Құлиеленушілік қоғам күйреп, оның орнына Батыс Европа елдерінің қай-қайсысында да феодалдық қоғамдық қатынастар қалыптасып, христиан дінінің кең етек алып, тауарына байланысты «шіркеу әкейлері» мен «пұтқа табынушы-лар» философиясының арасындағы мәмлеге келмес күрестің өрбу деңгейіне бай-ланысты ортағасырлық философияны негізгі үш кезеңге бөліп қарастырады.
Аквинский Құдайдың бар екендігінің бес дәлелін келтіреді:
1) Дүние дегеніміз қозғалыс. Әрбір зат қозғалысының бастауы бар, бұл қағида сезімдеріміз арқылы дәлелденеді. Осы қозғалысқа алғашқы күш беретін – Құдай.
2) Екінші дәлел «туындатушы себеп» ұғымынан шығады. Дүние себеп пен салдардан тұрады. Әр заттың себебі бар. Алғашқы себеп – Құдай.
3) Үшінші себеп кездейсоқтық пен қажеттілік ұғымдарына негізделген. Дүниеде кездейсоқ нәрселер көп, бірақ қажеттілік, заңдылықтың бар екендігі күмәнсіз. Мысалы, планеталар қозғалысы, адамдардың өмірі. Осы қажеттілік-заңдылықтарды туғызатын Құдай.
4) Заттардың жетілу дәрежелері әр түрлі. Бір зат толық жетілген, екіншісі шамалы жетілген. Абсолютті, ең жоғары жетілген – тек Құдай ғана.
5) Ақылы жоқ заттар да белгілі бір мақсатқа, ретке бағынып, табиғатта өмір сүреді. Олардың бәріне мақсат сілтеп отыратын – Құдай.
Жалпы ұғымдар - универсалийлер реалды өмір сүреді, олар әуелбастан бар деушілер тобы реалистер (латынша «шын» деген сөзден шыққан) деп, ал олардың философиялық бағыты реализм деп аталды.
Реалистердің көрнекті өкілдерінің бірі - Италияда (1033-1109 ж.ж.) өмір сүрген архиепископ Ансельм Кентерберский болды. «Егер құдай жоқ болса, құдай туралы ұғым да пайда болмас еді. Ал, құдай туралы ұғымның бар екені ырас болса, демек құдайдың да бар болғаны»-дейді Ансельм.Бұны Ансельм «Құдай болмысын онтологиялық жолмен дәлелдеу» деп атаған.
Б.з ІІғ.-нан бастап, алғашқы христиандық ойшылдардың ілімдерін жиынтықтап, кейін аполегетика (қорғау) деген діни-философиялық бағыт пайда болады. Өкілі- Тертуллиан Квинт өз ілімдерінде христиан діні ежелгі грек философиясы сияқты жалпыадамзат алдында тұрған маңызды да күрделі мәселелерді көтеріп, оларға ежелгі грек философтарынан гөрі тереңірек, ауқыды және ұтымдырақ жауап береді. "Барлық нақтылықтың денесі бар. Құдай - нақтылық. Демек, құдайдың да денесі бар. Жалпы нақтылықтың уақыттық бастамасы жоқ".
Материалистік ағымды білдіретін көзқарасты ұстанушылар - номиналистер (латынша потіпіз - «алау» деген сөз) деп аталады.
Ортағасырдағы философиядағы негізгі күрес, айтыс «универсалий» деп аталатын жалпы ұғымдар, жалпылама мәселелердің төңірегінде, жалпының жекеге қатынасы жайында болды. Философтар екі топқа бөлінді.
Уильям Оккам (1300-1349 ж.ж.) - номиналистік бағыттың негізгі өкілі, ағылшын ғұламасы. Оның пікірінше, әлем жеке заттар мен мәндерден тұрады. Философиялық ақиқат пен діни ақиқат екі түрлі құбылыс. Ғылым үшін философия үшін ең маңызды нәрсе - интуиция мен білім арқылы ақиқаттығы дәлелденетін фактілер. Ақыл-ой күшімен Құдайды, оның бар екендігін бұлжытпай білдіретін фактілер болғандықтан, оған сену ғана керек.
