Грегор Иоганн Мендель
Ольмюц университеті жанындағы философия класын бітірген (1843). Мендель бұршақ өсімдігіне ұзақ уақыт бойы (1856 – 1865) жүргізген зерттеу тәжірибелерінің нәтижесінде Өсімдік будандарымен жүргізілген тәжірибелер деген еңбегін жариялады. Ол тәжірибелері арқылы тұқым қуалаушылықтың негізгі заңдылықтарын ашты. Кейін бұл Мендель заңдылықтары деп аталды.
Бірақ, оның еңбегі өз замандастарының арасында толық қолдау таппады. Тек 1900 жылы тиісті бағасын алды. Х. де Фриз (Голландия), К. Корренс (Германия) және Э.Чермак (Австрия) секілді ғалымдар әр түрлі өсімдіктерге тәжірибелер жүргізіп, соның нәтижесінде Мендель заңдылықтарының дұрыстығын дәлелдеді. Көп кешікпей бұл заңдылықтардың жануарларға да тән екендігі анықталды. Сондай-ақ Мендель бау-бақша, ара шаруашылығы және метеорология салаларында да зерттеулер жүргізген.
Мендель аустрияның Хайцендорф деп аталатын (қазiргi Чехияда) ауылда немiс-славян шаруа жанұясында дүниеге келдi. Мендельдiң арғы аталары ХVII ғасырдың басынан осы ауылда тұрған. Оның ата-аналары, Антон мен Розинаның үш баласы болды. Иоганн жанұядағы жалғыз ұл болды. Бала кезiнен бастап әкесi оны ауылшаруашылық жұмыстарына араластырды, Иоганн бақ пен ара шаруашылықтарын ұнатты.
Грегор Иоганн Мендель. (22 шілде 1822 жыл, Хейнцендорф, Аустрия империясы – 6 қаңтар 1884 жыл, Брно, Аустрия-Венгрия) — аустириялық биолог және ботаник, белгілі табиғат зерттеуші, тұқым қуалау заңдылықтарын (Мендель заңдылықтары) алғаш ашқан ғалым, генетиканың негізін салушы, монах.
Гибридологиялық әдіс
Тұқым қуалаушылықтың заңдылықтарын зерттеудің ғылыми негізінГрегор Мендель қалады. Ол өз тәжірибелеріне қолайлы объект ретінде асбұршақты (Pіsum satіvum) алды. Себебі, басқа өсімдіктермен салыстырғанда асбұршақтың мынадай айрықша қасиеттері бар:
бірнеше белгілері бойынша бір-бірінен айқын ажыратылатын көптеген сорттары бар;
өсіруге қолайлы;
гүліндегі жыныс мүшелері күлтежапырақшаларымен толық қалқаланып тұратындықтан, өсімдік өздігінен тозаңданады. Сондықтан, әр сорт өзінше таза дамып жетііндіктен, белгілері ұрпақтан-ұрпаққа өзгеріссіз беріледі;
бұл өсімдіктің сорттарын қолдан тозаңдандыру арқылы өсімтал будандар алуға болады.
Мендель шетелдерге шығып тұрды. 1862 жылы Францияда болды, одан кейiн Англияда Екiншi Дүниежүзiлiк көрмеге қатысты. 1868 жылы Рим папасына прелат ретiнде кездесуге барды, 1871 жылы Гамбургте және Килдегi ара шаруашылығына арналған съездiнде, кейiн Берлинде болды. 1879 жылы Мендель Венецияға барып қайттыю
Прелат қызметi оны толығымен өзiне қаратып алды. Монастырдың үлкен шаруашылығына жетекшiлiк ету көп уақытын алды. Бiрақта Мендель көптеген қаланың және мекемелердiң жұмыстарына қатысты. 1876 жылы Мендель Морав банкiсiнiң директоры болды. Ол Морав ландтагының депутаты болып сайланды. Мендельдiң өмiрiнiң соңы монастырға салынған шiркеу салығы үшiн шайқаспен ұласады. Мендель 1884 жылы 6 қаңтарда Брайт ауруынан қайтыс болды. Мендельдiң дүние жүзiне атының әйгiлi болуына 16 жыл өмiрi жетпедi.
1965 жылы Мендель заңының ашылуының 100 жылдығын дүниежүзілік ғылыми қауымдастық салтанатпен атап өтті.
Мендель 1845-1848 ж. монастырдағы училищесiнде оқыды, онда тек ертедегi шығыс тiлдерiмен әулиелiк кiтаптарды оқытты. 1847 жылы оны дiн қызметшiсi етiп қойды, бiрақ ол бұл жұмысқа жарамсыз болып шықты, себебi аурулармен және өлiм аузындағылармен араласу оған қиынға түстi. Оқытушы болып iстеудi ұсынғанда Мендель қуанышпен қарсы алды. 1849 жылы ол Брюнна қаласының оңтүстiгiнде орналасқан шағын қаладағы гимназияға мұғалiмнiң қызметiн атқарушы болып орналасты. Мендель 3 және 4 сыныпқа математика мен грек тiлдерiн оқытты. Жаратылыс тарихы мен физикадан сабақ беру үшiн оған сырттай жазбаша емтиханды тапсыру керек болды. Венск университетiнiң профессорларының құрастыруымен қойылған екi сұраққа жазбаша жауап қайтару керек болды. Бiр сұрақ физикадан, екiншiсi геологиядан болды. Емтихан алушыға геологиядан қайтарылған жауап ұнамады, ал физикадан жауабы есепке алынды. Мендельдiң биографы Г.Ильтис екiншi профессордың пiкiрi объективтi емес деп санады. Оның пiкiрiнше библиядағы айтылғандарға қарсы келгендiгi үшiн Мендельдiң жауабы қабылданған жоқ.