Loading presentation...

Present Remotely

Send the link below via email or IM

Copy

Present to your audience

Start remote presentation

  • Invited audience members will follow you as you navigate and present
  • People invited to a presentation do not need a Prezi account
  • This link expires 10 minutes after you close the presentation
  • A maximum of 30 users can follow your presentation
  • Learn more about this feature in our knowledge base article

Do you really want to delete this prezi?

Neither you, nor the coeditors you shared it with will be able to recover it again.

DeleteCancel

Make your likes visible on Facebook?

Connect your Facebook account to Prezi and let your likes appear on your timeline.
You can change this under Settings & Account at any time.

No, thanks

Copy of Презентация ВКР

No description
by

Dinmuhammed Zhakaev

on 20 May 2014

Comments (0)

Please log in to add your comment.

Report abuse

Transcript of Copy of Презентация ВКР

Майда еритін витаминдердің
немесе дәрумендердің тірі организмдер үшін маңызы

Зерттеу жұмысының өзектілігі:
Витаминдер дегеніміз – барлық тағам мен азық – түлік өнімдерінде, жем-шөпте шағын мөлшерде ғана кездесетін, ал адам мен жануарлар ағзасында бірқалыпты тіршілік үшін өте қажет төменгі молекулалық органикалық заттар. Астық құрамында витаминдер аз мөлшерде кездескенімен, олардың ағзаға тигізетін әсері өте үлкен.
Егер үнемі тамақтың бір түрімен ғана қоректену, сондай-ақ ұзақ уақытқа созылған саяхат кезінде адамдарда ұшырасатын бірқатар сырқаттардың қоректе кейбір заттардың жетіспеуінен болатыны белгілі болды.
Олардың едәуір бөлігінің құрамында амин тобы да, азот та болмайды. Осыған қарамастан мұндай ауыстырылмайтын тіршілік факторы үшін «витамин» деген тарихи термин сақталып қалды. Витаминдердің біздің өмірімізде алатын орны үлкен болғандықтан, бұл тақырыптың әлі де толық зерттелмегендіктен өзекті болып табылады.
Жұмыстың мақсаты:
Майда еритін витаминдердің немесе дәрумендердің тірі организмдер үшін маңызы зор екенін дәлелдеу.
Жұмыстың міндеттері:
Әдебиеттерге шолу;
Жаңа зерттеу жұмытарымен танысу;
Майда еритін витаминдердің немесе дәрумендердің тірі организмдер үшін маңызын анықтау;
Майда еритін витаминдердің түрлерімен танысу;
Дәрумендердің тірі организмдер үшін маңыздылығын анықтау;
Қорытынды жасау:

