Introducing 

Prezi AI.

Your new presentation assistant.

Refine, enhance, and tailor your content, source relevant images, and edit visuals quicker than ever before.

Loading content…
Loading…
Transcript

Орындағандар:

Р.Ұлпан

Т.Гаухар

К.Дина

Беткі ағын сулардың геологиялық іс-әрекеті

Делювийлік процесс

Эрозия

Жыралардың пайда болуы.

Атмосфералық жауын-шашын (жаңбыр мен қар) суларының бұзушылық әрекеті делювийлік (латыніпя “делюо” — шаю деген мағынада) процесс деп аталады. Бұл әрекеттердің нәтижесінде атмосфералық сулар ұсақ түйірлі жыныстардан құралған үгілу заттарын өзімен ілестіріп әкетеді. Осындай жолмен тау беткейлерінде шоғырланып жиналған (ірілі-ұсақты) тау-жыныстарының кесек бөлшектері делювий шөгінділері деп аталады Бұл терминді бірінші болып академик А. П. Павлов қолданды.Делювийлік процестердің нәтижесінде таудың биік бөліктері аласарады, ал ойдымдау келген бөліктері делювий шөгінділерімен толып, биіктей түседі. Сонымен, делювийлік шөгінділер тау беткейін тегістеп отырады. Олардың негізгі құрамы көбінесе саз балшықтардан тұрады.

Судың белгілі бір жазықтықта байқалатын бұзушылық әрекеті — жазықтық эрозия (шаю) деп аталады. Ағын сулардың эрозиялық әрекетіне байланысты топырақ қабатының бұзылуы — топырақ эрозиясы деп аталады. Бұл әрекеттердің ауыл шаруашылығына тигізетін зияны өте зор.

Жыралар

Беткі ағын сулардың геологиялық іс-әрекеті

Тау беткейлерінде жиі кездесетін әр түрлі ой-шұңқырларға атмосфералық су қалдықтары жиналады. Олар асып төгіліп төмен қарай сарқылады. Тау беткейін құрайтын жыныстар эрозиялық шайылу әрекеттеріне ұшырайды. Соның нәтижесінде жыралар пайда болады “Регрессиялық эрозия” заңдылығы бойынша, алғашқы жыра беткейді бойлап, жоғарылап өсе береді. Жыраның көлденең қимасы V тәрізді болып келеді. Одан ары қарай жыра біртіндеп тереңдей түседі. Оның сағасы аңғардың деңгейіне дейін жетеді. Жыраның бұл деңгейі “эрозия базисі”деп аталады. Жыра эрозия базисінен төмен тереңдей алмайды. Соған байланысты оның түбінің көлденең қимасы тегістеле түсіп, біртіндеп кеңейе келе U тәрізді пішін қалыптасады. Мұндай жыраның беткейлері біртіндеп құлай келе, шөгінді жыныстарға тола бастайды, сөйтіп ең соңында сайға айналады. Егер жыраның түбі жер асты суларының деңгейіне дейін жетсе, үздіксіз ағып жататын жылға пайда болады. Бұл жағдай жыраның одан әрі тереңдеуіне себепші болады да, ақырында өзен аңғарына айналады. Жыралар халық шаруашылығына елеулі нұқсан келтіреді. Пайдаланылатын жерлердің біразын істен шығарады. Жыралардың пайда болуына қарсы алдын ала күрес жүргізуге болады. Ол үшін беткейлерін жыртпау керек.

Атмосфералық жауын-шашын, жер бетіндегі ағын сулар жер бедерін үздіксіз өзгертіп отырады, яғни соның әсерінен жер бетінің бедері үнемі өзгеріп тұрады. Ағын сулар жер бетінің еңістігін қуалай қозғала отырып, бір-бірімен қосыла келе иірмелерге, олар көбейе келе жіңішке жылғашаларға, бірнеше жылғашалар бір-бірімен қосылып жылғаларға айналады. Олар ең соңында өзендер құрайды. Ағын сулар, жолындағы борпылдақ жыныстарды оп-оңай шайып әкетеді де, өзен арнасы қалыптасады.

Learn more about creating dynamic, engaging presentations with Prezi