Loading…
Transcript

Бит (Anoplura) — адамның және сүтқоректілердің қанын сорып тіршілік ететін ұсақ жәндіктер отряды. Қылтанақты түтікшенің ішінде орналасқан ауыз мүшесі шаншып-соруға бейімделіп тұмсықшаға айналған. Қылтанақтарының жәрдемімен, тұмсықша жабын қабықты тесіп, теріге енеді. Басы мен көкірегі кішкене, құрсақ бөлімі жалпақтау. Көкірегінде үш жұп келте аяқтары бар, олардың ұшында матаға немесе шашқа жабысуға бейімделген имек тырнақтары жақсы жетілген. Биттің жануарлардың түгіне немесе адамның киіміне, шашына жабысқан жұмыртқасынан (сіркесінен) дернәсіл шығып, ол 3 рет түлеп, ересек Битке айналады.

Бас биті (Pediculus capitis) қанатсыз жәндік, адам ағзасының паразиті ретінде өмір сүретін, және-де тек бас терісінде мекендейтін, әсіресе ең қолайлы деп есептелетін самай, құлақ пен желке маңайында, сонымен қатар қаста, иекте, яғни мұрт пен сақалда да мекендеуі мүмкін.

Бас битінің аяқтары шашта тырмысып шығуға және жорғалауға өте бейімделген. Оның өте мықты денесі 1 кг дейін салмақты көтере алады. Өзінің өткір тұмсығы арқылы, соны күніне 2-3 рет қолдану арқылы, күн сайын бас терісінен біршама миллиграмм адамның қанын сорады. Қан сорған бит өзінің түсін, сұр түстен қызыл күрең немесе қызғылыт түске дейін өзгертеді.

Биттердің түрлері

Биттің 300-ге жуық түрі белгілі. Олар 3 тұқымдасқа бөлінген: 1) гематопид тұқымдасына (Hacmatopііdae) жылқы, сиыр, қоян, бұғы, шошқа, т.б. жануарлар биті жатады; 2) тікенекті Биттер суда тіршілік ететін омыртқалы жануарларда кездеседі, мысалы, итбалық Биті; 3) педикулиттер тұқымдасына жататын Биттер, тек адамдар мен маймылдарда масылдық тіршілік етеді. Адамда Б-тің 3 түрі кездеседі: бас биті (Pedіculus capіtіs), киім биті (P. vestіmentі) және шап биті (Phthіrus pubіs). Сүтқоректі жануарлардың Биттері адамға ауыспайды және олар әр түрлі жануарлардың өзіне ғана тән болады. Бит денені қышытып мазасыздандыруымен қатар, аса қауіпті жұқпалы аурулардың (бөртпе, сүзек,оба, туляремия) қоздырғыштарын таратады. Биттеуді (педикулез) болдырмау үшін тазалық сақтау қажет.

Биттер отряды

Назарларыңызға рақмет!!