Introducing 

Prezi AI.

Your new presentation assistant.

Refine, enhance, and tailor your content, source relevant images, and edit visuals quicker than ever before.

Loading…
Transcript

Зерттеу жұмыстары

Дипломдық жоба «Келешек келбеті» атты телебағдарлама павильонының нысанының жобасынаарналды. Жоба барысында шет ел және отандық телеарналар мен телебағдарламалар зерттелді. Зерттеу кезінде бағдарлама логотиптерінің пайда болу тарихы мен өзгерістерін сарапталып, жаңа Отандық тележобаның логотипі жасалды. Бағдарлама Отандық телеарнада бәсекеге сай сұранысқа ие болуы үшін, фирмалық стиль, жарнама объектілері жасалды. Жоба аудиториясы жастар болғандықтан, жас ерекшеліктеріне сай логотип жасалынды.

Бағдарлама логотипі: қызыл, күлгін-қызыл, күлгін, көк, ашық көк түстерден құралған. Қызыл түс адамның күш-қуатқа толы екенін көрсетеді. Өмірлік күшті, белсенділікті, нәтиже, сәттілікке қол жеткізу үшін барлық мүмкін болған талпынысты, бейімділікті, албырттықты, жеңіске деген жігерді, құлшынысты білдіреді. Бұл түсті таңдағандардың - кез келген қиындыққа мойынсұнбайтын күрескер, батыл адамдар екенін көрсетеді.Ал, көк түс – жан тыныштығын, молшылықты, татулықты білдіреді. Ол адамдар мен қоғамды байланыстыратын негізгі дәнекер іспеттес бірліктің, көпшілдіктің,сенімді сезімін ұялататын түс. Логотипті жасау барысында түстік гаммаларды қолдану ережелері сақталды. Логотипте қосарланған келешек келбеті сөздерінің бастапқы «К» әріптері басты элемент ретінде қолданылған. Жасалған логотиптің болмысы өмір ағынындағы заманауи дәуірдіңкез - келген көрерменніңсанасында ұзақ сақталары һақ.

Келешек келбеті

Жастардың болашағы – бұл мемлекет болашағы. Жас ұрпақтың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуына кепілдік бере отырып, мемлекет өз кезегінде жалпы құқықтық мәдениет деңгейін жақсарта отырып, жастар арасында белең алып келе жатқан жағымсыз әрекеттерді болдырмауға ықпал етеді.Біз мемлекет басшысының барлық бастамаларын қолдап, оның орындалу бөлігінде белсенді ат салысатын, қарқынды дамып келе жатқан жас мемлекеттің мақтанышымыз.

Бүгінгі Қазақстан – қоғам өмірінің барлық салаларында оң өзгерістерге жетіп, саяси тұрақтылығы қалыптасқан, экономикасы берік нығайып келе жатқан еңселі ел. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында әлеуметтік-экономикалық даму үрдісіне қол жеткізгенімізді төрткүл дүние түгел мойындайды.

Ал жастар – егеменді Қазастанның болашағы, тәуелсіздіктің көк туын аспандата ұстар тұғыры. Еліміздің іргесін шайқалтпай, өркениет өресіне жетелеп, гүлдендіру жастардың үлесіне молырақ тиетіні қай қоғамда болмасын айнымас шындық. Сондықтан да аға буын желкілдеп өсіп келе жатқан жас ұрпаққа келешектің кілтін аманат етіп, үлкен үміт артады. Жастар үшін тәрбие құралы ретіндегі теледидар мүмкіндігінің шексіздігін дәлелдеп береді. Қоғамдық оқиғаларды қалт жібермей бақылап, елеңдеп тұрған жастарға ақ, қарасын сарлап, оң бағыт сілтеді, қоғамдық пікір қалыптастрып, жаңа істің жаршысы, жастардың тікелей жанашыры болмақ.

Дипломдық жобаның зерттеу объектісі және міндеті

Диплом жұмысының құрылымы

Зертеу объектісі – Телеарна және жастарға арналған телебағдарламалар.

Диплом жұмысының міндеттері:

- шет ел және отандық телевидениедегі жастарға арналған телебағдарламалар мен логотиптерді зерттеу арқылы Отандың жаңа жобаның тұсауын кесу;

- келешекті бүгіннен ойлау;

- бүгінгі күні жастарға жасалған мүмкіндіктер мен қараусыз қалып жатқан сұрақтардың шешімін табаған ортаның жобасын жасау;

- жастардың қажетілігін айқындау;

Эскиз жұмыстары:

Кіріспеден, үш бөлімнен,қортытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспеде зерттеудің көкейтестілігі, пәні, мақсаты, болжамы, міндеттері, жетекші идеясы, деректі көздері мақұлдануы мен практикаға енгізілуі баяндалады.

Қорытындыда зерттеудің нәтижелері бойынша тұжырымдамалар жасалынып, проблема бойынша келешекте орындалатын зерттеу перспективасы тұжырымдалады.

Жастар – егеменді Қазастанның болашағы, тәуелсіздіктің көк туын аспандата ұстар тұғыры. Еліміздің іргесін шайқалтпай, өркениет өресіне жетелеп, гүлдендіру жастардың үлесіне молырақ тиетіні қай қоғамда болмасын айнымас шындық. Сондықтан да аға буын желкілдеп өсіп келе жатқан жас ұрпаққа келешектің кілтін аманат етіп, үлкен үміт артады. Жастар үшін тәрбие құралы ретіндегі теледидар мүмкіндігінің шексіздігін дәлелдеп береді. Қоғамдық оқиғаларды қалт жібермей бақылап, елеңдеп тұрған жастарға ақ, қарасын сарлап, оң бағыт сілтеді, қоғамдық пікір қалыптастрып, жаңа істің жаршысы, жастардың тікелей жанашыры болмақ. Өз дәуірінің үнін, кезеңінің келбетін нанымды бейнелемек. Жастар бағдарламасының тарихи иірімдерінен айшықты да ажарлы, көркем де көкейтесті, өткір де өнегелі хабарлардың болғанына көз жеткіземізе отырып, бағдарламаның қаншалықты беделге ие екендігін анықтау үшін қоғамдық пікірге көп көңіл бөліп, аудиторияның талабы, көңіл-күйімен санасты, хабарды көрермендердің жас ерекшелігі мен кәсібіне лайықтап ұсынылмақ. «Келешек келбеті» телебағдарламасы әдебиет пен өнердің, білім мен еңбектің қасиетін таразылаған киелі мекенге айналмақ.

«Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса – ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл, намысшыл жас отаншыл, патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады».

Н.Назарбаев

Жобаның көкейтестілігі

"Ертеңнің күнін, бүгін ойла",- демекші келешектің күнін бүгіннен жоспарлау қажет. Ал келешек- жастардың қолында. "Келешек келбеті" телебағдарламасы арқылы жастар арасындағы туындап отырған әлеуметтік мәселелерді сараптайтын жоба жасау. Ал осы әлеуметтік қиындықтарды шешудің негізгі тұтқасы-телевидение арқылы жаңа технологиялық әдістермен ұдайы жетілдіре отырып, көрермендердің сұраныс- талаптарына жаңаша түрде қызмет көрсететін жаңа жобаны әзірлеу, заманауи дизайндағы логотиппен көркемдеу.

Тақырыбы: "Келешек келбеті" атты әлеуметтік- сараптамалық телебағдарлама нысанының жобасы

Learn more about creating dynamic, engaging presentations with Prezi