Соңғы жылдарда тағамдық өнімдерді дайындау үшін әртүрлі тағамдық қоспалар көптеп қолданылады. Олар тағамдардың түрі мен дәмін неғұрлым тартымды етеді және ұзақ сақтауға себеп болады
Бірақ барлық тағамдық қоспалар адам денсаулығына зиянсыз деп айта алмаймыз. Олардың ішінде қайсысы тағамды неғұрлым пайдалы етеді, қайсысы зиянды әсерін тигізетінін әртүрлі тағамдық өнімдерді эксперимент жүзінде дәлелдеп көруге болады. Біздің өзіміздің не ішіп не жіп үргенімізді білу өте маңызды.
Тағамдық қоспалар-тағамның сапасын жақсарту , сақталу мерзімін ұзарту, бұзылып кетуге жол бермеу, қоректік заттардың құрамын өз қалпында сақтауын қамтамасыз ететін түрін, иісін, дәмін сақтау үшін қолданылатын қолданылатын заттар.
Тағамдық қоспаларды адамдар ертекезден ақ пайдаланып келеді. Олар тұз,қыша,бұрыш,қалампыр сияқты өсімдік бояулары.19 ғ аяғына қарай химияның дамуына байланысты тағамдық қоспалардың көптеген түрі алынды. Жиырмасыншы ғасырда түрлі тағам қоспаларын өндіруді бастады.Аз уақытта олар дүниежүзіне таралды.Қазіргі таңда қоспалар барлық тамақ өндірісінде қолданылады.
Тағамдық өнімдерінің қораптарының , орауыштарының сыртында бізге түсініксіз химиялық атауларды ыңғайлы, әрі қысқы атау мақсатында Европа мемлекеттері кеңес келе тағамдық қоспаларға Е әрпі арқылы белгіленетін кодты енгізді.
Бояуларды тағамдық өнімдерге қосу себебі өңдеу немесе сақтау процесі кезінде жойылған табиғи түсін қалпына келтіру, табиғи түсін жетілдіру , түссіз өнімдерді бояу,тартымды түс беру үшін қолданылады. Мысалы, алкогольсіз сусындар, балмұздақ,кондитерлік өнімдер, т.б
Е- Европа немесе ағылшынша- жеуге болады деген мағынаны білдіреді. Әрбір тағамдық қоспаның үш-төрт сандық коды бар. Тағамдық қоспаның коды оның қандай функционалдық топқа жататынын білдіреді. Қазіргі кезде тағамның отызға жуық функционалдық тобы бар.
Өздері газ бөліп, тағамның көлемін үлкейтетін заттар немесе заттар қоспасын көпсіткіштер дейміз.Осылай қамырдың көлемін өзгертеді, ашытқыш әсерін қалыптастырады.
Табиғи бояулар
Куркум-көпжылдық шөптесін өсімдіктен алынатын табиғи бояу.Суда ерімейді, спиртті ерітінді ретінде қолданылады.
Карамель-қантты күйдіргенде алынатын өнім.Сусындарды, кондитерлі өнімдерді бояу үшін қолданылады.
Дәмдеуіштер тағамның дәмін кіргізе отырып, оның құрылымын сақтайды, сапасы төмен азықтардың дәмн кіргізеді.Мысалы, сапсы төмен етті,балық,саңырауқұлақ.Қазіргі кезде кең таралған дәмдеуіштің түрі-натрий глутаматы Е621. Натрий глутаматын жиі қолданатын адамдардың 30 пайызы бас ауруына жүрек қағысының өзгерісіне, бұлшық еттегі әлсіздікке себеп болады.Таза күйде иісі жоқ, барлық тағамға дәм береді
Синтетикалық бояулар-табиғатта кездеспейтін органикалық қосылыстар.Олардың дәмі де, витамині де,биологиялық активілігі де жоқ.Бірақ бұлардың табиғи бояуға қарағанда алынуы оңай.Олар өңдеуге оңай, түсі қанық және ұзақ сақталады. Мысалы, тартразин Е102 ,тағамдарға сары және қызыл түс береді,тағамдық аллергия туғызады.Е127 қалқанша безі ауруын тудырады.