Тақырыптың жұмысының нысаны:
Бұл дипломдық жұмыстың жаңалығына әліде витаминдер мен дәрумендер түрлерін анықтап, олардың тірі организмдерге тигізетін әсерін зерттеу кіреді.
Қарастырылатын мәселелер:
Бұл зерттеулердің нәтижесін ғылыми-практикалық конференцияларды өткізу барысында, мектептер мен жоғары оқу орнында сабақ барысында да пайдалануға болады.
Зерттеу жұмыстары жүргізілетін орын:
университеттің биохимия және өсімдіктер физиологиясының кафедрасы.
Егемендік еліміздің болашактағы тірегі-білімді ұрпақ. XXI ғасыр білімділер ғасыры болмақ. Жаңа кезеңге бет бұру оңай емес. Ол үшін болашақ ұрпақты қазіргі заман талабына сай білім мен тәрбие беру жолдарын жетілдіру керек.
Ғылыми – техникалық прогрестің дамуы жоғарғы оқу орындарында оқыту кезінде берілетін білім деңгейінің кеңейтілуін және оқушылардың білім дәрежесінің артуын талап етіп отыр.
Сондықтан, қазіргі кезде ең негізгі мәселе – оқушыларға тек қана білімдер жүйесін беру ғана емес, оларды танымдылық пен практиқалық сипаттағы іскерлік және дағдымен қаруландыру жатады.
Кіріспе
Витамин – барлық тағам мен азық – түлік өнімдерінде, жем – шөпте шағын мөлшерде ғана кездесетін, ал адам мен жануарлар организмінде бірқалыпты тіршілік ету үшін өте қажет төменгі молекулалы органикалық қосылыстар. Астық құрамында дәрумендер аз мөлшерде кездескенімен, олардың организмге тигізетін әсері өте жоғары.
Организмге тағамдардан келіп түсетін белоктардың, майлардың, көмірсулардың және минералдық тұздардың алмасуын тездететін және реттейтін де витаминдер. Витаминдерді тек дәрі-дәрмек ретінде қарастырып, оларды аурулардың алдын алып күресу үшін қолданатын заттар деп қарау қате. Бұларды тағамдық заттар деп қарауымыз тиіс, өйткені витаминдер тағамның құрамына кірмесе, онда тіршіліктің қалыпты жағдайы бұзылады.
Витаминдер туралы жалпы түсінік
Дәрумендер (витаминдер) дегеніміз – барлық тағамның құрамында кездесетін төменгі молекулалы органикалық заттар деп аталады. Витаминдер өте төмен концентрацияда болса да, организмге өте үлкен биологиялық әсерін тигізеді. Табиғатта витаминдер көзі болып микроорганизмдер және өсімдіктер, жануарлар болып саналады.
Витаминдерді зерттеуде ең алғаш орыс оқымыстысы Н.И.Лунин бастады. Ол алғашқы рет тамақтың құрамындағы жануарлардың тіршілігіне әсер ететін заттарға көңіл аударды.
Н.И.Лунин жоғарыда көрсетілген заттардың қоспасымен тышқандарды қоректендірген. Осы тәжірибеден кейін Н.И.Лунин мынадай дұрыс қорытынды шығарды: «... жоғарыда аталған тәжірибенің нәтижесіне қарағанда, белоктармен, майлармен, қантпен, тұзбен сумен ғана қоректендіріп тіршілікті қалыпты қамтамасыз етуге болмайды екен және табиғи сүт құрамында казеин, май, сүт қанты және тұздан өзге, тіршілік үшін аса қажетті ауыстырылмайтын басқа заттар да бар болуы тиіс ».
Осындай пікірді У.Бунгенің С.А.Сосиннің және тағы басқа шетел оқымыстыларының жұмыстары дәлелдеп берді
1896 жылы голланд дәрігері Эйхман ақталған күрішпен тамақтанатын адамдардың « бери – бери » ауруымен көп ауыратынын, ал ақталмаған немесе жартылай ақталған күрішпен тамақтандырылғанда адамдар ол аурумен ауырмайтынын байқады.
Кейіннен Гопкинс / 1906 жылы / күріш дәнінің сырқы қауызында белгісіз бір заттың бар екенін, ал ақталған күріште ол заттың болмайтындығын анықтаған.
Неміс ғалымы Штепп ( 1908 – 1912 ж.ж ) нан мен сүтті пайдаланып, осыған ұқсас тәжірибе жүргізді. Ол нан мен сүтке спиртпен және эфирмен әсер етіп, ерітіндіге шықпаған қалдықтармен тышқандарды азықтандырады. Мұндай азықтандыру кезінде тышқандар өліп қалған. Оның зерттеуі нан мен сүтке спиртпен және эфирмен әсер ету арқылы алынған ерітінде аз да болса тышқандардың тіршілігі үшін қажетті заттар бар екенін көрсетті.
1912 жылы поляк оқымыстысы К.Функ ашытқыдан витаминге ұқсас құрамында амин тобы бар кристалды затты бөліп алады. Бұл затпен полиневрит ауруымен ауырған көгершінді емдеп жазды. Бұл заттың жануарлар организіміне тигізетін әсерін зерттей келе, оның проф. Н.И.Лунин ашқан жаңа затқа ұқсас екенін анықтады. Осыдан кейін Функ адам мен жануарларда болатын кейбір аурулар тағамның құрамындағы белгісіз бір заттың жетіспеуінен болады деген пікір қорытындыға келді. Ол бұл затты
«витаминдер » деп атады. Витаминдер ( латынның vita деген сөзінен шыққан - тіршілік, өмір » деген сөзі, ал « амин » - деп химиялық құрамында азоты бар заттарды атайды

