Introducing 

Prezi AI.

Your new presentation assistant.

Refine, enhance, and tailor your content, source relevant images, and edit visuals quicker than ever before.

Loading…
Transcript

KPMG жөнінде

KPMG Қазақстанда

Бизнеске деген ойланып ақылға салынған көзқарас, одақтық құндылықтарды ұстану және де, ең маңыздысы, біздің қызметкерлеріміз бүкіл әлемдегі KPMG фирмалары табысының негізгі факторы болып табылады. Бұл бөлім біздің компания жайында, көрсететін қызметтері, жетістіктері және одақтық мәдениеті туралы көбірек білуге көмектеседі.

Офистеріміз

ТМД-да KPMG-дың Арменияда, Азербайжанда, Грузияда, Қазақстанда, Қырғызстанда, Ресейде және Украинада бөлімшелері бар. Осы бөлімшелердегі қызметкерлердің жалпы саны 3 800 жуық адам.

KPMG – бұл аудиторлық, салықтық және кеңес беру қызметтерін ұсынатын халықаралық фирмалар желісі. Әлемнің 155 еліндегі KPMG офистерінде 155 000 астам қызметкер жұмыс істейді

1987 жылы PMI және KMG жетекші бухгалтерлік фирмаларының бір KPMG фирмасына бірігуі басталды.

1911 жылы William Barclay Peat & Co. және Marwick, Mitchel & Co. нәтижесінде Peat Marwick International (PMI) деген атауға ие болып, бухгалтерлік есеп пен кеңес беру қызметтері бойынша ең ірі халықаралық компаниялырдың біріне айналған, бір компанияға бірікті.

1979 жылы Клинфельдтың фирмасы Deutsche Treuhand-Gesellschaft және McLintock Main Lafrentz халықаралық фирмасымен бірігіп, Klynveld Main Goerdeler (KMG) деген бір фирма құрылады

Аудиторлық компания " KPMG "

KPMG

• "K" - Клинфельд (Klynveld). 1917 жылы Пит Клинфельд Амстердамда Klynveld Kraayenhof & Co.бухгалтерлік фирмасын ашты.

• "P" - Пит (Peat). Уильям Барклай Пит 1870 жылы Лондонда William Barclay Peat & Co. бухгалтерлік фирмасының негізін салды.

• "M" - Марвик (Marwick). 1897 жылы Нью-Йоркте Джеймс Марвик Роджер Митчелмен бірге Marwick, Mitchel & Co. бухгалтерлік фирмасын құрды.

• "G" - Герделер (Goerdeler). Др. Райнхард Герделер көп жылдар бойы Deutsche Treuhand-Gesellschaft төрайымы, ал кейінірек KMG төрайымы болды. Ол KPMG бірлесуі үшін негіз қалады.

Тарихы

KPMG 1987 жылы Peat Marwick International (PMI) және Klynveld Main Goerdeler (KMG) фирмаларының бірігуі арқылы құрылды. KPMG фирмаларының тарихы үш жүз жылдықты қамтиды. KPMG аббревиатурасы компания негізін салушылардың есімдерінің алғашқы әріптерінен құрастырылған және олардың фирмаларының тарихын KPMG тарихы деп есептеуге болады.

KPMG Қазақстанда

- Қазақстанда KPMG өз жұмысын 1996 жылы бастады.

- Қазақстандағы KPMG Алматыда, Астанада және Атырауда офистері бар, қызметкерлердің жалпы саны 450 астам адам.

KPMG бүгін

2011 жылдың 1 қазанда KPMG Europe LLP жаңа бөлімшесі ұйымдастырылды, бұл ортақ еуропалық KPMG фирмасын құру жолында алғашқы қадам болды. 2013 жылы KPMG Europe LLP бөлімі ТМД елдеріндегі KPMG болды.

Learn more about creating dynamic, engaging presentations with Prezi