Introducing
Your new presentation assistant.
Refine, enhance, and tailor your content, source relevant images, and edit visuals quicker than ever before.
Trending searches
Өзен суының күшін оның энергиясы (т і р і к ү ш і) дейді. Ол судың массасы (т) мен ағысының жылдамдығы (У ) тікелей байланысты: К = ^ү-. Неғұрлым осы екі сан артық болса, соғұрлым өзеннің жұмысы да күшті. Кейінгісі:
1) эрозиядан (жырып-кеміру),
2) эрозия мен үгілуден пайда болған және еріген заттарды тасымалдаудан,
3) аккумуляциядан (шөгуден) құралады.
Түпкі эрозия.Өзен аңғарының бас жағында тереңдік эрозия басым болады. Тасқын тау жыныстарын бұзып-жарып, өзінің құятын көл немесе теңіз деңгейіне тепетеңдік б о й л а у қ и м а с ы н жасайды.
Бүйірлік эрозия. Өзеннің бойлау қимасы жатықталған сайын түпкі эрозия біртіндеп
баяулайды да бүйір эрозия күшіне кіреді. Өзен арнасының бойында бойлау ағыстан көлденең бағытты ағыстар туады. Олар әуелі су түбіне жетеді де жағаға қарай ұрынады. Содан су түбі шайылып, үгінді жағаға соғылады. Оның бір шамасы жаға бойында шөгеді де арна жиегінде қайраңдар түзеді.
Тасымалдау (транснортировка). Өзен ағыны жол-жөнекей бузылған жыныстар түйіршіктерін төмен тасымалдайды.
Аккумуляция (шөгінді).Өзен ағынының бастапқы эрозиясы басым сатысында-ақ оның аңғарының кейбір тұстарында үгінділер шөге бастайды. Тасқын кезінде су молайып, ағын өскен шақтарда үгінділер қайтадан ысырылып, төмен кешеді. Өзеннің бойлау қимасы жатықталып, аңғары кеңи түскен кезде оның арна жиектерінде енді аумай-көшпей орнында қалатын шегінділер жиналады. Кейінгілері әуелі аңғардың теменгі тұсында шоғырланады да өзеннің бойлау қимасы тегістелген сайын орта шенінде де үйіледі. Өзен аңғарында үйілген ағын шәгінділерінің жинағын а л л ю в и а л д ы қ ш ө г і н д і л е р немесе қысқаша аллювий (латынша «аллювио» — үйінді, салынды) деп атайды. Олар ірілі-уақты,әр түрлі іріктеліп, жұмырланған кесек жыныстардан тұрады.
Өзен аңғарларының даму жолында оның морфологиясына сай бірнеше және біраз сатыларын байқауға болады. Бірінші сатысы түпкі эрозия басым кезінде болады да оны жасшағы деп атайды. Ол кезде арна бойында қайраң, табалдырық, сатылар, сарқырамалары бар тік таулы аймақтарда өтеді. Бұл тұста ағыс күшті болған соң терең аңғарлар түзіледі. Көлденең қимасының пішініне қарай олар бірнеше түрге бөлінеді.
Өзен — өзінің табиғи арнасымен ағып жататын ағынды су немесе ағып жатқан тұщы судың табиғи жолы.
Өзен басқа бір өзенге, көлге, теңізге, мұхитқа немесе үлкен су қоймасына барып құяды. Өзен жаңбыр суынан, еріген қар мен мұздықтардан, қайнар бұлақтардан немесе арнасынан тасыған көл суларынан нәр алады. Көптеген өзендер қыраттар мен таулардан басталады. Бірақ, төмен қарай ағып келе жатқанда оған өзгеде жылғалар, өзен-бұлақтар мен су көздері қосылады. Елді мекендердің басым бөлігі өзен жағаларында орналасады. Өзендер, сондай-ақ, ауыл шаруашылығына да қолайлы. Өйткені, өзен аңғарлары мен жазықтарының топырағы өте құнарлы болады.