Introducing 

Prezi AI.

Your new presentation assistant.

Refine, enhance, and tailor your content, source relevant images, and edit visuals quicker than ever before.

Loading…
Transcript

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Т.Ермекова "Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі"

2.https://web.yandex.org.kz/search/

Құрамындағы жай сөйлемдері бір-бірімен салаласып та, сабақтасып та байланысқан құрмаластың түрін аралас құрмалас сөйлем дейміз.

Аралас құрмалас сөйлемнің құрамында кемінде үш жай сөйлем болады. Олардың екеуінің баяндауышы тиянақты да, біреуінің баяндауышы тиянақсыз болып келеді. Баяндауышы тиянақсыз сөйлем бірде аралас құрмаластың бас жағына орналасады, бірде тиянақты жай сөйлемдердің арасына орналасады.

Аралас құрмалас сөйлемнің тыныс белгілері

Жасалу жолы:

Басыңқы, бағыныңқы, басыңқы:

Қарағандының қары биыл бұрқан-тарқан қауырт еріп еді, сай салалар суға толып, қырдың тентек өзендері сақылдап тасығалы кемерлеп тұр.

Бағыныңқы, басыңқы, басыңқы.

Көзін сәулеге үйреткен Асқар терезеден қараса, аспан айдай ашық екен де, шуақты күн түске тармасып қалған екен.

Бағыныңқы, басыңқы, бағыныңқы, басыңқы.

Лиза ойнап есік алдына шығып кетсе, әке-шешесінің дауыстары үздіксіз шығады да, Лиза үйге қайтса, сөздерінің аяқталмай тоқталғаны аңдалады.

Басыңқы, бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы.

Ол бастықтың бөлмесіне келген еді,бірақ басқа келгендер болып, көпке дейін кезек келмей, есік алдында күтіп қалды.

Болат Аида

Касымова Диана

Ерекшеліктері :

1. Аралас құрмалас сөйлемде білдіретін ой салалас пен сабақтастағы ойдан күрделірек болады. 

2. Аралас құрмалас сөйлем салаласа да, сабақтаса да байланысқанда, кемінде үш не одан да көп  компоненттен тұрады.

3. Аралас құрмалас сөйлемдердің құрамында жалғаулықты да, жалғаулықсыз да сөйлемдер болады. 

4. Тыныс белгілерінде сабақтастағы және салаластағы тыныс белгілерінің ережелері сақталады. 

5. Құрамындағы үш жай сөйлемнің біреуінің баяндауышы тиянақсыз болады да, қалған екеуінің  баяндауыштары тиянақты болып келеді.

Аралас құрмаластағы жай сөйлемдер өзара екі түрлі жолмен байланысады:

1) ешбір жалғаулық шылаусыз іргелес тұру арқылы;

2) жалғаулық шылаулар арқылы. Аралас құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдердің – бағыныңқы, басыңқы сыңарларының орын тәртібі әр түрлі болады. Мысалы: Көктем шығып, күн жылынды, бірақ таудағы қар әлі еріген жоқ. Құрылысы: бағыныңқы, басыңқы, басыңқы

Аралас құрмаластың тыныс белгілері:

  Аралас құрмаластағы жай сөйлемдердің арасына қойылатын тыныс белгі,негізінен,салалас пен сабақтаса құрмаласқа қойылатын тыныс белгілерінен құралады.

1.Егер араластың құрамында қарсылық мәнді жай сөйлемдер болса,ол басқаларынан үтір мен сызықша арқылы ажыратылады.

2.Араластың құрамында түсіндірмелі мәнді не себеп мәнді сөйлемдер болса,олар басқаларынан не қос нүкте,не сызықша арқылы ажыратылады.

3.Қалған жағдайлардың бәрінде араларына үтір қойылады.

Көп компонентті аралас құрмалас сөйлемдер құрамында өзара салаласып байланысқан компоненттер және сабақтасып байланысқан компоненттер бірдей қатысып ұйымдасады.

Қоңыр қойдың көзіндей қарашығы кішірейер еді, қасын қағып, селдір мұрты дірілдеп, өңі бұзылып қамығар еді.

Бұл сөйлемде салаласып байланысқан екі компонент бар:

1) Қоңыр қойдың көзіндей қарашығы кішірейер еді,

2) Қасын қағып қамығар еді

Екі сабақтастық жолмен байланысқан бағыңқы компоненттер бар:

1) селдір мұрты дірілдеп

2) өңі бұзылып

Көп бағыныңқылы құрмаластың тыныс белгісі.

Бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемнің ортасында айтылса,бағыныңқы сөйлемнің екі жағынан үтір қойылады

Learn more about creating dynamic, engaging presentations with Prezi