Introducing
Your new presentation assistant.
Refine, enhance, and tailor your content, source relevant images, and edit visuals quicker than ever before.
Trending searches
Құқық
Некеге тұрған азаматтардың құқықтары
Айрықша
құқық
біріншісі – құқықтың обьективтік түсінігі, қоғамның обьективтік дамуына сәйкес жаңа қатынастардың қалыптасуы;
Жерді пайдалану құқығы
екіншісі – құқықтың субьективтік түсінігі обьективтік қалыптасқан қатынастарды реттейтін, басқаратын нормативтік актілерді уақытында қабылдап бекіту.
Айрықша құқық (ағылш. exclusive right; prerogative) - Автордың немесе сабақтас құқықтар иеленушінің туындыны, орындаушылықты, қойылымды, фонограмманы, эфирлік немесе кәбілдік хабар тарату ұйымдарының хабарын заңмен белгіленген мерзім ішінде өз қалауы бойынша кез келген әдіспен пайдалану жөніндегі мүліктік құқығы.
Өмір сүру құқығы
Некеге тұрған азаматтардың құқықтары (ағылш. rights of getting married couple) - Неке және отбасы, ана, әке, бала мемлекеттің қорғауында болады.
Некеге тұруы кезінде және отбасылық ұлттық тіл және діни белгілері бойынша азаматтардың құқықтарын шектеудің кез келген нысандарына тыйым салу.
Азаматтардың неке-отбасы қатынастардағы құқықтары заң негізінде және отбасы мүшелері мен өзге азаматтардың денсаулығын, адамгершілігін, құқықтарын заңды мүдделерін қорғау мақсатында қаншалықты қажет болса, сондай шамада ғана шектелуі мүмкін.
Жерді пайдалану құқығы (ағылш. land right) - тұлғаның мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін өтеулі және (немесе) өтеусіз негізде шектеусіз мерзімге (тұрақты жер пайдалану) немесе белгілі бір мерзім ішінде (уақытша жер пайдалану) иелену және пайдалану құқығы.
Өмір сүру құқығы (ағылш. right for life) - халықаралық құқық пен көптеген демократиялық елдердің конституциясымен қорғалатын адамның жеке негізгі құқықтарының бірі. Өмір сүру құқығының мазмұны көп қырлы және әр түрлі елдерде (елім жазасының түрліше режимдері сақталуы себепті) өзара айырмашылығы болады. Қазіргі заманғы конституциялардың бірқатарында, өмір сүру құқығы, заңмен өлім жазасы тағайындалуы мүмкін қылмыс шеңберін белгілеу, сондай-ақ өлім жазасы түрінде жазалау қолданылмайтын адамдар тобын көрсету арқылы нақтыланады.
Қолайлы қоршаган
ортаға құқық
Мемлекеттік меншік
құқығы
Қолайлы қоршаган ортаға құқық - экологиялық құқық тобына жататын, адамның негізгі конституциялық құқықтарының біреуі. Бұл құқық ен жас «ұрпақ буынына» қатысты болып саналады. Ол басқа экологиялық құқықтармен: коршаған ортаның жағдайы туралы шынайы ақпарат алу құқығы және экологиялық құқық бұзушылықпен адамның денсаулығы және мүлкіне келтірілген залалды өтеу құқығымен бекітіліп, толықтырылады.
Құқық (ағылш. 1. law (наука); 2. right) – мемлекет орнатқан және оның күшімен қорғалатын, жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін тәртіп ережелерінің ( нормалардың ) жиынтығы. Құқықтың түсініктері бірнеше, бірақ мазмұндары біреу-ақ. Құқық мазмұнының негізгі элементтері: - қоғамның және адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, орындау; - қарым-қатынастарды реттеп, басқару; - қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдениеттік т.б. бағытын дамытып, нығайту; - мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құзіретін, ара-қатынасын реттеп басқару. Құқықтың екі түрлі түсінігі болады:
Азаматтардың азаматтық қорғаныс жөніндегі құқықтары мен міндеттері
Мемлекеттік меншік құқығы (ағылш. right of state ownership) - Мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдық меншік түрінде көрінеді.
