Loading…
Transcript

Желілік этикет

Task 4

Mengeriletin bilim:

  • желілік этикет
  • желілік этикет ережелері
  • флейм, флуд ұғымдары

Task 1

  • 9.4.2.1 желідегі этикалық және құқықтық нормаларын бұзу салдары туралы айту

Task 2

Task 3

Этикет (франц. etiquette) – белгілі бір ортада қабылданған

мінез-құлық ережелерінің жиынтығы, өзін-өзі ұстау ережелері мен

нормалары.

Желілік этикет – бұл адамдардың Интернеттегі қарым қатынасы мен Интернет қоғамдастығының қарапайым ережелері,

дәстүрлері мен мәдениетін білдіреді.

Task 5

  • Флейм (flames) – әңгімеге қатысушылардың жазғандарының мән-мағынасына қарамай әртүрлі көңіл-күйді көрсететін смайлдар жіберу. Бұны әдетте желіні пайдаланушылардың реакциясын туғызу үшін қолданады.

  • Флуд – мағынасы жоқ хабарлар ағыны. Әдетте флудты желіде айтар сөзі жоқ, бірақ көпшіліктің назарын өзіне ау даруды жақсы көретін желі мүшелері пайдаланады.

Task 6

Желілік этикет ережелері:

  • Желіде адаммен сөйлесіп отырғаныңды ұмытпа.
  • Желіде нақты өмірдегідей мінез-құлық ережелерін ұстан
  • Киберкеңістікте (виртуалды әлемде) жұмыс жасап жатқаныңды естен шығарма.
  • Өзгелердің уақыты мен мүмкіндігін құрметте.
  • Желіде жұмыс жасағанда үнемі адами бетбейнеңді сақта.
  • Көмектесу мүмкіндігі болған жағдайда басқалардан көмек қолыңды аяма.
  • Желіде ешкіммен ұрсыспа, дөрекілік көрсетпе.
  • Адамның жеке өміріне қол сұқпа. Жеке хаттар мен жазбалар құқығын сыйла.
  • Желі қызметін теріс пиғылда пайдаланба.
  • Желідегілерді құрметте, әдеп нормасын үнемі назарда ұста.

Task 7

Тапсырма 1:

Желілік этикет ережелерін толықтырыңыз

Task 8

Тапсырма 2:

желілік этикетке байланысты ҚР заңдарын іздеп көр

Task 9

Qorytyndy suraqtar:

Желіде жұмыс жасағанда қандай ережелерді ұстанасың?

Этикет, желілілік этикет ұғымдарын қалай түсіндің?

Авторлық құқық, плагиат дегеніміз не?