Introducing
Your new presentation assistant.
Refine, enhance, and tailor your content, source relevant images, and edit visuals quicker than ever before.
Trending searches
Ішкі аурулар пропедевтикасы
Тақырыбы: Жүрек - қантамыр ағзаларының аурулары бар науқастарды субъективті және объективті тексеру әдістері. Басты клиникалық синдромдар.
Сабақтың мақсаты:
білімділік: Студенттерге жүрек қан тамыр жүйесі ауруларымен ауыратын науқастарды субъективті, объективті тексеру әдістерін және негізгі патологиялық синдромдарын оқытып үйретіп, білімдерін бекіту.
дамытушылық: Студенттердің ой-өрісін,сана-сезімін дамытып, клиникалық ойлау қабілетінің өсуіне ықпал тигізу.
тәрбиелік: Студенттерді өздеріне белгіленген жұмысты ұқыпты, ынта- жігерімен істеуге, науқасты қарағанда, күтуде қарапайым, кішіпейіл, инабатты, жауапкершілігі жоғары болуға тәрбиелеу.
І Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин
ІІ Үй тапсырмасын тексеру – 30 мин
-«Жүрек кілтін ашыңыз» сұрақ-жауап сайысы
--«Сұрақ бізден, жауап сізден» тест-сұрақ тапсырмасы
ІІІ Іс - дағдыларды көрсету – 30 мин
- Бейнефильм
- Сергіту сәті
ІҮ Кіріспе нұсқау және өзіндік жұмысы – 170 мин
- Стандарттармен тәжірибелік іс- дағдыларды орындау
- Ауру тарихын толтыру
Ү Игерген тақырыпты бекіту – 25 мин
- «Іскерлік ойын»
-«Ойлан тап» терминдік сөздік тапсырмасы
- Синквейн
ҮІ Қорытындылау – 5 мин
ҮІІ Үйге тапсырма – 5 мин
Бірінші «Жүрек кілтін ашыңыз» сұрақ-жауап тапсырмасында екі топ студенттері экраннан кілті бар жүрекше ұяшықтарын таңдап, бір-біріне үйге берілген тапсырма бойынша қарама-қарсы сұрақтар қойып, тез арада қысқа жауап берулері қажет.
«Сұрақ бізден, жауап сізден» тест-сұрақ тапсырмасында 2топ студенттері «Kahoot»
бағдарламасы бойынша ұялы телефондарына кіріп, тест сұрақтарына жауап беріп, оның дұрыстығын экранда бақылап отырады.
Шағымдары:
1.Бас ауруы
2.Жүрек тұсының ауруы (ұзақтығы орналасуы, таралуы, пайда болу жағдайы)
3.Ентікпе (тұрақты)
4.Жүрек қағуы (жүректің ырғағының бұзылуы)
5.Аяқта ісіктің анықталуы
6.Қан қақыру
7.Тұншығу.
Ауру анамнезі:
1.Қауіпті факторлар
2.Себептері
3.Аурудың басталуы дамуы
4.Емі
Өмір баян тарихы:
1.Тұқымқуалаушылық
2.Жағымсыз әдеттері
3.Жұмыс, тұрмыс жағдайы
4.Нервті психикалық күйзеліс
5.Мамандығы
6.Салқынның әсері
7.Баскамен жиі ауруы
1.Терінің көгеруі
2.Ентікпе
3.Ісіктер
4.Жүрек бүкірі
5.Мойын веналарының жиіленген солқылы
Пальпация
Мақсаты: науқастың субьективті сезімдеріне жағдайна баға беру
Фельдшер науқастың көнілін тауып, сұрастыруды бір схема бойынша жүргізу қажет.
Схемалық бөлімдер: науқас туралы жалпы мәлімет; науқастың шағымдары; аурудың даму тарихы; науқастың өмір баян тарихы; мүшелер бойынша сұрастыру
Алгоритм іс әрекеттері туралы жалпы мәлімет
1.Науқас аты-жөні
2.Жасы.
3.Жанұя мәліметтері.
4.Мамандығы.
5.Мекен – жайы.
6.Клиникаға түскен күні.
Шағымдары.
Бұл бөлімде науқастың клиникаға түскен күнгі негізгі шағымдарын сұрастыру
Аурудың даму тарихы
Бұл бөлімде аурудың басталуын, аурудың дамуын бірінші күннен бастап дәрігерге қаралғанға шейінгі уақытты. Қай емдеу және алдын – алу мекемелерінде қандай ем берілді, олардың нәтижесі туралы толық жазылу керек.
