Introducing 

Prezi AI.

Your new presentation assistant.

Refine, enhance, and tailor your content, source relevant images, and edit visuals quicker than ever before.

Loading…
Transcript

✳✱*

Қатынау (доступ) операторы

Қатынау операторы – белгілі бір объектілердің құрама бөлшектеріне жеңіл, әрі тез қол жеткізуге мүмкіндік береді. Оператор келесі түрде анықталады: with объект do іс-әрекет;

Құрама оператор

Құрама оператор – begin және end операторларының арасында орналасқан, бір бірімен нүктелі үтір арқылы ажыратылған операторлар тобы.

Шартсыз көшу операторы.

Шартсыз көшу операторы. Шартсыз көшу операторы – программының ағымдағы орындалу жолынан басқа жолға ешбір іс-әрекетті орындамай көшіру үшін керек. Көшу белгілер көмегімен жүзеге асады. Белгі – программадағы белгілі бір оператордың алдында орналасқан, қос нүктемен ажыратылған идентификатор немесе таңбасыз 0 мен 9999 аралығындағы бүтін сан. Шартсыз көшу операторы: goto белгі;

Таңдау операторы.

Delphi

Таңдау операторы бірнеше әрекеттің ішінен таңдауға

мүмкіндік береді. Таңдау операторының құрылымы:

Case <өрнек> of

<таңдау тізімі> [else <оператор>]

end;

Деректер массивін, деректер тізімін түрлендіру үшін

Delphi- де екі компонент қолданылады: ListBox және

ComboBox.

ListBox компоненті

Бұл компонент арқылы деректер тізімі толтырылады және

тізімнен элемент (пункт) таңдауға болады. Егер тізім терезеге

симаса, автоматты түрде айналдыру жолағы шығады. Тізімге

элементті 2 түрде енгізуге болады:

1. Тікелей енгізу

Ол үшін ListBox компонентін ерекшелеп, Объект

инспекторындағы Items қасиетінің оң жағындағы үш нүктелі

батырманы шерту керек.

2. Программалық жолмен енгізу

Ол үшін компоненттің Add (қосу) әдісі қолданылады.

Шартты оператор.

Object Pascal программалау тіліндегі шартты оператордың

жазылу форматы Турбо Паскальдағы шартты командаға ұқсас.

Оның форматы:

If <шарт> Then <1-оператор> Else<2-оператор>

Мысалы: If (x>=0) and (x<5) then y:=x*x else y:=1/x;

Delphi операторлары

Қайталану операторы

Object Pascal тілінде қайталанатын программа фрагментін 3

оператордың көмегімен жүзеге асыруға болады.

1. Параметрлі цикл. Оның құрылымы:

For <қайталау параметрі>:=<бастапқы мән> To <соңғы

мән> Do

<оператор>;

144

2. Әзір циклі. Оның құрылымы:

While <шарт> do

<оператор>;

3. Дейін циклі. Оның құрылымы:

Repeat

<цикл денесі>

Until <шарт>;

Меншіктеу операторы

Бұл оператор Delphi тіліндегі программада өте жиі пайдаланылады және «:=» таңбасы арқылы жазылады. Айтылған оператор сол жақтағы айнымалыға оң жақтағы айнымалының мәнін меншіктейді. Мысалы А := 10;

Learn more about creating dynamic, engaging presentations with Prezi