Республикалық меншік мемлекеттік қазынадан және заңнамалық актілерге сәйкес мемлекеттік республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұрады.
Коммуналдық меншік жергілікті қазынадан және заң құжаттарына сәйкес коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұрады.
Жеке бастың құпиясын сақтау құқығы
Азаматтардың азаматтық қорғаныс жөніндегі құқықтары мен міндеттері (ағылш. rights and duties of individuals for civil defence) - Қазақстан Республикасының азаматтары, республика аумағында тұратын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар: осы заманғы зақымдау құралдарын қолданудың табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарынан өзінің өмірі мен денсаулығын қорғауға құқылы; азаматтық қорғаныс міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан жағдайда қаза тапқандардың отбасыларына Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес материалдық және өзге де төлемдер төленеді; сондай-ақ азаматтар: Азаматтық қорғаныс шараларын орындауға қатысуға, сондай-ақ азаматтық қорғаныс бойынша оқудан өтуге; «Баршаңыздың назарыңызға!» деген дабыл беру бойынша іс-қимыл жасаудың тәртібін, ұжымдық және жеке қорғану құралдарын пайдаланудың ережесін, корғанудың негізгі әдістері мен зардап шеккендерге алғашкы медициналық көмек керсету тәсілдерін білуге және орындауға міндетті.[
Жеке бастың құпиясын сақтау құқығы (ағылш. right for private life secrecy) - Азаматтың жеке бас құпиясын, оның ішінде хат алысу, телефон арқылы сөйлесу, күнделіктер, естеліктер, жазбалар, ішкі жан сыры, бала асырап алу, туу құпиясын, дәрігерлік, адвокаттық құпияны, банктік салымдар құпиясын сақтауға құқығы.
Жеке бас құпиясы заң құжаттарында белгіленген реттерде ғана ашылуы мүмкін.
Күнделіктерді, жазбаларды, естеліктерді және баска құжаттарды жариялауға - олардын авторының келісімімен, ал хаттарды олардың авторы мен алысушысының келісімімен ғана жариялауға жол беріледі. Олардын қайсыбірі қайтыс болған жағдайда аталған құжаттар қайтыс болған адамнын артында қалған жұбайының және балаларының келісімімен жариялануы мүмкін
Құқықтық мемлекет
Құқық ұғымының мəні
Құқықтық мемлекет – адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының толығымен қамтамасыз етілуі үшін жағдай жасайтын, сонымен қатар заңның үстемдігін жоғары қоятын, құқық арқылы мемлекеттік билікте асыра пайдаланушылықты болдырмау мақсатын алдына қоятын саяси биліктің ұйымы болып табылады.
Құқықтық мемлекеттің түпкілікті идеясы деспотизмді, тиранияны, бассыздықты болдырмауды меңзейді. Құқықтық мемлекеттің мынадай белілері бар:
1. Адамның құқықтары мен бостандықтарының толығымен қамтамасыз етілуі жəне қорғалуы
2. заңның үстемділігі
3. биліктің бөлінуі
4. мемлекет пен тұлғаның өзара жауаптылығының болуы
5. саяси плюрализмнің болуы
6. азаматтық қоғамның болуы
Құқық – бұл мемлекет белгілеген, қамтамасыз ететін, кепіл болатын жəне қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған жалпыға міндетті, формальді анықталған құқық нормаларының жүйесі.
Құқықтың мынадай белгілері бар:
Құқықтың құндылығы – бұл бүкіл қоғамның, азаматтардың əлеуметтік əділетті, прогрессивті сұраныстары мен мүдделерін қанағаттанадыру мақсатындағы жəне құралы ретіндегі құқықтың бейімділігі.
Құқықтың мəні – мəдениеттендіру жағдайында қоғамдық қатынастарды реттеу, яғни нормативті негізде демократия, экономикалық бостандық, жеке адамның бостандығы жүзеге асырылатын тұрақты ұйымдасқан қоғамға жету.
