Иіс сезу нервтер, иіс сезу рецепторымен байланысты пайда болған иіс сезі миынан дамиды. Бұл нервтер алдыңғы ми өсінділері болғандықтан оларда болмайды да, мұрын қуысының шырышты қабығының regio olfactoria аймағыда жайғасқан иіс сезу жасушаларының орталық өсінділерінен құралған саны 15-20, жіңішке нерв жіптерінің, fila olfactoria, жиынтығы болып табылады.
Анатомиялық нерв тракті
Зақымдану симптомдары
Regio olfactoria (обонятельной области)
lamina cribrosa ossis ethmoidalis (горизонтальная пластинка решётчатой кости)
bulbus olfactorius (обонятельная луковица)
tractus olfactorius (тракт)
trigonum olfactorium (обонятельный треугольник).
Эмбриогенез үрдісінде көз бокалының аяқшасы
ретінде аралық мидан өсіп
шығады, филогенез үрдісінде
жарық рецепторымен
байланысты пайда болатын
ортаңғы мимен байланысқан.
Кіреберіс-ұлу нерві бет нервінен бөлініп шыққан афферентті нерв, есту және тепе-теңдік мүшесінен келетін сомалық-сезімтал талшықтары бар. Ол екі pars vestibularis және pars cochlearis бөліктерінен тұрады. Олардың қызметі әр түрлі: кіреберіс бөлігі ішкі құлақ лабириттің кіреберісі мен жартылай шеңберлі түтіктерде жайғасқан статикалық аппаратардың импульстарды өткізеді де, ал ұлу дыбыс тітіркенулерін қабылдайтын иірімді мүшеден есту импульстарын өткізеді.
Көру анализаторы 4 невроннан тұрады:
- Бірінші неврон - көздің торлы қабықшасындағы таяқшалар мен сауытшалар
- Екінші неврон - көздің торлы қабықшасындағы биполярлы клеткалар
- Үшінші неврон - көздің торлы қабықшасындағы түйірлі клеткалар, олардың аксондары өзара бірігіп көру нервін құрастырады.
- Төртінші неврон - клеткалары сыртқы иінді денеде орналасқан. Олардың аксондары көру жолын құрастырады.
Зақымдану симптомдары
- Көздің көргіштігін тексеру
- Көздің аясын тексеру
Көру анализаторын тексеру
- Көздің көргіштігін Сивцев кестесі арқылы зерттеу
- Көздің аясын периметр арқылы тексеру
Көз қозғалтқыш нерв - дамуы жағынан бірінші құлақ алды миотомының қозғалыс түбіршегі, бұлшықеттік нерв болып табылады.
Оның құрамында:
- Соммалық - қозғалыс ядросынан көз алмасының сыртқы бұлшықеттеріне баратын эфферентті талшықтар.
- Ішкі көз бұлшықеттеріне, қосымша ядросынан шығып баратын парасимпатикалық талшықтар.
5 ядросы бар: 2 ірі клеткалы соматикалық, 3 ұсақ клеткалы парасимпатикалық ядролар - Якубович жұп ядросы және Перлеа дара ядросы. Бұл ядролар ортаңғы мидың қақпағында, сильвису жолының түпкірінде, төрт төмпешіктің алдыңғы жағында орналасқан.
- Екінші желбезек доғасы нерв ретінде одан дамыған бұлшықеттерді барлық мимикалық және тіласты бұлшықеттерінің тіл бөлігін нервтендіреді және оның құрамында қозғалыс ядросының осы бұлшықеттерге баратын эфферентті талшықтары мен сол бұлшықетердің рецепторларынан шығатын афферентті талшықтары болады. Сондай-ақ онық құрамында аралық, n.intermedus, нервке жататын дәм сезу және секреттік талшықтары бар.
- Құраушы бөліктеріне сәйкес бет нерві көпірде жайғасқан үш ядросы бар: қозғалыс-nucleus motorius nervi facialis, сезімтал ядросы-nucleus solitarius және секретті ядросы-nucleus solitarius. Соңғы екі ядросы nervus intermedius-ке жатады.
- Бет нерві көпірдің артқы жиегінің бүйір жағында кіреберіс-ұлу нервімен қатарласа, lenea trogeminofacialis-тен шығады. Соданкейін соңғы нервпен бірге ішкі есту тесігіне өтіп, без қзегіне сanalis facialis енеді. Нерв өзекте алдымен горизонталды жазықтықта дабыл қуысының ішкі қабырғасының жоғарғы бөлігінде өтеді. Дабыл қуысының артқа қабырғасында нерв қайтадан иіліп, тік төмен түсіп, foramen stylomastoideum атқылы бассүйекте шығады. Нервтің артқа қарай бұрылатын жерінде бұрыш түзіледі.
Көз-қимыл нервісі ми аяқшасының ішкі қапталынан төмен қарай жанай өтіп, ми аяқшасы мен варолий көпірі аралығынан өтеді де кавернаға синусын қабырғалай көз шарасының жоғарғы саңылауына жетіп, сол арқылы бас сүйек қуысынан шығады. Нерв көз алмасының 5 бұлшықетін және көздің бірыңғай салалы еттерін нервтендіреді.
Көз қарашығы реакциясының
бұзылуы
- Арджиль - Робертсон симптомы
- Арджиль - Робертсон симптомына қарама-қарсы
- Ішкі офтальмоплегия синдромы
- Вебер синдромы
- Бенедикт синдромы
- Фовилл синдромы
- Гертвинг Можанди синдромы
Оның ядросы ортаңғы мидың қақпағында төрт төмпешіктің төменгі төмпешігі маңайында орналасқан. Нерв сильвий су жолын айналып өтіп, ортаңғы мидың қақпағы тұсынан мидың ішінен шығады. Мидың алдыңғы желкенінде екі жағынан айқасып, ми аяқшасының сыртымен үлкен мидың астына түседі де алға қарай қуыстанған қойнауды қабырғалай өтіп, көз шарасының жоғарғы саңылауы арқылы бас сүйек қуысынан шығадыда көз алмасының жоғарғы қиғаш етін нервтендіреді.
Ядросы варолий көпірдің қақпағында ромбы тәрізді шұңқырдың түбіндегі бет нерві ілмегінің ішінде орналасқан. Варолий көпірі мен сопақша мидың пирамидасы аралығында ми бетіне келеді де қуыстанған қойнаудың алдымен көз шарасының жоғарғы саңылауы арқылы бас сүйек қуысынан шығып, көз алмасының сыртқы түзу бұлшықетін нервтендіреді