Introducing 

Prezi AI.

Your new presentation assistant.

Refine, enhance, and tailor your content, source relevant images, and edit visuals quicker than ever before.

Loading…
Transcript

Қазақ жерінің Ресей құрамына қосылуының мәдениет саласындағы жағымды жақтары:

  • Ағарту саласы кеңейді;
  • Жергілікті халықгың дәстүрі мен мәдениеті жаңа сипат алды.

1831 жылы Омбы облысының қоныстарында орысша білім беретін училищелер ашу ұйғарылды.

1831 жылғы 18 қыркүйекте Семейде орысша оқытатын училище ашылды.

1836 жылы Өскеменде интернаты бар училище ашылды.

1850 жылы Орынбор шекаралық комис- сиясының жанынан орыс мектептері ашылды.

XIX ғасырдың бас кезінде Қазақстанда ағарту ісі негізінен шәкірттерге:

  • Мұсылман дінінің ережесі («Шариғат-ұл- иман»);
  • Құранның жетіден бір бөлігі («Әптиек») сияқты діни мазмұндағы кітаптарды үйретті.

Ағарту ісінің дамуындағы кемшіліктер:

  • Мұғалімдердің жетіспеушілігі;
  • Мектеп үйлерінің талапқа сай келмеуі;
  • Қаражаттың жетіспеуі.

Шөже Қаржаубайұлы(1808-1895 )

Туған жері: Көкшетау облысы,

Қызылту ауданы.

Қызметі: айтыскер ақын.

Жастай екі көзінен айырылып, ақындық өнері күн көрудің негізі болды.

Шөже - ірі эпик ақын, “Қозы Көрпеш - Баян сұлу” жырының ең көркем нұсқасы оның айтуымен тараған.

Ш.Уәлиханов Шөженің суырып-салма өнерін жоғары бағалады.

Тілеуке Құлекеұлы (Шал ақын)

(1748-1819)

Туған жері: қазіргі Ақмола облысы,

Көкшетау өңірі, Азат темір жол

стансасының маңы.

Қызметі: халық ақыны, Абылай ханның

замандасы әрі оның ширек ғасырдай уақытта

ең жақын қадірлес досы, сенімді батыры, беделді елшісі болып, Орта жүздің ішіндегі ел бастаған, қолбасшы адамы.

1742 жылы Орта жүз атынан Ресейдің қол астына қарау туралы ант берушілердің бірі

болған. Абылай хан атынан Ресей мемлекетіне елшілікке барғаны туралы деректер сақталған. Анасы - атақты Төле бидің қызы

Тұңғыш өлеңі «Өлеңге тоқтамайды Шал дегенің».

Дулат Бабатайұлы(1802-1871/74)

Туған жері: қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы.

Қызметі: жыршы, заманы туралы терең толғаған ойшыл,

әсемтілмен өрнектеген ақын. «Зар заман» ақындары аталған

ағымның алып тұлғасы. Қазақ халқының қиын халін көрген,

орыс отаршылдығын жаны ауыра жырлаған

Шыққан тегі - Найманның Қаракерей табы. Ақын жырлары

XIX ғ. 30-40 жылдарындағы тарихи жағдайларға байланысты туған.

“Бейшара менің қазағым”,“О.Сарыарқа, Сарыарқа!”,

“Ақжайлау мен Сандықтас” өлеңдерінен халықтың ауыр

жағдайына күйініші көрінеді.

Ақын бұрынғы хан билігіне қайтып оралуды армандайды.

Халық мүддесі және ел тәуелсіздігі жолында күрескен Еспембет биді дәріптейді.

1880 жылы жарық көрген «Өсиет-нама» дастанына патша үкіметі тиім салды.

Мұрат Мөңкеұлы(1843-1906)

Туған жері: қазіргі Атырау облысы, Қызылқоға ауданы,

Қарабау деген жер. 63 жасында Жайық бойындағы

Өрлік ауылында кайтыс болған.

Қызметі: XIX ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген

айтыскер ақын, жырау, майталман жыршы, термеші.

Руы - Беріш, оның ішінде Қаратоқай. Жастайынан әкеден

жетім қалып, ағасы Матайдың тәрбиесінде өседі.

Ауыл молдасынан оқып, мұсылманша хат танығын.

Есет би мен Абыл ақыннан өнеге алған. Мұрын жырау

Сеңгірбайұлына ұстаздық еткен.

Ол Жылқышы (17 жаста), бала Ораз (20 жаста),

Жаскелең (25 жаста), Жантолы, Шолпан, Тыныштық

сынды ақындармен айтысып, жеңіп шыққан.

“Үш қиян” өлеңінде патша үкіметінің отарлау жағдайындағы қазақтардың күйін суреттеген.

“Қазтуған”, “Шалгез” өлеңдері - өткен заманның жырауларының дәстүрін жаңа заман талаптарына сәйкес одан әрі дамытуға жол салған эпикалық үлгілер. Осы сияқты ел арасына танылған күйшілер, сазгерлер болды.

1809 ж. қарсыластары өлтірген Кіші жүздің ханы Жантөре атақты “Шалқыма” күйін шығарған.