Схоластика
Патристика (раіер - әке) деп шіркеу әкейлерінің діни философиялық ілімдерін айтады (Ш-VI ғ.ғ.).Негізгі өкілі: Августин Блаженный (354-430 ж.ж.)
Құдайдан шығатын нәрсенің бәрі ізгілік, жақсылық болса, зұлымдық қайдан шығады? Августин зұлымдықты үш түрге бөледі:
1) метафизикалық-онтологиялық – зұлымдық болып көрінетін нәрсенің өзі жалпы универсалдық оптика деңгейінде жоғалып кетеді. Зұлымдық туралы пікіріміз кебіне субъективті. Әрбір нәрсенің болмыстық мәні бар, яғни жағымды бірдеңеге ие.
2) моральдік зұлымдық – күнә. Күнә залым жігерге тәуелді. Құдайға берілгендікті өзгерту де моральдық зұлымдық.
3) физикалық зұлымдық – ауру, қайғы, күйзеліс және өлім – мо-ральдық зұлымдықтың салдарлары.
Ортасырлық Батыс Еуропалық философия
Фома Аквинский Платонның идеализмі мен Аристотельдің философиялық идеалистік жақтарын пайдалана отырып, діни-идеалистік томизм философиясын жасады.
Оның ілімінше, материя формадан бөлек өмір сүре алады. Бұл, Фоманың айтуынша, ешбір материалдық дене жоғары формадан, яғни жаратушы құдайдан тәуелсіз өмір сүре алмайды, содай-ақ құдай - таза рухани жан деген сөз.
Патристика
Фома Аквинскийдің ілімінше, жалпы идеялар универсалийлер үш түрлі өмір сүреді:
1. Зат пайда болғанға дейін - құдайдың ойында ;
2. Заттардың өзінде - олардың мәні ретінде ;
3. Заттардан кейін, адамдардың ақыл-ойында - сол заттардың ұғымы, абстракциялық ойдың нәтижесі ретінде.
Рим шіркеуі әулие Августинді сенім мен ақылдың үйлесімділігі тұрғысынан христиандық діни ілімді негіздеудегі орасан зор сіңірген еңбегі үшін “әкей” ретінде мойындаса, көптеген батыстық зерттеушілер оны “батыстық ортағасырлық мәдениеттің ұлы құрылысшысы” деп атайды. Аврелий Августин өзінің “Құдай қаласы туралы” еңбегінде атақты формуласын - “credo ut untelNyam, mtelNdo ut credam” (ұғыну үшін сенемін, сену үшін ұғынамын) формуласын негіздейді.
Августин Құдай болмысының үш дәлелін келтіреді:
1) Гректердің өзі дүниені жаратушының бар екені туралы идеяны айтқан. Дүниенің сантүрлілігі мен өзгермелілігі, оның объектілерінің әдемілігі оны ұлы да әсем, көзге көрінбейтін және білінбейтін Құдай жаратқанын дәлелдейді.
2) Екінші дәлел -сопsепsus gепtіиm (адамзаттың ауызбіршілігі). Табиғаты түгелімен бұзылған адамдардан басқа адамзат ұрпағы Құдай
дүниені Жаратушы деп мойындайды.
3) Ең жоғарғы бақыт бұл өмірде емес, о дүниеде. Оған Құдайды сүйе алған адам ғана жетеді.
Құдай Дүниені Жаратушы. Неден жаратты? «Ештеңеден», онымен бірге Құдай уақытты да жаратты. Адамды Құдай сезімдік дүниенің соңғы «рациональді жануары» ретінде жаратқан, оның жаны өлмейді, мәңгілік, ол өлетін болса, Ақиқат та өледі.