Introducing
Your new presentation assistant.
Refine, enhance, and tailor your content, source relevant images, and edit visuals quicker than ever before.
Trending searches
Қазақстанда игіліктер нарығының даму перспективасы
Игіліктер нарығы және оның қызметтері
Экспортты дамытудың 2008 - 2012 жылдарға арналған ұлттық бағдарламасын әзiрлеу мақсатында әлемдiк нарықтарға тауарларды жылжыту тәжiрибесi бар консалтингiлiк отандық және халықаралық ұйымдарды, оған сараптама мен бағалау жүргiзу үшiн тәуелсiз сарапшылар тарту, шикiзаттық мақсаттағы перспективалы қазақстандық тауарлар мен брендтердi, оларды әлемдiк нарықтарға одан әрi жылжыту үшiн олардың тiзбесiн қалыптастыру; Қазақстанның шикiзаттық тауарлардың ауқымды ассортимент өндiрушi ретiнде халықаралық имиджiн нығайту мақсатында отандық тауарларды әлеуеттi өткiзу нарықтарында - шетелде таныстыру iс-шараларын өткiзу, отандық тауарларды сыртқы сауданы жүзеге асыру кезiнде туындайтын сыртқы сауда дауларды реттеу арқылы сыртқы нарықтарға жылжытуға жәрдемдесу; "Қазақстанның дайын отандық өнiмдi үздiк экспорттаушысы" конкурсын өткiзудi ұйымдастыру республиканың өңiрлерiнде отандық iскер ортада және сыртқы нарықтарға, оның iшiнде шетелдiк экспорттаушыларды тарта отырып, отандық дайын өнiмдi экспорттық жылжыту мәселелерi бойынша өндiрушiлер арасында ақпараттық-түсiндiру iс-шараларын өткiзу. Қазақстанның бәсекеге қабiлеттi экономикасын құру әлемдiк экономикаға тығыз ықпалдасуына байланысты. Осыған орай, республиканың бүкiл әлемдiк сауданың 95 % келетiн Дүниежүзiлiк сауда ұйымына кiруi өзектi болып тұр. ДСҰ-ға кiру импортты тауарлар мен қызметтер үшiн Қазақстанның нарығын ашуға ғана әкеп соқпайды, сондай-ақ республика экономикасындағы реформаларды одан әрi тереңдетудi талап етедi.Келiссөздер барысында: тауарлар мен қызметтерге баға белгiлеу процесiндегi мемлекеттiң рөлiн азайту,сауда-экономикалық саясаттың транспаренттiгiн және кедендiк рәсiмдердiң ашықтығын қамтамасыз ету, зияткерлiк меншiктi қорғау, лицензиялар мен ветеринарлық сертификаттар беру жөнiндегi мәселелердiң кең ауқымы бойынша республиканың мiндеттемелерi қабылданады.
ДСҰ-ға кiру экономиканың қаржы, телекоммуникация, энергетика және көлiк секторларын одан әрi ырықтандыруды көздейдi. Осы секторлардағы бәсекелестiктi дамыту халықты және шаруашылық субъектiлерiн қоса алғанда, тұтынушылар үшiн қызметтердiң сапасын жақсартуға және құнын төмендетуге әкеп соғуы тиiс, түпкi нәтижесiнде қазақстандық тауарлар мен қызметтердiң бәсекеге қабiлеттiлiгiне оң әсер етедi.
ДСҰ-ның 135 мүше елдерімен саудалық қатынастарды жүргізетін Қазақстан үшін, аталмыш ұйымға кіру бірнеше себептер бойынша маңызды ДСҰ-ға мүше елдердің барлығымен қолайлы сауданы дамыту үшін, әсіресе инвестицияларды тарту үшін, сауда егестерін шеттетпей шешу мүмкіндігі үшін. Қазақстан экспортында шикізаттың басым екендігі, ал импортта дайын тауарлардың басым екендігі белгілі, ал бұл тиімсіз баға пропорциясын тудырады. Одан бөлек Қазақстандағы кедендік тарифтердің орташа бағамынан да төмен бұдан Қазақстандық экономиканың ашықтығы дәрежесі айтарлықтай жоғары, ал қазіргі күндегі кедендік тарифтер ішкі рынокты әлсіз қорғайды деп байлам шығарды.
