Біртұтас мемлекеттік жер қоры мемлекеттік меншіктің объектісі болғандықтан, жер учаскелерін пайдалану мен иеленуге мемлекеттік құқығы бар, олай болса, жерді пайдаланудың кез келген түрі рәсімделуі керек, ал жер учаскелерін өзі белгілі бір аумақ және жылжымайтын мүлік ретінде белгіленген тәртіпте тіркелуі керек. Бұл қызметтерді жер учаскелерін мемлекеттік тіркеу жүргізеді. Оның мәліметтерді қоғамның құқықты мүшесі немесе заңды тұлғаға белгілі бір жер алаңын пайдалану үшін негіз бола алады. Есепке алуда жер өлшемімен, кеңістіктегі орналасуымен, сапалы жайымен, пайдаға асуымен сипатталады.
Есепке алу барысында есептік көрсеткіштер ғана емес, өндіріс құралы және табиғи ресурс ретінде жердің сапалық көрсеткіштері де анықталып, белгіленеді. Алайда топырақтың табиғи құрамы бірдей мәнге ие болмағандықтан, олардың салыстырмалы бағасының қажеттілігі, яғни жер қыртысы сапасын бағалап айыруды жүргізу туындайды. Жерді есепке алу және тіркеу мәліметтері жеке учаскелердің жер қыртысы сапасын бағалап айыруда, олардың сапалы бағасы және есебін білуде негізгі ақпарат береді. Жер сапасы табиғи факторлармен қатар, экономикалық жағдайларға да байланысты болады, сондықтан экономикалық, ал жаңа жағдайда жердің ақшалай құнын қажет етеді.
Жерді есепке алу жұмыстары өз міндетіне, мазмұнына және ерекшеліктеріне байланысты жалпы кадастрда негізгі (алғашқы) және күнделікті (келесі) болып бөлінеді. Бұл есепке алу түрлері бір-бірімен өзара байланысты және жерді есепке алудың бірыңғай процесінің белгілі бір кезеңін білдіреді.
Негізгі есеп алу міндеті:
Есептелінетін территорияның барлық жоспарлы материалдарын алуды жүйелеу және талдау жасау.
Жоспарлы материалдар мен жер-есебі мәліметтерінің қажеті алғашқы деректерін алу мақсатымен тексеру және түсіріс бойынша тиісті далалық жұмыстарды жүргізу.
Барлық есептелінетін территорияның пайдаланатын және қайта бөлістірілетін жердің сапалық жағдайын, өлшемін анықтау.
Арнайы жер-есептік жоспарлы материалдарды дайындау және жер-есептік текстік құжаттарға алғашқы жазуларды енгізу.
Жер қорына жер санаттары, жер пайдаланушылар, алаптар бойынша бөлістірілуін, құрамын анықтау және оларға әкімшілік бірліктер (аудандар, облыстар) бойынша сапалық сипаттама беру.
Жер есебі жер кадастрының құрамды бөлігі ретінде, халық шаруашылығы есебінің бір түрі болып саналады. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жер учаскелерi жерге меншiк нысанына, жер учаскелерiнiң мақсатты тағайындауына және оларды пайдаланудың рұқсат етiлген сипатына қарамастан, кадастрлық есепке алуға жатады.
Жер учаскелерiн есепке алу кезiнде мына деректердi тiркеу мiндеттi болып табылады:
жер учаскесi иесiнiң немесе оны пайдаланушының аты-жөнi;
жер учаскесiнiң алаңы;
жер учаскесiне меншiктiң нысаны;
жер учаскесiнiң мақсатты тағайындалуы;
жер учаскесiн пайдаланудағы шектеулер және ауыртпалықтар;
жер учаскесiнiң бөлiнетiндiгi немесе бөлiнбейтiндiгi
учаскесiнiң кадастрлық нөмiрi.