Introducing 

Prezi AI.

Your new presentation assistant.

Refine, enhance, and tailor your content, source relevant images, and edit visuals quicker than ever before.

Loading…
Transcript

ддд

Мемлекетіміздегі қабылданған Жер Кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес 7 санаттарға бөлінеді:

1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер;

2) елді мекендердің жері;

3) өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жер;

4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер;

5) орман қорының жері;

6) су қорының жері;

7) босалқы жер.

Жер қатынастары жердің айналымын қамтамасыз жасалуының экономикалық механизмімен өзара әрекет жасайды. Бұл механизмдер жерге меншіктің түрімен анықталады. Егістік түсімін арттыратын ылғал сақтайтын технологияны қолдану заманауи ауыл шаруашылық техникасын қолданбай қол жеткізу мүмкін емес. Әлемнің дамыған елдерінің әлеуметтік экономикалық саясатында аграрлық құрылым және тамақтану басымдылығы орын алады.

Сондықтан Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 152-153 бабтарында жер ресурстарын бағалау нақты айқындалған "жерді мемлекеттік кадастрлық бағалау мен топырақты бағалау тұрақты түрде жүргізіліп отырады". Себебі, мемлекет үшін азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз жасау басты шара және оның ұлттық экономиканы дамытудағы маңызы өте жоғары.

Жер ресурстары – бұл кез келген елдің ұлттық байлығы, халықтардың әлеуметтік-экономикалық қолайлылығының негізі. Оның өзі ұлттың игілігіне, болашақ ұрпақтары пайдалануы тиіс.

Жер қатынастары саласындағы қордаланып қалған күрделі де қиын мәселелерді шешу, ауыл шаруашылығындағы шаруа қожалықтарына, АҚ, ӨК инвестициялар тарту үшін жағдай жасау мақсатында 2003 жылғы маусымда ел Президентінің Жарлығымен Жер Кодексі қабылданды . Жерге жекеменшік енгізілуіне орай, еліміздің ауылшаруашылық саласындағы егістікті тиімді де ұтымды пайдалануға көштік. Себебі дүниежүзілік дамыған мемлекеттердің тәжірибесі анықтағандай, меншік түрі өзгергенде ғана жер ресурстарын тиімді де ұтымды пайдалануға қол жеткізу мүмкіндігі барлығын зерттеулер көрсетті.

Жер қатынастарының ерекшелігі табыстың өзгеше түрі – жер рентасымен бөлінген. Бұл көрсеткіш, жер рентасы жерге меншіктің қатынасын, жерді жалға берудің, сонымен қатар жер телімінің табиғи және экономикалық құнарлығының, территориялық орналасуының сапалық сипаттарының сандық мәндерімен құнды және маңызды. Жер ғылымында қоғамдық-өндірістік қатынастар жүйесімен дифференциалдық жер рентасының пайда болуы, оларды бөлінуі және иемденуінің механизмдері зерттеледі.

Learn more about creating dynamic, engaging presentations with Prezi