Өнімнің сапасын басқару және ұйымдастыру
Нарықтық жағдайда көптеген кәсіпорындар, өз өнімінің бәсеке қабілеттілігін жоғарылату үшін сапа менеджментінің қажеттілігін түсінді.
Өнім сапасы – бұл шартты немесе болжамған қажеттілікті қанағаттандыра алатын, өнімнің сипаты мен қасиеттер жиынтығы.
Халықаралық стандартқа (ИСО 8402) сәйкес сапа - шартты немесе болжанған қажеттілікті қанағаттандыратын объектінің (қызмет немесе процесс, өнім, қызмет көрсету және т.б.) сипаттар жиынтығы ретінде анықталады.
Қазіргі уақытта көптеген дамыған мемлекеттерде, өнім сапасы келесі негізгі факторлардың ықпалымен құрылады:
1. Ғылыми-техникалық прогрестің соңғы жетістіктеріне өнеркәсіптік кәсіпорындардың жедел бейімделе алуы;
2. Халықаралық және ішкі нарықтардың талаптарын, әртүрлі категориядағы тұтынушылардың қажеттіліктерін мұқият зерттеу;
3. «Адами факторды» қарқынды қолдану, яғни оқыту (жұмысшылар мен жетекшілерді), тәртібиелеу, мамандығын жүйелік жоғарылату, моральды және материалды сипаттағы ынталандыру арқылы оның шығармашылық әлеуетін қолдану.
Сапа аясындағы саясат – бұл сапа аясындағы ұйымның мақсаттары мен негізгі бағыттары, ол сапа жүйесі түрінде жоғарғы жетекшілермен ресми қабылданған және құжатта бекітілген.
Сапа аясындағы саясат кәсіпорынның қызмет принципі немесе ұзақ мерзімді мақсат ретінде құрылуы мүмкін. Оған кіретіндер:
Өнім сапасына қойылатын талаптар өнім өндіруші мен тұтынушы үшін қажетті маңызды көрсеткіштермен анықталады:
1. Сапа мен өндіріс тиімділігі арасында тікелей байланыс бар, олар бір-бірін толықтырады.
2. Сапа шығындардың төмендеуінің, ішкі және халықаралық нарықтағы бәсекелестік жағдайында тірі қалуының негізі болып табылады.
3. Тұтынушы көзқарасы бойынша, өнім сапасы – олардың қажеттілігін қанағатандыратын деңгей.
Қазіргі заман тұтынушысы, өнім сапасына деген талаптарды үнемі жоғарылатып отырады, сондықтан ол:
- тауардың сапасына мән беріп, оның бағасы екінші орында қалады;
- әрбір ақау бойынша кемшіліктерді көрсетеді;
- сапаның үнемі жақсаруын талап етеді;
- өндірушіден, бастапқы технологиялық процесте барысында өнім сапасын қадағалауды талап етеді;
- қажетті сапамен қамтамасыз етілген жағдайда өндірушіден тауарды еркін сатып алады;- егер сапасы жоғары болса, онда тұрақты осы өнімді тұтынады.
Стандартизациялау және бірыңғайлау көрсеткіші – бұл өнімді стандарттармен, біріңғай және түпнұсқаулық құрама бөліктермен қамтамасыз ету. Өнімінің барлық бөлшектері стандартты, бірыңғай және түпнұсқаулық деп бөлінеді.
· Эргономикалық көрсеткіштер адам мен өнімнің өзара әрекеттестігін, өнімді қолдану кезіңде пайда болатын адамның гигиеналық, физиологиялық және психологиялық қасиеттерімен сәйкестігін көрсетеді. Мысалы, мұндай көрсеткіштерге келесілерді жатқызуға болады: тракторды басқаруға қажетті күш-жігер; тоңазтқыш есігінің тұтқасының орналасуы; жарықтық, температура, дымқылдық, шаңдығы, шуыл, дірілдеу, сәулелену, иісті газ концентрациясы және т.б.
· Эстетикалық көрсеткіштері өнімнің ақпараттық айқындығын, оңтайлы нысаны, компазицияның тұтастылығы, орындау ерекшелігі және тауар түрінің тұрақтылығы.
· Транспортталу көрсеткіші тасымалдау үшін өнімнің сәйкестігін көрсетеді.
· Патентті-құқықтық көрсеткіштер бәсекеге қабілеттілікті анықтау кезіңде маңызды фактор болып табылатын өнімінің патенттік тазалығын және патенттік қорғануды сипаттайды. Патентті-құқықтық көрсеткіштерді анықтау кезіңде өнімдерде жаңа техникалық шешімдердің болуын ескеру қажет.
· Экологиялық көрсеткіштер – бұл өнімді дайындау немесе эксплутациялау кезіңде пайда болатын қоршаған ортаға зиянды ықпал ету деңгейі. Мысалы, зиянды қоспалардың болуы, газдар мен зиянды бөлшектердің шығарылу мүмкіндігі, өнімді сақтау, тасымалдау және қолдану кезінде сәулеленуі.
· Қауіпсіздік көрсеткіштері өнімді тұтыну, тасымалдау, сақтау, жөндеу, қызмет ету, монтаждау кезінде қызмет ететін персонал мен тұтынушылар үшін қауіпсіздік көзқарасы жағынан өнімді қолдану көрсеткішін сипаттайды.
Сапа жүйесі – жалпы сапаны басқару үшін қажетті ұйымдастырушылық құрылым, әдістер, ресурстар мен процестер жиынтығы.
Стандартизациялау бойынша халықаралық ұйымның техникалық комитеті, сапа жүйесіне кіруі үшін қажетті сапа жүйесінің талаптары бар және оның элементтерінен тұратын, 9000 сериялы стандарттарды даярлады.