Қазіргі жағдайларда сұраным заңының әрекеті инфляцияның күшті ықпалына тап келуде. Инфляция-бұл ақшаның құнсыздануы, ақша бірлігінің сатып алу қабілетінің құлдырауы. Егер бірқатар себептермен тауарлардың сонша санына бұрынғыдан екі есе көп ақша белгілері шығарылған болса, онда тауардың бірлігіне екі ақша бірлігі бұрынғыға қарағанда жартылай сатып алу қабілетіне не екендігін білдіреді. Нәтижесінде тауар бірлігі үшін екі ақша бірлігін төлеуге тура келеді. Біз тауардың «қалыпты» бағасы ретінде әдетте төлейтін ақша сомасын есептейтіндіктен, ақша бірліктерінің екі есе көп саны бағаның екі есе өсуі ретінде қабылданады. Ал іс жүзінде біздің шығындарымыздың екі есе өсуі жүреді ал тауардың өзінің бағасы болса, өзгерген жоқ, себебі енді екі ақша бірлігі бұрыгғы бір ақша бірлігінің орнына жүреді.
Инфляция тауардың ақшалай бағасы, өзінің көрінісін білдіретін түсінуді бізге сұраным заңын бұзу болып көрінуді ұқтырады. Ал іс жүзінде тауар бағасының өсуі өткен сияқты болады, ал сұраным көлемі болса бұған төмендеуімен жалғасқан жоқ. Өйткені, жалған өсу жүреді, сұраным оған өздігінен емес сұраным заңы бойынша жауап бермеді. Сұранымның өзгермеген көлеміне сұранымның көлемі сәйкес келеді. Соңғысы инфляция жағдайындағы табыс көлемінің өзгерістерін бірақ біздің тәуелділік шеңберінде баға мен сұраным көлемі арасында бейнелей алады, инфляция сұраным заңына ықпал етпейді.
Кейнстік үлгі бұл үлгі экономиканы жиынтық сұраныс жағынан қарастыру. Соынмен, жиынтық ұсынысты анықтайтын, негізгі фактор ретінде, жиынтық сұраныс есептеледі. Қысқа мерзімдік жиынтық ұсыныс қисығының горизонтальды қисық түрінде болады.
Өндірістің құлдырауынан үлкен шығындарды болдырмау үшін жиынтық сұранысты реттейтін белсенді мемелкеттік саясат қажет. Сондықтан кейнстік экономикалық теорияны көбіне жиынтық сұраныс теориясы деп атайды.
Жоспарланған шығындар үй шаруашылықтарының фирмалардың және үкімет тауарларға және қызмет көрсетуге жұмсауға жоспарлап отырған сомасы болып табылады. Нақты шығындар кенеттен болған өзгерістер жағдайында тауарлы-материалдық қорларға жоспарланбаған инвестициялар жасауға мәжбүр болған кезде ерекшеленеді.
Жоспарланған шығындар функциясы графикалық түрде жоғары қарай көлеміне ығыстырылған тұтыну функциясы ретінде бейнеленеді.
Берілген жағдайда талдаудың қарапайымдылығына таза экспорт көлемі жиынтық табыс тан автономды деп есептеледі. Сондықтан таза экспорт толығымен автономды шығындар көлеміне кіреді
Игіліктер нарығының қалыптасу ерекшеліктері
Игіліктер нарығының қалыптасуында, бірқатар күрделі мәселелер туындайды, оларды білмеу сұраным заңын талдауды қиындатуы мүмкін.
1. Инфляция ақша бірлігінің сатып алу қабілетінің құлдырауы
ретінде барлық тауарлардың барлық ақшалай бағаларының өсуін білдіреді. Бірақ, нарықтық экономика өзінен -өзі инфляцияға тәуелсіз түрде көптеген факторлардың ықпалымен бағалардың тұрақты қозғалысын қарастырады. Осы жағдайда мынадай мәселе туады: аталған тауарға бағаның өсуі инфляцияның немесе сұраным көлемі өзгерісіне соқтыруға тиісті нарықтың баға өсуі екендігін қалай аңғартуға болады? Баға өсуінің осы екі түрінің «инфляциялық және нарықтың түрлерінің араласуы сұраным заңының әрекетін күрделендіреді. Мұның үстіне олар қарама-қарсы бағыттарға жиі ықпал етеді-инфляция тауардың ақшалай бағасының артуына мәжбүр етеді, ол техниканың прогресс пен нарықтың бәсеке оның төмендеуіне әсер етеді.
2.Сатып алушы алдында бұдан да күрделі мәселе пайда болады. Оның ұтысы тауарды алған кездегі пайда мен шығындарды ара қатынасын дұрыс бағалай алуына байланысты. Бірақ дәл осы ара қатынас инфляция арқылы бұрмаланады. Оның көлемін есепке алу кез-келген сатып алушы әсіресе, бүгінгі шығын күткен пайдасынан әлденеше есе асып түсун қаламайтын инвестиция жасаушы адам үшін міндетті қағида болып табылады.
3. Ақырында келіп іс түпкілікті шатысады, өйткені, бір жағынан инфляция шындығында барша экономиканы шырмап алады да барлық тауарлардың бағасы өсуіне әкеліп соқтырады. Бірақ екінші жағынан осынау бағалардың инфляциялық өсуі біртегіс жүрмейді, яғни әртүрлі тауарларға ақшалай табыстарының инфляциялық өсуіне де осы қасиет тән, себебі тұтынушылардың әр алуан тобында ол да бірдей деңгейде жүрмейді.
