағы делдал ретінде қатынастың қалыптасуы;

- Мектепке тұтас мәдени-білім беру кеңістігі ретінде қатынастың қалыптасуы, ондай мектепте өмір сүру үлгілері қайта құрылады және мәдениет адамының тәрбиесі жүзеге асады.

Мәдениеттанушылық парадигма

Бихевиористік (құлық) парадигмасы

Бихевиористік (құлық) парадигма негізінде психологиялық бағдарлану жатыр. Бихевиоризм – мінез-құлықты адамның сыртқы ортаның әсеріне реакциясы ретінде қарастыратын мінез-құлықтың психологиялық теориясы. Мұнда ішкі көңіл-күйге емес, сыртқы стимулға көбірек назар аударылады.

Бұл үлгіде мектеп балалардың мінез-құлқын қалыптастыру мақсатында білім игеру жолы ретінде қарастырылады.

Білім берудегі бихевиористік парадигма ақпаратты нығайтатын әр түрлі құрылымдар арқылы студенттерге білім беруге ұмтылады. Яғни, оқу үдерісі студенттің оқуға деген оң жауабын алу үшін түрлі ынталандырулар мен күшейтулермен бірге жүреді.

Сондықтан, бұл парадигма мұғалім оқыту және оқу процесі арқылы өзгертілмеуі керек болатын жоспарлау мен мінез-құлық бағдарламаларын жасайды деген ойдан басталады.

Мінез-құлық парадигмасы

Қазіргі постиндустриалды қоғамда білім парадигмасын өзгерту қажетгі туындап отыр: білім мазмұнын жаңарту, басқаша тұғырлардың болуы, өзгеше қарым-қатынас, құқық, педагогикалық менталитет. «Парадигма» латын тілінен аударғанда «үлгі» деген мағына береді. Ал қазіргі педагогикада ол білім берудің концептуапдық моделі ретінде қолданылып келеді. Білім беру парадигмаларының көптеген түрлері бар. Бүгінгі таңдағы байқалған педагогикалық ғылымда тұгырдың өзгеруі, ең әуелі, педагогикалық зерттеуде ғылымнан тәжірибеге көшу кезеңдеріне жатады.

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Г.К. Ахметова, З.А. Исаева Педагогика для магистратуры университетов – Алматы: Қазақ университеті, 2006

2.Әлқожаева Н. С. Қазіргі кездегі білім беру парадигмалары контексінде тұлғаның рухани дүниесін қалыптастырудың ғылымипедагогикалық негіздері. - Алматы: Қазақ университеті, 2 012.

Пайдаланылған әдебиеттер

3. Шолпанқұлова Г.К., Калкеева К.Р. Ш78 Жоғары мектеп педагогикасы. Оқу құралы. – Нұр-Сұлтан: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2021.

Шындық немесе өтірік ойыны

Сұрақ-жауап

Тұлғалық бағдарланған парадигманың жүйесіндегі оқыту мен тәрбиенің басты мақсаты – адамға өмірі мен кәсіби әрекетінде тәжірибелік тұрғыда қажет болатындай, қазіргі техникамен дұрыс өзара әрекеттесуге мүмкіндік беретін білім беру, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру.

?

Шындық не жалған?

Title

Білімділік парадигманың бір түрі ретінде технократиялық немесе (прагматикалық) парадигманы қарастыруға болады.

!

Шындық не жалған?

Title

Дәстүрлі парадигма ерекшелігі: білім беру ойлауға негізделген таным ретінде ғана қарастырылады.

?

Шындық не жалған?

Title

Функционалистік парадигма - мінез-құлықты адамның сыртқы ортаның әсеріне реакциясы ретінде қарастыратын мінез-құлықтың психологиялық теориясы. Мұнда ішкі көңіл-күйге емес, сыртқы стимулға көбірек назар аударылады.

!

Шындық не жалған?

Title

Бихевиоризм – мінез-құлықты адамның сыртқы ортаның әсеріне реакциясы ретінде қарастыратын мінез-құлықтың психологиялық теориясы. Мұнда ішкі көңіл-күйге емес, сыртқы стимулға көбірек назар аударылады.

Мәдениеттанушылық парадигманың басты мақсаты – адам қабілеттерінің, оның тұлғасының дамуына, рухани өсуіне, оның адамгершілік жетілуіне, өзін-өзі іске асыруына және өзін-өзі жетілдіруіне қолдау жасау.

?

Шындық не жалған?

Title

Тұлғалық бағдарланған (гуманистік немесе субъект субъектілік) парадигма

Басты мақсат – адам қабілеттерінің, оның тұлғасының дамуына, рухани өсуіне, оның адамгершілік жетілуіне, өзін-өзі іске асыруына және өзін-өзі жетілдіруіне қолдау жасау.

Тұлғалық бағдарланған (гуманистік немесе субъект субъектілік) парадигма

Басты мақсат – адам қабілеттерінің, оның тұлғасының дамуына, рухани өсуіне, оның адамгершілік жетілуіне, өзін-өзі іске асыруына және өзін-өзі жетілдіруіне қолдау жасау.

Прагматикалық парадигманың негізгі қағидасы – оқытудағы политехникалық бағыттылық.

!

Шындық не жалған?

Title

Прагматикалық парадигма студентті "артықшылықтары мен кемшіліктері бар адам" ретінде қарастырады.

?

Шындық не жалған?

Title

Тұлғалық парадигма студентті "артықшылықтары мен кемшіліктері бар адам" ретінде қарастырады.

Білім берудегі мәдениеттанушылық парадигмасында оқу үдерісі студенттің оқуға деген оң жауабын алу үшін түрлі ынталандырулар мен күшейтулер бірге жүреді.

!

Шындық не жалған?

Title

Бихевиористік (құлық) парадигмасында оқу үдерісі студенттің оқуға деген оң жауабын алу үшін түрлі ынталандырулар мен күшейтулер бірге жүреді.

Learn more about creating dynamic, engaging presentations with Prezi