Науқастың өмір-баян тарихы
Бұл бөлімде науқастың туған күнінен бастап осы ауруханаға түскен күніне шейін қысқа биографиялық мағлұматтарды хронологиялық тәртіппен жазылады: туған жері және туған жанұясы, сәби кезіндегі дамуы, балалық шағы, мектептегі кезі, өз бетімен еңбектенуі және еңбек анамнезі.
Етек кірі, тұрмыс құруы, жүктілік, босануы, аборттар, күйеуі туралы мағлұмат (немесе әйелі туралы мағлұмат).
Басынан өткен аурулары.
Соңғы жылдардағы еңбек ету орыны мен тұрмыс жағдайы:
1.еңбек ету гигиеналық жағдайы, тәртібі,
2.тұрмыс жағдайы,
3.тамақтану, оның қалыптылығы.
Алкоголды, наркотиктерді қабылдау және темекі шегу.
Тұқым-қуалаушылдық, сифилис, психикалық аурулар, зат алмасу аурулары, гемофилия, туберкулез, қатерлі ісіктер, алкоголизмнің тұқымында ауырған адам бар болды ма екені туралы мағлұматтар жинау қажет.
Науқасты жалпы қарау
Мақсаты: науқастың жалпы жағдайна баға беру
Алгоритм іс әрекеттері:
1. Қарау белгілі бір ретпен жүргізіледі. Қарау науқасты біртіндеп шешіндіру қажет
2. Қарауды күннің жарық мезгілінде немесе күндізгі жарық беретін электрошамын қолданады.
3. Ауру толық шешініп, фельдшердің алдында 2 – 3 метр қашықтықта тұруы керек.
4.Кеуде қалқанын, денені науқасты тұрғызып қарау жөн; құрсақ қуысын науқасты тұрғызып немесе жатқызып қарау қажет
5.Алдымен жалпы қарау (жалпы маңызды симптомдарды анықтау), содан кейін жергілікті – (денені аймақтарға бөліп) науқастың басы, бет әлпеті, мойыны, кеуде, құрсақ аймақтарын, аяқ – қолдарын, сүйектерді, буындарды, тері-кілегей қабықтарын, шаш түктерін қарау қажет
6.Науқастың жалпы жағдайына баға беру: қанағаттанарлық, орташа, ауыр, өте ауыр.
Дене температурасы.
7.Есі: анық, есі жоқ, /ступор, сопор, кома/.
8.Беті мен шашын қарау.
9.Науқастың төсектегі қалпы: активті, пассивті, мәжбүрлі.
10.Дене бітісі, конституциясы /номостеникалық, гиперстениялық, астеникалық/ бойы, салмағы, жүрісі.
11.Терісі және көрінетін кілегейлі қабықтары: түсі (бозарған, сарғаю, қызғыш, көгеру, сұрғылт), пигментация, депигментация, тырнақ ізі, геморрагии, тыртықтар, бөрпелер, ксентомдар, дымқылдығы, эластикалығы.
12.Тері асты майы, оның дамуы: қалыпты, әлсіз, артық.
13.Ісік: мінездеме, орналасуы, таралуы – орнықты, жалпы.
14.Бұлшық ет: даму сатысы – қалыпты, әлсіз, жақсы.
15.Буындар: конфигурациясының өзгеруі, ісінуі, ауыруы, активті және пассивті қозғалуы кезінде сықырлауы.
16.Сүйіктер: деформациясы, сипау кезінде ауыруы, қол-аяқ саусақтарының шеткі буындарының қалыңдауы (барабан таяқшалары).
17.Тырнақтар жағдайы (сынғыштығы, сызықтар, «сағат әйнегі»).
Ісіктерді анықтау
Мақсаты: жүрек қан тамыр және бүйрек және зәр шығару жүйесіндегі патологиялық жағдайларда болатын ісіну белгісін анықтау
Ісіну дегеніміз тіндер мен қуыстарда сұйықтық жиналуы.
Алгоритм іс әрекеттері:
1. Қолыңыздың тырнағы алынған, жұмсақ жылы болуы қажет.
2. Науқасқа процедураның өту мақсатын түсіндіріңіз.
