Loading…
Transcript

PHP тілінің шығу тарихы.

Даму тарихы

PHP (ол мына сөз : "PHP: Hypertext Preprocessor/Гипермәтіндік Процессор ", алғашқыда - Personal Home Page сөзінен шыққан ) – HTML ортасына енгізілген сценарийлерді жазу тілі.

Бұл тілдің синтаксисінің басым бөлігі C, Java және Perl тілдерінен алынған (әрине өзінің ерекшелігіне байланысты жаңа мүмкіндіктер қосылған). Тілдің мақсаты – Web-программалаушыларға жеңіл әрі жылдам өзгертуге болатын динамикалық түрдегі ықшам html-парақтар құру мүмкіндіктерін беру. PHP – HTML ортасына енгізілген, бірақ серверде орындалатын сценарийлер жазу тілі.

Бағдарламалау тілін кім ашты???

PHP тілін 1994 жыл аяғында Расмус Ледорф (Ras-mus Lerdorf) ұсынған болатын. Оның алғашқы нұсқалары сайтты және ондағы резюмені қанша адам көрге-нін қадағалау мақсатында жасалған болатын. Бұл тіл-дің бастапқы бір нұсқасы 1995 ж. шығып, ол Personal Home Page Tools деген атпен белгілі болады. Мұнда қонақтарға арналған мәлімет, санауыш және т.с.с. қосымшалар болған еді.

PHP тілінің бір ерекшелігі – мәліметтер базаларымен бірігуінің жоғары деңгейде болуы. Қазіргі кезде бұл тіл бірсыпыра мәліметтер базаларын сүйемелдей алады, олар: Oracle, Adabas D, Sybase, FilePro, mSQL, Velocis, MySQL, Informix, Solid, dBase, ODBC, Unix dbm, PostgreSQL

PHP тілі

Қазіргі кезде 1996 ж. өзінде PHP тілі әлемдегі 15,000 веб-сайтта қолданылғаны белгілі. Ал 1997 ж. бұл көрсеткіш 50,000-нан асты. 1997 ж. PHP тіліне бірсыпыра жаңалықтар қосылды. Содан бастап Расмустың жеке жобасы бірсыпыра программалаушылардың қолдауымен жақсы ұйымдасқан жұмысшы топқа айналды. Бұл тілдің синтаксистік анализаторын Зев Сураски (Zeev Suraski) мен Анди Гутманс (Andi Gutmans) қайтадан жазып шықты, осы нұсқадағы анализатор PHP 3 тілінің негізі болып қалыптасты.

PHP тілінің деңгейі

Жаңартқан ғалымдар

Анди Гутманс (Andi Gutmans)

Зев Сураски (Zeev Suraski)

Денвер дегеніміз - Джентльменский набор Web-разработчика деген сөздердің басқы әріптерінің айтылуынан (д.н.w.р.) құралған атаумен аталатын локальдық сервер(Apache, PHP, MySQL және т.т.).Яғни, бір сөзбен айтқанда Денвер-өзіміздің үйдегі Windows-машиналарымызда Интернетке шықпай-ақ сайт жасауға арналған программа.

PHP тілінің серверлері

Apache http://www.apache.org/dyn/closer.egi. ресми сайтындағы келтірілген беттен алуға болады. Іздестіруде мынаны есте сақтаған жөн. Apache өзінің UNIX тегі демонының аты бойынша httpd деп те аталуы мүмкін.

Apache тасымалдаушыларының бинарлы кодтары әртүрлі нұсқада таралады. Мысалы *ехе және *msi кеңеюімен және де hеttpd версия win 32 *msi түріндегі атауға ие болуы мүмкін. Шатасып қиналмау үшін оны алуға болатын ресурс мынадай: http://apache.rin.ru/dist/httpd/binaries/win32/. Екінші және үшінші версия сан версияда келтірілгендерден айырмашылығы болуы мүмкін-бұл жерде ең соңғы версияны таңдаған абзал. Өйткені онда алғашқы версиядағы кездескен қателектер жойылған.

Apache+PHP байланыстары

РНР артықшылықтары.

• Perl типтес тілде жазылған PHP скриптерінің CGI скриптерден негізгі айырмашылығы мынада – CGI программасында енгізілетін HTML кодтары жазылады, ал PHP тілін пайдаланғанда – программа дайындалған HTML параққа ашылып-жабылатын тәгтердің көмегімен енгізілледі ( 1 мысалды қара – <?php және ?>).

• PHP тілінің JavaScript тілінен айырмашылығы – PHP скрипті серверде орындалып, клиентке жұмыстың нәтижесі беріледі, ал JavaScript коды толығымен клиенттің машинасында орналасады және тек сол жерде ғана орындалады.

• Internet Information Server жүйесіне қызығушылары РНР-ді Active Server Pages (ASP) ортасымен ұқсастықтары бар деп санайды, ал Java тілін қолдаушылар РНР-ді Java Server Pages (JSP) ортасына ұқсас деп санайды. Негізінде, аталған үш тілдің барлығы да Web-сервердегі HTML парақтардың ішіне код енгізуге мүмкіндік береді.

• РНР-де көптеген мәліметтер базасымен жұмыс істеу мүмкіндігі мәлімет­тер базасын пайдалану арқылы жазылған Web-қосымшалардың жазылуын жеңілдетеді және ол өте қарапайым түрде болады.

PHP тілі

+

-

Кемшіліктер

РНР кемшіліктері.

• РНР тілінің бастапқы идеологиясы бойынша оның кішігірім скрип­тердің жазылуына бағытталуы оның негізгі кемшілігі болып саналады. Сондай-ақ бұл кемшілік РНР 4 және одан бұрынғы нұсқаларында қайталанды.

• РНР жартылай компиляцияланатын тіл болғандықтан, ол толық компиляцияланатын С тілімен жылдамдығы бойынша салыстырыла алмайды. Сонымен қатар көптеген кішігірім парақтардан құралған жобалар жазғанда, оларды компьютер жедел жадына жүктеу мен С тілінде жазылған CGI программасы шақыру кезінде біршама артық шығындардың пайда болуына әкеп соқтырады.