Сапа жүйесінің маңызды элементі өнімнің өмірлік циклы болып табылады. Сапа жүйесі кәсіпорынның нақты қызметіне ескере отырып дайындалады, бірақ сонда да, өнімнің өмірлік циклының барлық кезеңдерін қамтуы тиіс:
1) маркетинг, нарықты зерттеу және іздеу;
2) өнімді дайындау, техникалық талаптарды дайындау және жобалау;
3) материалды-техникалық қамту;
4) өндірістік процестерді дайындау және өңдеу;
5) өндіріс;
6) байқау және тексеру жүргізу, бақылау;
7) орамалаужәне сақтау;
8) өнімді бөлу мен өткізу;
9) жөндеу және қолдану;
10) техникалық қамту және қызмет көрсету;
11) бұйымды қолданғаннан кейін жою.
Өнім сапасының сандық мәніндегі көрсеткіштері келесі әдістермен анықталады:
· экперименталды, өнім сапасын объективті бағалауға мүмкіндік беретін техникалық құралдарды қолдануға бағытталған;
· органолептикалық, баллдық жүйе бойынша сезім органдары көмегімен өнім сапасын анықтауға мүмкіндік береді;
· әлеуметтік, өнім тұтынушысынан алынған мәліметтер есебі мен талдауды қолдануға негізделеді;
· Эксперттік бағалау, берілген өнім түрлерін мамандармен сандық бағалауға негізделеді. Сапа деңгейі инновациялық үрдістің барлық кезеңдерінде бағаланады.
Өнім сапасы кәсіпорынның барлық құрылымдық бөлімшелерінің, қызметтерінің және бөлімдерінің біріккен қызметі арқасында қамтамасыз етіледі. Осыған орай, олардың жұмысының сапасын бағалау қажеттілігі туындайды. Сондықтан, бөлімшелер, қызметтер және бөлімдердің орындайтын жұмысының сипаты алуан түрлі болғандықтан, олардың әр қайсысы үшін белгілі бір сапа көрсеткіштер жиынтығын қолдануға болады. Мұндай көрсеткіштер тізімін төменде көрсетейік.
Тұтынушылардың өнім сапасына қоятын талаптарының үнемі өсуіне байланысты, кәсіпорындар келесідей негізгі жағдайларды орындауы қажет:
1. Бөлімшелердің өндірістік құрылымы
· түзетулер мен ақаулар көлемі;
· жұмыс нарядтарындағы қателіктер;
· ақаулықтары бар өнім пайыздары;
· дайын өнімінің бастапқы өндіру көлемі.
Стандарттау – бұл төмендегілерді қамтамасыз ету мақсатында сипаттар, ережелер және нормалар қою бойынша қызмет:
2. Қаржылық бөлім және бухгалтерия
· мерзімі өтіп кеткен төлемдер;
· қате бухгалтерлік жазбалар;
· ақпаратты алуға берілген тапсырыстарды қанағатандыру уақыты;
· шоттарды дайындау мен есептеудегі қателіктер.
Қазақстан территориясында қолданылатын стандарттар бойынша нормативті құжаттар тізімі мен жалпы талаптар Қазақстан Республикасының «Стандарттау туралы» Заңында бекітілген. Оларға жататындар:
Сертификациялау — бұл, процесс немесе қызметтін берілген талаптарға сай екенін анықтайтын, үшінші жақтың жазбаша берген кепілі.
Өнімді сертификациялау – бұл өнімнің берілген талаптарға сай екенін растау бойынша қызмет.
Сапа көрсеткіштері, оларды бағалау әдістері
Кәсіпорындардың, кәсіпкерлердің бір-бірімен және мемлекеттік басқару органдарымен өзара әректінің әдістері мен нысандары мемлекеттік стандарттау жүйесінің стандарттарымен бекітіледі.
Қазақстан Республикасының мемлекттік стандарттар жүйесінің (ҚР МСЖ) негізін қалаушы стандарттар кешені кіреді:
Өнім сапасы оның қасиеттерін анықтайтын сандық өлшеуіштері негізде бағаланады. Қазіргі заман ғылымы сапа көрсеткіштерін беретін, өнім қасиеттерінің сандық бағалау жүйесін ойлап тапты. Өнім көрсеткіштері келесідей топтастырылады:
· Бағыттылық көрсеткіші тағайындау бойынша өнімді қолданудың пайлалы нәтижесін сипаттайды және өнімді қолдану облысын ерекшелейді. Өндірістік-техникалық тағайындау өнімі үшін өнімділік көрсеткіші негіз болуы мүмкін, ол бағаланатын өнім көмегімен шығарылу мүмкін өнім көлемі қандай немесе белгілі бір уақыт аралығында мүмкін көрсетілетін өндірістік қызмет көлемі қандай екенін көрсетеді.
· Сенімділік көрсеткіші – өнімнің тоқтаусыздығы, жөндеуге жарамдылығы, сақталушылығы, және де ұзақ қолданылуы. Бағаланатын өнім ерекшелігіне байланысты сенімділік көрсеткіштері үшін аталған төрт көрсеткішті немесе кейбіреуін қолдануға болады.
· Технологиялық көрсеткіш – өнімді дайындау және жөндеу кезінде жоғары еңбек өнімділігін қамтамасыз ету үшін тиімді конструкторлы-технологиялық шешімдерін сипаттайды. Әрине, тек технология көмегімен өнімді массалық шығару, материалдық шығындарын оңтайлы бөлу, өндірісті технологиялық дайындау кезінде уақыт және еңбек құралдары, өнімді дайындау және қолдану қамтамасыз етіледі.