3. Ісік бар деген жерге саусақпен басу қажет
4. Бұлшық еттер немесе сүйектің астында орналасқан жерді басу керек.
5. Егер ісік болса басқан жерде ойық қалуы керек.
Есте сақта:
Ісік синдромы - жедел және созылмалы гломерулонефрит, нефротикалық синдром, пиелонефритке тән белгі. Бүйрек ісігіне тән науқастың сыртқы келбеті: беті бозарған, ісінген, қабықтарын ісік басқан, көз саңылаулары тарылған. Бүйрек ауруларының асқынуында ісік төмен қарай аяққа, қуыстарға тарап, кейде анасарка тәрізді ісікке айналады.
Ісік синдромы - жедел және созылмалы гломерулонефрит, нефротикалық синдром, пиелонефритке тән белгі.
Мақсаты: Жүрек ұшы соққысы орнын, ауданын, биіктігін және күшін анықтау.
Алгоритм іс әрекеттері:
1.Тексеруші оң жақ қолының алақаны төс тұсына,
2.Саусақтары 3-4 қабырға аралығына қолтық асты сызығы бойына қою қажет
3.Сосын 3 саусақ басымен кеуде қалқанына перпендикулярлы қою қажет
4.Жүрек ұшы соққысын орнын биіктігін, күшін анықтау қажет
Патологиялық жағдайда
Сол жақ қарынша үлкейген жағдайда жұрек ұшы соққысы сол жаққа және төмен ығысуы мүмкін
Оң жақ қарынша үлкейген жағдайда ол бәрібір сол жаққа ығысады оң жақ қарыншаның сол жақ қарыншаны ығыстыруына байланысты
Жүктілік, асцит, метиоризм кезінде сол жоғары ығысады.
Қалыпты жағдайда
Жүрек ұшы соққысы орналасқан V қабырға аралығында 1-1,5 см ішке қарай ортаңғы бұғана сол жақ сызығынан.
Мақсаты: Науқастың функционалды жағдайына баға беру
Пульс - дегенміз жүректің қанды тамырларға айдаған кезде қан толқынының тамырлардың ішкі қабырғасыныа соғуы. Пульсті тексеру үшін сипау тәсілі қолданылады. Пульс білек, самай, ұйқы, сан және күре тамырларынан анықтауға болады.
Әзірлеңіз: секундомер, қызу парағы.
Алгоритм іс әрекеттері:
1. Қолыңызды жуып, кептіріңіз
2. Секунд стрелкасы бар сағатты дайындаңыз.
3. Науқасқа процедураның өту мақсатын түсіндіріңіз.
4. Науқастың қолын алып, білізік буынының аймағын саусақтарыңызбен ұстаңыз.
5. Бірінші саусақ шынтақ жағында ал ІІ, ІІІ, ІV саусақпен кәрі жілік артериасының тұсында соғуын тауып, сәл кәрі жіліктің ішкі жағын жайлап басып қысыңыз.
6. Тамыр соғысының толықтығын анықтаңыз.
7. Тамыр соғысының кернеулігін анықтау үшін, сәл кәрі жілікке қысыңыз.
8. Тамыр соғысының ырғақтығын анықтаңыз
9. Тамыр соғысының жиелігін есептеңіз.
А) Егер тамыр соғысы бір қалыпты соқпаса (аритмия), онда тамыр соғысын толық І минут санау керек.
В) Егер тамыр соғысы дұрыс ырғақты болса онда пульсті кем дегенде 30 секунд бойына санау керек, сонан соң оны 2-ге көбейтеміз.
10.Нәтижесін бағалаңыз. Науқасқа оны айтыңыз
11.Қолыңызды жуыңыз
12.Қызу парағына зерттеу мәліметін тіркеңіз.
Есте сақта: Тамыр соққысының жиелігі - бір минуттағы тамыр соққысының санын айтады. Қалыпты жағдайда бір минуттағы пульс саны мен жүректің соғу саны бірдей болады. Сау адамдарда 1 минуттағы жүрек соққысы 60 -84 –ке тең. Жүрек өте әлсірегенде, оның кейбір соққысының нәтижесі шетке дейін жетпейді. Сондықтан пульс жиелігі жүрек соғу санынан кем болады. Бұл жағдай пульс жетіспеушілігі деп аталады. Тамырдың жиі соғуы –тахикардия деп, сирек соғуы- брадикардия деп аталады.