keste 1
Барлық витаминдер майда және суда еритіндер деп екі топқа бөлінеді.
Суда еритін витаминдерге: тиамин, рибофлавин, пантотен қышқылы, никотин қышқылы, пиридоксин, кобаламин, никотинамид, аскорбин қышқылы, холин, рутин, фолий қышқылы, парааминобензой қышқылы және тағы басқа ( В1, В2, В3, В5, В6, В12, В15, РР, С, Н, және тағы басқа ) енеді.
Майда еритіндерге A, D, E, K, Q, F, Р және биотин, инозит витаминдері жатады.[


А витамині (ретинол) ағзаның өсуіне, дамуына әсер етіп, түрлі ауруларға қарсы тұра алу әрекетін арттырады. Іңірде, түнде көруді жақсартады. А витамині шаштың, тырнақтың өсуі мен терідегі жасушалардың мүйізденуіне әсер етеді.

Ретинол – А витамині, антиксерофтальмиялық А витамині химиялық структурасы тұрғысынан коротинге жақын, 1931 жылы неміс ғалымы Вакенродер оны өсімдіктерден ашты. Эмпирикалық формуласы С20Н30О. Ретинолдың химиялық швейцар химигі Пауль Каррер тапты.

А витамині тек жануардан алынған азықтарда болады: балық майында, бауырда, етте, жұмыртқада, сары майда, т.б. Ал өсімдіктерде А витаминінің провитаминдері – каротиндер түзіледі. Каротиндер (лат. carota –сәбіз) – ең алғаш сәбізден бөлінген, сары түсті пигменттер.
Биологиялық қызметі. Адамның және жануарлардың организмінде А витамині бірнеше қызмет атқарады:
1. тері қабатында, тыныс алу жолдарында және ас қорыту жолында эпителий клеткаларының түзілуін реттейді;
2. өсіп келе жатқан организмдегі клеткалардың өсуіне және олардың жіктеліп бөлінуіне қатысады;
3. А витаминінің альдегид туындысы опсин белогымен бірігіп, көздің тор қабатында жүретін химиялық процестерді реттейді. Қорғаныш белоктар (антиденелер) мен лизоцим ферментінің түзілуіне қатысады.

А витамині жетіспегенде тері құрғап
жарылып, түсі күңгірттенеді.
Май бездерінің құрамы
өзгереді, көздің қасаң
қабығы бұзылады. Адам
іңірде, түнде нашар көреді.
Бұл ауруды ақшам соқыр
(куриная слепота) деп атайды.
Д витамині (кальциферол) адамның терісінде күннің ультракүлгін сәулелерінің әсерінен түзіледі. Ол кальций мен фосфордың ішектен бөлінуін жылдамдатып, сүйек ұлпасының мықтылығына әсер етеді. Адам ағзасы Д витаминін тағамның құрамынан да қабылдайды. Жас сәбилерде Д витаминінің жетіспеуінен болатын ауру мешел (рахит) деп аталады.
Д витамині (кальциферол)
XVIII ғасырдың ортасында Глиссон деген ағылшын дәрігері Лондон қаласында тұратын жас балалардың арасында кездесетін ауру туралы жазған болатын.
Бұл аурумен ауырғандардың сүйектері деформацияланатындығы анықталды, кейіннен оның мешел (рахит) ауруы, яғни тағамда Д витамині жетіспеушілігі салдарынан екендігі белгілі болды.