XIX ғ. I жартысында өмір сүрген Әбіл ақын “Қырық ноғайлық батырлар” атты үлкен эпикалық үлгіні сақтап, кейінгі ұрпаққа қалдырды.

Сүйінбай Аронұлы(1822-1895)

Туған жері: Алмагы облысы, Жамбыл ауданы,

Қаракәстек деген жер.

Қызметі: белгілі қазақ ақындарының бірі. Ол кедей отбасыдан шыққан.

Әкесі Аронның шаруасы тым шағын болып, кейде ішер ас,

мінер атқа зар болған екен.

Ол 14-15 жасынан бастап ақындық өнерін машық ете бастаған.

Алғашқы бетте ел аузынан естіген аңыз-ертегілерді, қисса-жырларды

жаттап алып, жиын-тойларда айтып жүрген.

Сүйінбайдың Тезек төремен кездесуі- елге танылған шағы.

Қалада бұқараға сүйенген ақын тайсалмай сөйлеп, Тезек төрені

ел алдында әшкереледі.

Оңгүстік, Шығыс, Орталық Қазақстан жерін аралаған. Өзіне тұстас Майлықожа, Майкөт, Қаңтарбай, Тезек төре, Бақтыбай, Қатаған сияқтылармен кездескен, кейбірімен айтысқан. Өзіне дейінғі ақындардан өз атасы Күсептің жырларын, Жанкісі жыраудың өлеңдерін жақсы білген.

М.Әуезов Сүйінбайды «он тоғызыншы ғасырдағы Жетісу ақындарының алтын діңгегі» деп атаған.

1789 жылы Азиялық училище ашылып, монғол, маньчжур, қытай, парсы т.б. тілдерді оқытты.

1841 жылы Бөкей Ордасында Жәңгір ханның ұйымдастырылуымен татар, орыс тілінде оқытатын мектеп ашылды.

Халық ағарту ісі

XIX ҒАСЫРДЫҢ

I ЖАРТЫСЫНДАҒЫ

МӘДЕНИЕТ

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІМЕН

МӘДЕНИЕТІ

Шернияз Жарылғасұлы

(1807-1867)

Туған жері: Ақтөбе обпысы,

Ойыл ауданы.

Қызметі: халық ақыны,

Кіші жүз қазақ- тарының Исатай,

Махамбет бастаған ұлт- азаттық

көтерілісіне (1836-1838) қатысушы

және оның жалынды жыршыларыньің бірі.

Көтерілісшілер жеңіліске ұшыраған соң, Шернияз қуғындалды және оған қатаң бақылау қойылды. Осыдан кейін ол Баймағамбет сұлтанның қол астынан пана тауып, қалған ғұмырын осында өткізді.

Шернияздың әдебиет саласына қосқан жаңалығы — суырып салма өнерді жетілдіруі.

Феодалдардың оғаш мінездерін әжуалап, әшкереледі.

1813 жылы Омбыда, 1825 ж Орынборда әскери училище ашылып, ресейлік әкімшілік үшін шенеуніктер дайындады.

1837 жылы Сібір кадет корпусы болып қайта кұрылды.

1844 жылы орынборлық Неплюев кадет корпусы болып қайта құрылды.

XIX ғасырдың бірінші жартысында қазақ эдебиетінде екі идеялық ағым қалыптасты:

  • Еңбекші бұқара мүддесін білдірушілер.
  • Ақсүйектердің мүддесеін білдірушілер.

Қазақ халқының ХVIII-ХІХ ғ.ғ. музыкалық өмірін зерттеуде орыс ғалымдары мен саяхатшыларының сіңірген еңбектері маңызды. С.Г.Рыбаков 100-ден астам қазақ әндерін жинады. Этнограф А.А.Ивановский “Қырғыздың халық ақыны Ноғайбай” деген мақаласында қазақтың сазгер-әншілері шығармашылығының әлеуметтік мазмұны өткір болатындығын жазды.

XIX ғасырда музыкалық мәдениетінде елеулі із қалдырған 1836-1838 жылдар- дағы көтеріліс болды

Махамбет Өтемісұлы

(1803/04 -1846)

Туған жері: Ішкі Бөкей Ордасы

(қазіргі Батыс Қазақстан облысы,

Жәнібек ауданы, Нарындағы Бекетай кұмы).

Ол Қараой өңірінде (қазіргі Атырау облысы,

Махамбет ауданы) қайтыс болды.

Қызметі: ақын, күйші, композигор,

отаршылдыққа қарсы И.Тайманов бастаған көтерілісті (1836-1838) ұйымдастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы. Арабша, орысша білген:

20 жасында Жәңгір ханның ұлы Зұлқарнайынға тәрбиеші болған;

1824-1829 жылдары Орынборда тұрды;

1829 жылғы шаруалар толқуында қатысқаны үшін Махамбет Калмыков түрмесінде отырды.

Ақын өз шығармаларында үстем таптар озбырлығын айыптады. Махамбеттің өлеңдері 1836-1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісінің себептерін, мақсаттарын айқындайды. Поручик Айтов пен орыс әскерлерін Есей батырдың тұтқынан босатуға Махамбет көмектесті.

1846 жылы 20 қазанда Баймағамбет сұлтанның жеңдеттерінен қаза тапты.

Learn more about creating dynamic, engaging presentations with Prezi