- Ою-өрнек – ұлтымыздың мәдени дамуының шежіресі, халықтың өткен тарихы – рухани, мәдени-материалдық өмірінің айнасы.
Халқымыз молшылықты – дарияға, теңізге, бәйтерекке теңесе, батырды – арыстанға, қыран бүркітке теңеді. Сұлуды – ай мен күнге, хош иісті гүлге. Сол сұлулықты ою-өрнекке түсірді, дамытты. Өнертанушылардың бірі, отызыншы жылдарда «Қазақ халқының өнері туралы» деген зерттеу мақала жариялаған В.Чепелев: «Қазақтар тек ою-өрнек әлемінде өмір сүретін сияқты».
Ою-өрнектің сыр-сипаты салынатын материялға, өрнектелінетін заттың қандай мақсатта қолданылатындығына байланысты. Мысалы, ақ түс — әділдіктің, тазалықтың; қара түс — жердің, берекенің; жасыл түс — көктемнің, жастықтың; көк түс — судың, ашық аспанның символдарын білдіреді.
- Жұлдыз өрнегі — аспандағы жұлдыз көрінісіне ұқсайтын болғандықтан да осылай аталған. Көбінесе кілемдерде жиі қолданылады.
Ою-өрнек түрлері төрт топқа бөлінеді
1. Өсімдік тектес ою-өрнектер.
2. Жануар тектес ою-өрнектер.
3. Геометриялық фигуралар тектес ою-өрнектер.
4. Ғарыш әлеміне байланысты ою-өрнектер.
- Қос дөңгелек. Қазақ ою-өрнегінде геометриялық үлгінің жекеленген түрлері өте көне заманнан бері сақталған. Ол негізінен аспан әлемінде Күн мен Ай сынды ғаламшарлардың тылсымынан туған болуы керек.
- «Арқармүйіз» деп аталатын ою-өрнек қойдың мүйізін бейнелейтін оюдың түрі. Бұл элемент «қошқармүйізге» өте ұқсас, бірақ, оған қарағанда шиыршықтанып, тармағы одан көбірек болып келеді.
- «Қосмүйіз» ою-өрнегі қойдың, ешкінің, сиырдың екі мүйізін ғана бейнелейді. Қазіргі кезде «қосмүйіз» ою-өрнегін сәукелеге, айыр қалпақтың төбесіне, шетіне, қамзолдың алдыңғы жағына, салады.
Бауыржан Момышұлы: «Өткенді еске алып, ойға толам,
Сұрыптап тезге салып, көп ойланам,
Ой түбіне жете алмай титықтасам,
Қолыма қайшы алып, ою оям».
- «Ою-өрнек – рухани өмір айнасы»