Игіліктер нарығының классикалық және кейнстік түсіндірмесі
Осылайша, сұраным көлемінің тәуелділігін нарықтың баға қозғалысынан және бағалар мен табыстардың инфляциялық өсуінің сұраным көлемі қозғалысына ықпалын ажырата білу қажет. Бұған жеке алғанда, инфляциялық бағалармен табыстарды бұрынғыларға қайта есептеу, өзгермейтін бағалар деп аталатындар бойынша есептер жүргізу арқылы жетеді. Ұсыныс деп-тауардың бағасы мен сатушылардың белгілі бір уақыт аралығында сатқысы келетін заттарының көлемі арасындағы байланысты айтамыз. Ұсыныс заңы төмендегідей тұжырымды негіздейді: тауардың бағасы қымбаттаған сайын сатушылардың сату ынтасы арта түседі.
Тауардың бағасы мен сатушылар ұсынатын тауар көлемінің арасындағы байланысты кестелік әдіспен бейнелеуге болады.
Ұсыныс қисығы баға (Р) мен тауардың ұсынылатын көлемінің арасындағы пропорционалды қатынасты көрсетеді.
Енді осы айтылғакн байланысты функция түрінде бейнелесек, онда төмендегідей формуламен жазуға болады:
Qs=f (р)
Qs=ұсыныс көлемі (т, кг);
Р-тауардың бағасы теңге.
Ұсыныс концепциясы тауардың бағасы мен сатушылардың сатуға ұсынған осы тауардың көлемі арасындағы қатынасты қарастырады. Әрине, бағадан басқа ұсыныс көлеміне әсер ететін басқа да факторлар бар. Оған жататындар: еңбектің (жұмыс күшінің( бағасы, таурады өндіруге қажетті материалдар мен шикізаттардың бағасы , қолданылатын тауарлардың бағасы және нарықтағы сатушылардың саны.
Нарықты жағдайларды зерттеген уақытта, сұраныстың не себепті және қандай мөлшерде өзгергенін зерттеу үшін сұраныстың икемділік коэффициентін пайдаланады. Бұл абсолюттік емес салыстырмалық коэффициент. Сондықтан, сұраныстың икемділік коэффициенті зерттегелі отырған сұраныс функциясының факторы 1 пайызға өзгерсе, онда сұраныстың қандай мөлшерге өзгеретінін көсретеді.
Сұраныс теориясында үш түрлі икемділік коэффициенті пайдаланылады. Олар мыналар:
1) бағалық икемділік коэффициенті
2) табыстың икемділік коэффициенті
3) қиылысқан икемділік коэффициенті
Бұл жердегі бағалық икемділік коэффициенті (Ер) заттың бағасы 1%-ке өзгерсе, онда сол жерде затқа деген сұраныстың қандай мөлшерге өзгеретінін көрсетеді.
Бұл көрсеткіш сұраныс көлемінің осы тауардың бағасы өзгеруіне сезімталдығын анықтау үшін қолданылады, бірақ сұранысқа әсер ететін басқа факторлар тұрақты деп ұйғарамыз. Сұраныстың бағалық икемділігін (СБИ) шамасы теріс сан болады.
Сұраныстың бағалық икемділігін анықтаған кезде таураға деген сұраныс төмендегідей бес түрге бөлінеді:
1. икемді;
2. икемсіз;
3. икемділігі бірге тең;
4. өте икемді;
5. өте икемсіз;
Дж. М. Кейнс классикалық үлгінің негізгі жағдайлары мен қағидаларын жоққа шығарды және мынандай тұжырымдарды ұсынды
1. Экономикадағы нақты және ақша секторлары тығыз байланысты. Ақшаның бейтараптвлық принципі ақшаны мәні мен мағынасы бар деген қағидамен ауыстырылды. Бұл ақшаның нақты көрсеткіштерге әсер ететіндігін көрсетеді. Ақша нарығы, бағалаы қағаздармен қатар қаржы нарығының бір сегменті болып есептеледі және макроэкономикалық нарықтың бір бөлігі.
2. Тауар және еңбек нарықтары жетілмеген бәсеке жағдайында іс әрекет жасайды.
3. Баға қатаң, белгілі бір уақыт аралығында тұрақты болады.
Кейнстік макроэкономикалық үлгіде тауар нарығында баға қатаң болады, өйткені бұл нарықта әртүрлі нарықтық құрылымға жататын фирмалар жұмыс жасайды. Бұл фирмалар өндірген өнімдері мен көрсеткен қызметтеріне өздері баға тағайындай алады.
photo credit Nasa / Goddard Space Flight Center / Reto Stöckli