Introducing 

Prezi AI.

Your new presentation assistant.

Refine, enhance, and tailor your content, source relevant images, and edit visuals quicker than ever before.

Loading…
Transcript

Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығындағы жағдай туралы

Еңбек нарығы

Жоспары:

1. Еңбек нарығының мәні, қызметтері

2. Еңбек нарығындағы тепе-теңдік

3. Еңбек нарығын мемлекеттік реттеу

4. Қазақстандағы еңбек нарығының қазіргі жағдайы

Сонымен бірге "еңбек нарығы" термині әлемдік экономикалық әдебиеттерде кең қолданылып жүргенін атап өту керек. Егер нақтырақ айтар болсақ, онда "еңбек нарығы" ұғымы не үшін керек деген сұрақ туындайды???

Қазақстандағы еңбек нарығының қазіргі

жағдайы

Еңбек нарығы және халықты жұмыспен қамту саласындағы үдерістер әрқашан әлеуметтік-экономикалық даму аспектілерінің орталық мәселелері болып табылады. Өйткені, елдің тұрақты дамуы тікелей тұрақты жұмыспен қамтылу және еңбек нарығы саласындағы әртүрлі қолайсыз жағдайлардың алдын алумен байланысты.

Еліміздегі нарықтық экономикаға әсер ететін қаржылық және экономикалық тұтқалардың, нарықтық инфрақұрлымның жетілдірілуі көптеген мәелелерді өте маңызды ете түсті.

Жаңадан қалыптасып келе жатқан қазақстандық еңбек нарығы аймақтық еңбек нарықтарының қарама-қайшылықтарын бойына жинақтаған. Сондықтан да жұмыс күші еңбек нарығын саралау үшін және сол негізде макродеңгейде біртұтас стратегия құру ұшін республикадағы жұмыспен қамту мәселесіне толық талдау жасау қажет.

Еңбек нарығы

Еңбек нарығы бұл нарықтың ерекше түрі, онда жұмыс күші тауарын сату және сатып алу жүзеге асады. Осы жерде оның құны мен жалдану жағдайы бағаланады.

Еңбек нарығы- экономикаға жағдай көрсетудің айнасы, тұрғындарды жұмыспен қамту көлемі мен динамикасын.

Еңбек нарығының мәні,қызметтері

Қазіргі кезде адам көптеген қабілеттерге ие бола отырып, еңбек үдерісінде олардың барлығын қоладана бермейді.

Еңбек нарығы,

  • Еңбек күшіне сұранысымен
  • Адам қабілеттерінің бір бөлігін қолданумен
  • Жұмыс күшін қолдану уақытымен
  • Жаңа пайда болған құнды қайта бөлумен байланысты әлеуметтік еңбектің қатынастарын көрсетеді.

Еңбек нарығының қызметі мыналар:

  • Жұмыс беруші мен жұмыс іздеушінің кездесуін ұйымдастыру;
  • Еңбек ақы ставкасын бір қалыпты бекіту;
  • Халықты жұмыспен қамту мәселесін шешуге ат салысу;
  • Жұмыссыздарға әлеуметтік көмек ету;
  • Бәсекелестікті қамтамасыз ету.

Жұмысбастылық пен еңбек нарығын реттеудегі мемлекеттің негізгі бағыттары мен әдістері өте көп. Олар елдегі нақты экономикалық жағдайда байланысты еңбек нарығында пайда болатын мәселенің күрделілігіне қарай анықталады. Олардың ішіндегі ең көп қолданатын бағыттар мынадай:

1.Жаңа жұмыс орындарын құру

2.Шағын бизнесті қолдау және дамыту

3. Кадрларды кәсіптік дайындау мен қайта дайындау ауқымының кеңейюі.

Еңбек нарығын мемлекеттік реттеу

Еңбек нарығын тиімді реттеу - кез-келген мемлекеттің әлеуметтік-эконмикалық саясаттың жүргізу мен жүзеге асырудағы белгілі бір заңнама көлеміндегі және жұмыс іздеуші арасындағы міндетті келсімшартты орындалу кепілдемесін қамтамасыз етуге негізделген аса маңызды бағыттардың бірі.

Еңбек нарығын реттеуде мемлекет тікелей араласады: ол еңбек туралы заң қабылдайды, еңбекақының ең төменгі мөлшерін белгілейді, жұмысбастылық, қайта даярлау бағдарламарын қабылдайды, еңбек субъектілері арасындағы келіспеушіліктерді делдал ретінде келістіреді және т.с.с. Сондықтан еңбек нарығы өздігінен реттеле алмайды. Осы жағдайлар қазіргі кзде еңбекнарығында 3 субъект бар екендігін білдіреді: жалдамалы жұмыскерлер, жұмыс беруші фирмалар және мемлекет.

Еңбек нарығындағы тепе-теңдік

Еңбек нарығындза тепе-теңдік сұраным мен ұсыным көмегімен бекітіледі. Еңбекке деген сұраным мөлшері жалақы мөлшерінен кері пропорционалды байланыстылықта болады. Жалақы мөлшері көтерілген кезінде фирмалар тұрақты тепе-теңдікті сақтау мақсатында жұмыс күшіне сұранымды төмендетуі қажет, ал жалақы мөлшері төмендегенде еңбекке сұраным артады. Жұмыс күшіне деген ұсыным нақты байланысқа іс-әрекет етеді.

Американ ғылым экономисі П. Самуэльсонның ойынша, қоғамдағы еңбекке деген ұсаным төмендегідей факторлармен анықталады:

- тұрғындардың жалпы санымен;

- жалпы тұрғындар санындағы өз бетінше тұратындардың үлесімен құралады;

- жыл немесе апта бойынша жұмысшының атқаратын орташа санымен;

- жұмысшының жұмсайтын еңбегінің сапасы, саны және біліктілігімен.

Назарларыңызға рахмет!!!

Орындаған: Алимкулов А , Алпысбаева А , Атабаева А ,

Әбіш Асылбек , Кенесбаева Дана , Қаймыш Бағдат.

Тобы: Қаржы 241

Learn more about creating dynamic, engaging presentations with Prezi