Қосмекенділердің шығу тегі
Қосмекендiлердiң сумен тығыз байланысы, сонымен қатар олардың дернәсiлдерiнiң құрылысы мен тiршiлiк етуi, бұл жануарлардың балықтан шыққандығын көрсетедi. Өлiп бiткен қосмекендiлердiң тас болып қалған қалдықтары табылған. Олардың терiсi қабыршақты болған, ал бассүйегi үлкен және саусаққанат балықтың бассүйегiне ұқсас болған.
Көне қосмекендiлер, көне саусаққанат балықтардан, шамамен 300 миллион жыл бұрын шыққан. Қосмекендiлердiң ата-тектерi, кiшкене күнмен күштi жылынатын суларда тiршiлiк еткен. Мұндай суларда оттегi аз араласқандықтан, балықтар ауа жұтуын туғызған, ал кейiннен олар өкпемен тыныс алуға көшкен. Саусаққанатты балықтардың аяқтарының қаңқалары, қосмекендiлер аяқ сүйектерiнiң орналасуына ұқсас болды. Құрғаған сулардан олардың басқа жерге жорғалауы, олардың жұп қанаттарының құрлықты аяқтардың пайда болуына алып келдi.