Introducing 

Prezi AI.

Your new presentation assistant.

Refine, enhance, and tailor your content, source relevant images, and edit visuals quicker than ever before.

Loading…
Transcript

Топырақтану ғылымы басқа ғылымдармен байланысымен танысу.

Топырақтану кең ауқымды жаратылыстану ғылымы. Бұл ғылым топырақты және жер планетасының топырақ жамылғысын зерттеу мәселесі кезінде басқадай жаратылыстану ғылымдармен байланысып олардың әдістемелерін және жетістіктерін қолданып отырады.

Қазіргі топырақтану геология ғылымынан дамып, бөлініп шыққан және әліде геологиямен тығыз байланысты болып келеді. Топырақтың шығу тегін, дамуын, топырақ жамылғысының жер шарында таралу ерекшеліктерін, оның минералдық құрамын зерттеуде геология ғылымының үлкен маңызы бар.

Топырақтанудың кең ауқымды түрде басқа ғылымдармен қатынасының тығыз болуы топырақтың ерекше табиғи дене екендігіне және алуан түрлі ғылымдар зерттейтін жер геосфераларының тоғысқан межесінде топырақтың пайда болып, оның дамуының әрі қарай жүріп жатқандығында. Топырақтану ғылымы дами отырып қазіргі кезде әр– алуан ғылыми бағыттағы тарауларға бөлінеді.

Топырақтану ғылымының өрістеп-дамуы басқада жаңа ғылым салаларының пайда болуына ықпалын тигізді. Олар биохимия, геоботаника, биогеоценология, ландшафтану, экология ж.б. В.В. Докучаевтың әдістеме жүйесін қолдана отырып, оның оқушысы және жолын қуушы академик В.И.Вернадский биосфера және ноосфера туралы ілімнін негізін қалады. Қазіргі экология және қоршаған орта жайлы ілімдердің дамуына В.В.Докучаевтың дамытқан ғылыми тұжырымдары (концепциялары) қомақты үлес қосты.

Сонымен бірге топырақтың химиялық құрамын, физикалық қасиеттерін анықтауда, зерттеу барысында алынған мағлұматтарды статистикалық жолмен сұрыптап, математикалық болжамды мөлшерлік үлгі (модель) жасау үшін химия, физика, математика, информатика ғылымдарының алатын орыны айрықша.

Топырақты және оның құнарлығын зерттеу барысында топырақтану ғылымы үшін микробиология, биохимия, өсімдіктер физиологиясы, өсімдіктану, жануартану, экология ғылымдарымен байланысының қажеттілігі туады.

Learn more about creating dynamic, engaging presentations with Prezi