Күнделікті жиі қолданылатын тағамдардың құрамында Д витамині өте аз. Балықтың бауыры мен іш майында, сүт қоректілер мен құс бауырында өте көп. Жұмыртқаның сары уызында және сүтте бар. Ананың сүтіндегі бұл витаминнің мөлшері, ананың жейтін тағамының құрамына, оның денсаулығына, күн сәулесінің жеткіліктігіне және т.б. жағдайларға байланысты. Әдетте стериндердің Д тобындағы витаминдерге айналуы ультракүлгін сәулелердің әсеріне байланысты. Сәуле әсерінен эргостеролдың өзгерістерге ұшырауы нобайын былай көрсетуге болады.
Д витаминің кездесетін жері
Бұл авитаминоз ауруы Д витамині болмағанда немесе жетіспегенде және осы витаминнің пайда болуына қажетті күн сәулесі жетіспегенде байқалады. Бұл жағдайда рахит ауруы пайда болады. Рахит организмдегі кальций мен фосфор алмасуының өзгеруінен осы тұздардың өсіп келе жатқан сүйектерде қабаттануы бұзылғандықтан болатын ауру. Рахитпен
ауырғанда балалардың
және төлдің сүйектерінде
тұрақты өзгерістер
байқалады.
Е витаминін 1921 жылы Иванс деген зерттеуші ашты.
1936 жылы Иванс бидай тұқымы ұрығынан Е витаминін бөліп алды, ол
токоферол (грек. tokos – ұрпақ, phtro – алып жүру, жалғастыру деген мағынаны білдіреді) деп аталады.

Токоферолдар организмде жетіспегенде, немесе жоқ болғанда жатырдағы ұрықтың өсуі, жыныс органдарының қалыпты жұмыс істеуі нашарлайды, бұлшық еттерде миозиннің, гликогеннің, калийдің, магнийдің, фосфор мен креатиннің саны азайып, майлар мен натрий хлориды көбейеді. Қол-аяқ қозғалмай сал ауруына ұшырайды, бұлшық еттер кеміп, жұлын зақымданады.
Кездесетін жері
Өсімдік майлары: жүгері майы, бидай майы, зығыр майы, мақта майы сияқтылар токоферолға бай табиғи қоры болып табылады. Жануар тектес өнімдерде Е витамині шағын мөлшерде кездеседі.
К витамині (филлохинон)
Карл Петер Хенрик Дам К витаминінің химиялық құрамын анықтаған ғалым.
К витамині өсімдіктердің жасыл бөліктерінде, әсіресе беде мен жоңышқа жапырақ-тарында көп кездеседі. Шіріген балық ұны құрамынан да табады, оны К2 витамині деп атайды, ал жаңадан дайындаған балық ұнында ол кездеспейді, себебі микроорганизмдер балықты шіріту барысында филлохинді синтездейді екен.
Академик Палладин витамин К химиялық тегін ашып және бұл витаминді ауру емдеуге қолдану жөнінде көптеген бағалы еңбектер істеді. Жануарларға жүргізген тәжірибелерге қарағанда витамин К қан ұюы процесіне керек.
К тобына енетін витаминдер суда ерімейді, ал петролейн эфирі, ацетон, бензол мен спиртте жақсы ериді. К1 витамині май тәріздес зат, ал К2 – ашық сары түсті кристалдық зат.
Кездесетін жері
К витаминіне бұршақ тұқымдас өсімдіктер, сәбіз, капуста, томат, қалақай жапырағы бай келеді. Сол сияқты К витамині бауырда, жұмыртқада, сүтте кездеседі.
К - авитаминозы. Жоғарғыда айтылғандай К – авитаминоз сырқатына тән белгі – терінің астына және бұлшық еттерге қан құйылуы (геморрагия). Ондай жағдай қан ұюы жылдамдығының төмендеуінен болады. Организмде Витаминнің жетіспеуінен, сол сияқты кейбір сырқат кезінде К витаминін сіңіре алмау салдарынан К – авитаминоз дертіне ұшырайды. Мысалы, мұндай жағдайда өттің ішекке құйылуы бұзылады.
Full transcript