Introducing 

Prezi AI.

Your new presentation assistant.

Refine, enhance, and tailor your content, source relevant images, and edit visuals quicker than ever before.

Loading…
Transcript

Геохимиялық ландшафт

Ландшафт геохимиясынығ негізгі бағыттары

1) Ландшафттың жалпы геохимиясы;

2) геохимиялық ландшафттар географиясы және олардың әрқайсысының геохимиясы;

3) геохимиялық ландшафтардың кеңістіктегі қалыптасу заңдылықтары, оларды аудандарға бөлу қағидалары мен картаға түсіру;

4) Ландшафт геохимиясыныңның әр геологиялық кезеңдерге байланысты тарихи ерекшеліктері;

5) ландшафтағы жеке элементтердің геохимиясы, олардың алмасуындағы заңдылықтар мен ерекшеліктер.

Ландшафттың химиялық элементтері:

  • Негізгі
  • Қосалқы

Табиғи жағдайларда ландшафтар әртүрлі категориялармен көрсетілген: үлкен белдемдермен (тайга, дала, шөл дала), тектоникалық жарылымдармен және бедер мінезімен сипатталаған ірі облыстармен, жергілікті ареалдармен және т.б. Топырақтарда және табиғи суларда белсенді миграцияланатын және сол облыстағы, аудандағы және бөлікшедегі ландшафтың өзіне тән ерекше белгісін анықтайтын элементтер типоморфты деп аталады. Негізгі типоморфты элементтерге және иондарға мыналар жатады: Si, Al, Fe, H, Ca, Na, Mg, Cl, SO4 және басқалары.

Тарихына қысқаша шолу

Ұғым түсінігі

Бұл ғылым 20-ғасырдың 40-жылдарында пайда болған. Ол ландшафттағы химиялық элементтердің көшуін, жиылуын зерттегенде геохимияның, әсіресе, биогеохимияның тәсілдерін қолданады. Жеке ғылыми бағыт ретінде Ландшафт геохимисының негізін қалаған орыс ғалымы — Б.Б. Полынов. Геохимиялық тұрғыдан қарағанда ландшафт — атмосферадағы, гидросферадағы, литосферадағы химиялық элементтердің күн энергиясы әсерімен алмасып отыратын жер бетінің бір бөлігі. Жердің терең қабаттарымен салыстырғанда ландшафтта қысым мен температура төмен болғанымен, атомдардың алмасуы көп түрлі әрі жылдам болады. Ландшафттағы химиялық элементтер миграциясының химиялық құрамын, зандылықтарын зерттейтін геохимияның тарауы

Геохимиялық ландшафт

Геохимиялық ғылымның дамуына байланысты ландшафт геохимиясына қатысты міселелер таныла бастады. Ландшафт географиялық қабықты құрайтын заттардан тұратын болғандықтан, олардығ құрамындағы химиялық элементтер литосферадан,атмосферадан,гидросферадан және биосферадан жиналады.

Ландшафт геохимиясы — географиялық ландшафтарда химиялық элементтердің химиялық құрамын және миграциясын (көшуін) зерттейтін геохимия мен физикалық географияның бөлімі.

Ландшафттардың геохимиялық көрсеткіштері

1) Ландшафт жыл сайын продуцирленетін тірі заттардың саны;

2) Ландшафт құрамындағы тірі заттардың жалпы саны;

3) Тірі заттың сапасы, яғни организмдердің жеке түрлерінің және органогенді қосындылардың спецификасы (ақ уыздар, көмірсулары, лигнин және т.б.);

4) Өлі органикалық қалдықтардың ыдырауының интенсивтілігі;

5) Ландшафта жинақталатын өлі органикалық заттардың (гумус, торф және т.б.) саны және сапасы;

6) Жыл сайын биологиялық айналымға түсетін топырақтағы минералды элементтердің саны;

7) Биологиялық жұтылудың қатарлары (элементтерді жұтуға организмдердің таңдау қабілеттері);

8) Элементтер миграциясының коэфициенттері;

9) Типоморфты химиялық элементтер және иондар;

10) Табиғи сулардың геохимиялық ерекшеліктері;

11) Топырақтарда немесе морылу қыртысында жинақталатын минералды қосындылар;

12) Топырақтың, тұнбаның, морылу қыртысының маңызды ауыстырушы катиондар;

13) Сирек және шашыранды элементтер;

Супераквалды ландшафт

Бұлландшафт түрінің ерекшелігі грінтты сулардың жоғарғы қабаттарға көтерілу қасиеті. Грунт суы капилярлармен жоғарғы бөлікке,яғни өсімдік тамырлары орналасқан бөлікке көтеріледі.

Элементарлы геохимиялық ландшафт

Субаквальды ландшафт:

Су қоймаларының түбіндегі ландшафт

  • Элювиалды геохимиялық ландшафт: бұл ландшафт түрі грунттық судың астыңғы қабаттарда жиналып, топыраққа әсер етпеген кезде пайда болады.Яғни осыған байланысты профиль элменттері астыңғы қабаттарға шайылып , топырақи элементтерге кедейленеді.Осығын байланысты Глазовская оны тағы 4 топқа бөледі:
  • Пермацидті-грунтты суға жетеді
  • Импермацидті-грунтты суға жетпейді
  • Жоғарғы элювиалды-топырақ кескіні бойымен
  • Элювиалды тоңазитын-төменгі қабатта мұзды бөлік кездеседі

Геохимиялық ландшафт

Геохимиялық ландшафт – А.И. Перельман бойынша, «бұл өзара элементтер миграциясымен байланысқан, жанасқан элементарлы ландшафтардың парагенетикалық ассоциациясы».

Орындаған:Кулмаганбетова Д.Д

Телағысова А.Т.

Бекмадин Б.

Ақбар Ш.

add logo here

Learn more about creating dynamic, engaging presentations with Prezi