Құқықтың түсінігі
Құқықтың заңды мағынасындағы мəнімен қатар (объективті, субъективті) табиғи құқықтар да бар, ол өмір сүруге құқық, бостандыққа құқық сияқты құқытарды қамтиды. Табиғи құқықтарға жататын құқықтар қандай – да бір құжаттарда бекілітілгеніне немесе бекітілмегеніне байланыссыз өмір сүре береді, жəне де олар заттардың, өмірдің өзінен тікелей туындайды.
Құқық қағидасы – бұл құқықты арнайы əлеуметтік реттеуші ретіндегі мəнін білдіретін негізгі, алғашқы бастаулар, жағдайлар, ережелер, идеялар. [4]. Таралу аясына байланысты жалпы құқықтық, сала аралық жəне салалық қағидалар болып бөлінеді.
Құқық дегеніміз — мемлекет арқылы камтамасыз етілетін, əділеттілік туралы адамдардың көзқарастарынан көрініс табатын, жалпыға бірдей міндетті нормалардың жиынтығы.
Құқық – мемлекеттің қуатты құралы. Құқық ұғымы туралы заңгер ғалымдар түрлі пікірлер қалдырған. Сонау Рим заңгерлері, орта ғасырдағы заңгерлер түрлі пікірлер қалдырған болса, қазіргі замандағы ғалымдар осы құқықтың мəн – мағынасын ашып, зерделеу үстінде. Рим заңгерлерінің бірі Цельс: “құқық дегеніміз шындық пен қайырылымдылықтың өнері(jus est ars boni et aequi)”,- деп пайымдаған болса, Ульпиан: «құқық зерттеуші адам алдымен jus сөзінің қайдан шыққандығын білуі тиіс, құқық ұғымы (Otjustitia) осыдан сөзден бастау алады (мағынасы: шындық, əділдік)...»,-деген екен. Беделді заңгерлердің бірі Павел: «құқық ұғымы не əділетті болса, соны білдіреді жəне ол табиғаттан беріледі», - деп түсінік қалыптастырған. Ғалымдардың тұжырымдарына қарай отырып, құқық сөзін əділеттік сөзімен тығыз байланыстыруға да болады.
Жалпы құқықтың ұғынудың, түсінудің бірнеше бағыттары бар:
Құқықтың функцияларының түсінігі жəне түрлері
Құқықтың қайнар көздері
мен нормасы
Құқықтық норма əлеуметтік нормалардың бір түрі, бірақ өзіне ғана тəн белгілері бар: 1. Жалпыға міндетті сипатты – бұл құқық нормасының көптеген нақты өмірлік жағдайларға жəне көптеген адамдарға жаралады. Құқықтық норма тек жеке тұлғаларға емес, сонымен қатар, ұйымдарға да міндетті. 2. Формальді анықтылығы – ресми құжаттарда жазбаша нысанда тиісті атаулы болады. 3. Мемлекетпен байланысы – мемлекеттік органдармен не қоғамдық ұйымдармен белгіленеді, жəне мемлекеттік күштеу, ынталандыру, жазалау шараларымен қамтамассыз етіледі. 4. Ұсынушы жəне міндеттеуші – адамдардың мүмкін не міндетті мінез – құлқын мемлекеттік үстем ережелері. 5. Микрожүйелігі – бүртүрімен байланысты гипотеза, диспозиция жəне санкция сияқты элементтерден тұруын білдіреді.
Құқықтық норманың құрылымы: 1. Гипотезадан; 2. Диспозициядан; 3. Санкциядан тұрады.
Құқықтың функциялары – бұл құқықтың қоғамдық қатынастарды реттеудегі рөлін көрсететін, құқықтық əсер етудің негізгі бағыттары. Құқықтың функцияларын түрлерге бөлудің негізінде жатқан екі жақты шартты түрде бөліп қарастыруға болады:
1) сыртқы жақ, бұған сəйкес құқықтың əлеуметтік функциялары анықталады, олар: экономикалық (құқық өндірістік қатынас-тарды реттейді, меншік нысанын бекітеді жəне т.б.), саяси (құқық саяси қатынастарды, саяси жүйе субъектілерінің қызметін реттей-ді жəне т.б.), тəрбиелік (құқық белгілі бір идеологияны көрсетеді, тұлғаларға арнайы педагогикалық əсер етеді жəне т.б.) функциялар.
