Wird geladen...
Transkript

Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметi туралы

14-бап. Бағалаушының құқықтары

Бағалаушының:

1) дереккөзiн көрсете отырып, бағалау стандарттарына және (немесе) халықаралық бағалау стандарттарына сәйкес бағалау әдiстерi мен бағалау амалдарын өзі дербес қолдануға;

2) бағалау жүргiзу кезiнде тапсырыс берушiден бағалау объектiсіне, сондай-ақ бағалауды жүзеге асыру үшін қажеттi құжаттамаға толық көлемде қолжетiмдiлiкті қамтамасыз етудi талап етуге;

3) тапсырыс берушiнің бағалауды жүзеге асыру үшін қажеттi түсiндірмелерін, сондай-ақ қосымша мәлiметтер алуға;

4) қажеттілігіне қарай маманды (мамандарды) бағалау жүргізуге қатысуға шарттық негізде тартуға;

5) егер тапсырыс беруші бағалау жүргізу шартының талаптарын бұзған және бағалау объектісі туралы қажетті ақпараттың берілуін қамтамасыз етпеген жағдайларда, бағалау жүргізуден бас тартуға;

6) мемлекеттік құпияларды, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, бағалау жүргізуге қажетті ақпаратты үшінші тұлғалардан жазбаша немесе ауызша нысанда сұратуға құқығы бар.

8) тапсырыс берушінің талап етуі бойынша бағалаушылар палатасына мүшелігі туралы ақпарат беруге;

9) бағалау туралы жасалған есептерді бес жыл бойы сақтауға;

10) өз құқығын басқаға сеніп тапсырмай, бағалау объектiсін тiкелей зерттеп-қарауды жүзеге асыруға, сондай-ақ ол бойынша құжаттаманы зерделеуге;

11) бағалаушы мүшесі болып табылатын бағалаушылар палатасына өзі еңбек шартын жасасқан заңды тұлға туралы ақпаратты, сондай-ақ осы ақпараттың кез келген өзгерістері туралы мәліметтерді еңбек шарты жасалған және (немесе) өзгерістер туындаған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде беруге;

12) есеп жасалған күнді және оның реттік нөмірін, бағалау объектісін, айқындалған құнның түрін көрсете отырып, көрсетілген кезеңде қол қойылған бағалау туралы есептер туралы ақпаратты бағалаушылар палатасы көздеген тәртіппен тоқсан сайын беруге;

13) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда мемлекеттік органдардың, өзге ұйымдардың, лауазымды адамдардың, өзі мүшесі болып табылатын бағалаушылар палатасының талап етуі бойынша оларға сақтаулы тұрған бағалау туралы есептердің көшірмелерін немесе ақпаратты беруге міндетті.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 8), 9), 12) және 13) тармақшаларының талаптары заңды тұлғамен еңбек шартын жасасқан бағалаушыларға қолданылмайды.

Бағалаушы еңбек шартын жасасқан заңды тұлға осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 3), 6), 7), 8), 9), 12) және 13) тармақшаларында көзделген талаптарды сақтауға міндетті.

Осы баптың 1-тармағының 2), 3) және 6) тармақшаларында көрсетілген, бағалау нәтижелерiнiң анықтығына елеулi түрде әсер ететiн ақпаратты беруден бас тартылған жағдайда, бағалаушы ол жөнінде бағалау туралы есепте көрсетедi.

Бағалаушылар палатасы бағалаушылардың өзін-өзі реттейтін ұйымдарының тізілімінен алып тасталған күннен бастап үш ай ішінде, оның мүшелері болып табылатын және басқа бағалаушылар палаталарына кірмеген бағалаушылар бағалау қызметін бағалаушылар палатасы бағалаушылардың өзін-өзі реттейтін ұйымдарының тізілімінен алып тасталған күнге дейін жасалған шарттар бойынша ғана жүзеге асыруға құқылы.

Осы баптың 1-тармағы 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларының және 3-тармағының ережелері бағалаушы еңбек шартын жасасқан заңды тұлғаға қолданылады.

Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметi туралы

15-бап. Бағалаушының міндеттері

1) бағалау қызметiн жүзеге асыру кезiнде осы Заңның, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң және бағалау қызметі стандарттарының талаптарын сақтауға;

2) бағалаушылардың iскерлiк және кәсiптiк әдеп кодексін сақтауға;

3) бағалау туралы анық емес есептің жасалуына жол бермеуге;

4) бір ғана бағалаушылар палатасының мүшесі болуға;

5) бағалаушылар палатасы белгілеген жарналарды төлеуге;

6) объективтi бағалау жүргiзуге кедергi келтіретін мән-жайлар туындаған жағдайда, тапсырыс берушiге немесе бағалаушы еңбек шартын жасасқан заңды тұлғаға өзiнiң бағалау жүргiзуге қатыса алмайтындығы жөнінде хабарлауға;

7) бағалау жүргiзу барысында тапсырыс берушiден және үшiншi тұлғалардан алынатын құжаттардың, ақпараттың сақталуы мен құпиялылығын қамтамасыз етуге;

2. Егер:

1) бағалаушының бағалау объектiсiне қатысты шарттан тыс заттық немесе мiндеттемелiк құқықтары болса не ол осы құқықтарды иемденетін болса;

2) бағалаушының бағалау объектiсiне мүліктік мүддесі болса;

3) бағалаушы тапсырыс берушінің үлестес тұлғасы болып табылса;

4) тапсырыс беруші-заңды тұлға бағалаушының кредиторы немесе сақтандырушысы болып табылса;

5) бағалаушы тапсырыс беруші-заңды тұлғаның акционерi, құрылтайшысы, жұмыскерi, меншiк иесi, қатысушысы, кредиторы, дебиторы, демеушiсi болып табылса не бағалаушы жеке тұлғаның – тапсырыс берушiнің жақын туысы немесе жекжаты болып табылса;

6) бағалаушы заңды тұлғаның жұмыскері болып табылғанда, заңды тұлғаның басшысы не ол уәкілеттік берген адам жеке тұлғамен – тапсырыс берушімен және (немесе) заңды тұлғаның басшысымен не уәкілетті адамымен жақын туыстық немесе жекжаттық байланыста болса;

7) жасалған жария шарттардан туындайтын міндеттемелерді қоспағанда, бұл мүдделер қақтығысының туындауына алып келсе немесе осындай қақтығыстың туындау қатерін төндірсе, бағалаушының бағалау жүргізуіне болмайды.

Бағалаушның құқықтары мен міндеттері

Дарибаев Дильшат 18.528