Тамыр соққысының ырғақтығы: Тамыр соққысының ырғағын 1 минут ішінде бірнеше рет санау арқылы анықтайды. Егер 1 минут ішіндегі тамыр соғысының саны тұрақты болса, ондайда тамыр соғысын, ырғақты тамыр соғысы деп атайды. Егер 1 минут ішінде тамыр соғысы өзгеріп отырса, ондай тамыр соғысын ырғақсыз тамыр соғысы деп атайды.
Тамыр соғысының кернеулігі: Тамыр соғысын басып тоқтату үшін крек күшке қарап анықтайды. Пульс қатаңдығы артерия қысымының мөлшеріне тәуелді. Артериалық гипертонияда қатаң пульс, ал артериалық гипертонияда жұмсақ пульс болады.
Тамыр соғысының толықтығы: Артерияның максимальды және минимальды көлемінің айырмашылығы тамыр соғысының толықтығы деп аталады. Толықтығын анықтау үшін мейірбике кәрі жілік артериасын саусақпен қысып әртүрлі күш түсіру арқылы тамыр соғысының толықтығы анықталады.
- жүректің көлемі мен конфигурациясын, тамыр будаларының шектерін, жүректің шала және нағыз тұйық дыбыс шектерін анықтауға болады.
1.Жүректің шектерін анықтау :
а) оң жақ шегі–ІV–V қабырға аралығында төстің оң шетінен 1-1,5 см сыртқа қарай орналасады және оған оң жақтағы жүрекше сәйкес келеді. Бауыр дыбысының жоғары шегін анықтағаннан кейін плессиметр саусақты бір қабырғаға жоғары жылжытып, оны жүрек шегіне параллельді орналастырып; жай перкуссияны пайдаланады. Оң шегін саусақтың сыртқы шетімен белгілейді.
б) сол жақ шегі–жүрек ұшы ораналасқан қабырға аралығы бойынша анықтайды. Перкусияны алдынғы қолтық сызығынан бастап, баяу төске қарай ұру керек, дыбыс бәсеңдегенше. Қалыпты жағдайда сол жақ шегі V қабырға аралықта бұғана ортасы сызықтан 1-2 см ішке қарай орналасады және оған сол қарынша сәйкес келеді.
в) жоғарғы шегі–ІІІ-ші қабырға аралықта. Ол үшін бұғанадан бастап, сол жақ төс жанындағы сызығы бойымен төмен қарай перкуссиялайды. Бәсең дыбыс анықталған нүкте жоғарғы шегі болып есептеледі. Жоғарғы шегі өкпе артериясына және сол жүрекшеге сәйкес келеді.
Мақсаты: Жүрек аускультациясы жүрек қызметі кезіндегі оның әр бөлшегінің тербелісінен туатын дыбыстарды тыңдауға негізделген.
Алгоритм іс әрекеттері:
1.Жүректі тыңдау кезінде пациент тұрған, отырған, жатқан қалпында болуы керек.
2.Тыныс дыбыстары кедергі жасамау үшін жүректі тынысты тоқтатқан кезде тыңдау керек.
3.Тексеруші фонендоскопты І нүктеге қояды, ол сол жақ бұғана 5 қабырға тұсынан 1 см ішке қарай орналасқан, жүрек ұшы соққысы тұсына сәйкес келеді
(қос жармалы қақпақты).
4.Тексеруші фонендоскопты І нүктеге қояды, ІІ нүкте – төс сүйегінің оң жақ жанында ІІ қабырға аралығында орналасқан (қолқа қақпақтары)
5.Тексеруші фонендоскопты ІІІ нүктеге қояды ІІІ нүкте - төстің сол жақ жанында ІІ қабырға аралығында орналас0ан(өкпе артериялары)
6.Тексеруші фонендоскопты ІV нүктеге қояды, ІV нүкте – төстің семсер өсінді тұсы (үш жармалы қақпақша)
7.Тексеруші фонендоскопты V нүктеге қояды, V нүкте - Боткин -Эрба нүктесі төстің сол жақ жанында ғы ІІІ қабырға аралығында (қолқа қақпақшалары) .
Есте сақта:
Патологиялық жағдайда:
1 и 2 тонда акценті
Систолдық шу,
диастолдық шу
Қалыпты жағдайда :
1 тон (систолдық) систолы кезінде анықталады.
2 тон (диастолдық) диастолы кезінде анықталады.