2) ішкі жақ, бұл құқықтың табиғатынан туындайды, олар – реттеуші жəне қорғаушы функциялар.
1. Нормативистік бағыт.
2. Құқықтың табиғи-құқықтық теориясы.
Табиғи құқық.
3. Құқықтың діни теориясы.
4. Құқықтың тарихи бағыты.
5. Психологиялық бағыт.
6. Социологиялық бағыт.
7. Марксистік бағыт.
8. Интегративтік бағыт.
Құқықтың қайнар көздері – бұл мемлекеттен туындайтын немесе құқық нормаларын көрсететін жəне бекітетін, оларға заңды жəне жалпыға міндетті күш беретін мемлекет қабылдаған ресми құжаттық нысандар.
Құқықтың мəні Конституцияда жəне басқа да заңдарда бекітіліп, тиянақталған оның түп қазық бастауларында, негізгі қағидаларында ашылады. Оларға жататындар: саяси биліктің халықтың атынан жүзеге асуы, меншіктің дамуы, корғалуы жəне олардың субъектілерінің тендігі; демократизм, интерпационализм, гуманизм. Саяси биліктің халықтың атынан жүзеге асуы. Бұл ереже Қазақстан Республикасында мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы — халық болып табылады делініп, Конституцияда дəйектелген.
Құқық – алуан түрлі нормалардың (ережелердің), бұйрық- жарлықтардың, талап-тілектердің жиынтығы. «Норма» деген термин латын тілінен алынған ұғым, ол ереже (яғни, мөлшер, шама деген мағынаны білдіреді. Жай тілмен айтқанда «ереже» сөзі басқарушы деген жалпылама мағынада қолданылады. Қоғамдық қатынастарды ұйымдастырудың маңызды құралы əлеуметтік нормалар: құқық нормалары, мораль нормалары, қоғамдық ұйымдардың нормалары, əдет, салт – дəстүр жəне ритуал нормалары.
Реттеуші функция – бұл позитивтік жүріс-тұрыс ережелерін орнықтырудан, қоғамның, мемлекеттің, тұлғаның мүдделеріне сəйкес қатынастарды дамытуға жəрдем беру мақсатында құқық субъектілеріне субъективтік құқықтар беруден жəне заңды мін-деттер жүктеуден көрініс табатын, құқықтық əсер етудің əлеу-меттік мақсатпен байланысты бағыты. Бұл функцияның шеңберінде оның екі түрін бөліп қарастырады: реттеуші статистикалық жəне реттеуші динамикалық функциялар.
Қорғаушы функция – бұл ерекше маңызды экономикалық, сая-си, ұлттық жəне жеке қатынастарды қорғауға, заңды қорғау мен заңды жауапкершіліктің шамасын, оларды жүктеу мен орын-даудың тəртібін орнықтыруға бағытталған құқықтық əсер етудің əлеуметтік мақсатпен байланысты бағыты.
Əлеуметтік нормалар – бұл адамдардың мінез – құлқын, жəне олардың ара – қатынасындағы ұйымның қызметін реттейтін ережелер. Оның белгілері: 1. Əлеуметтік нормалар адамдардың мінез – құлқы ережелері болып табылады. Олар белгілі бір адамдардың ұжымы, м. пікірі бойынша адамдардың мінез – құлқы қандай болатындығын көрсетеді. Бұл үлгілер оған сəйкес адамдар өз əрекеттерін қалыптастырады. 2. Əлеуметтік нормалар – бұл жалпы сипаттағы мінез – құлық ережелері. Оның жалпы сипаты бір адамға емес, барлығына арналған. 3. Əлеуметтік нормалар – бұл қоғамдағы міндетті мінез – құлық ережелері.