Loading content…
Loading…
Transcript

Орынбай Зарина

Бағалаудың теориялық негіздері

Place your logo here

Негізгі түсініктен басқа құндылық түрлерінің сипаттамасы

Нарықтық емес құн түрлері

Инвестициялау мақсаттары анықталған кездегі нақты инвесторға, немесе инвесторлар тобына арналған мүлік құны. Бұл субъективті ұғым мүліктің нақты объектісін инвестициялауға қатысты анықталған мақсаттары және (немесе) критерийлері бар нақты инвестормен немесе инвесторлар тобымен қатыстырады. Инвестицияланған құн терминін инвестициялық мүліктің нарықтық құны түсінігімен шатастыруға болмайды.

Инвестицияланған құн

Тұтастай бизнес құны. Бұл концепция әрекет етуші кәсіпорынның жалпы құнының жалпы құнға олардың салымымен сәйкес құрама бөліктері бойынша бөлу немесе тарату мүмкіндігінен шығатын, функционалданатын кәсіпорынның үздіксіз бағалауын қарастырады, алайда ол осы компоненттердің ешқайсысы өздігінен Нарықтық құнды құрамайды.

Әрекет етуші кәсіпорын құны

Сақтандыру келісім - шарты немесе полисінің ережелерімен қарастырылатын мүлік құны.

Сақтандыру құны

Салық салу мақсаттарына арналған құн немесе Салық салу құны

Мүліктің салық салуына қатысты сәйкесінше ноормативті-құқықтық актілерге берілетін анықтамалар негізіне есептелетін құн. Осы тектес кейбір құжаттарда салық салу мақсаттарына арналған бағалау қоры ретінде Нарықтық құнға сілтеме болуы мүмкін бола тұра, бағалаудың келтірілген әдістері осында келтірілген анықтама мағынасында Нарықтық құннын өзгеше нәтижелерге алып келуі мүмкін.

Мүлік нысанының қосымша жөндеусіз және жақсартусыз қолданысын жалғастыру үшін емес, ол сатылымға арналған материалдардан тұратын жиынтық ретінде қарастырылған кездегі құны (жер учаскесін санамағанда). Бұл құн валдық немесе таза құн (таратуға кететін шығындарды есепке алмағанда) ретінде қарастырылады, соңғы жағдайда ол таратудың таза құнымен сәйкес келуі мүмкін.

Кәдеге жарату құны

Нарықтық құн анықтамасына сәйкес адекватты маркетингті жүргізу үшін жеткілікті мерзімде мүлікті сатудан алынуы нақты мүмкін болатын ақшалай сома. Кейбір елдерді мәжбүрлі сатылым жағдайларына мүдделі сатушымен және сатып алушымен немесе сатушының қолайсыз жағдайын білетін сатып алушылармен болатын жағдайлар жатуы мүмкін.

Тарату құны немесе мәжбүрлі сатылым кезіндегі құн

Арнайы құн

Нарықтық құннан жоғары құнның эстраординарлы элементіне қатысты термин. Арнайы құн, мәселен, мүлік объектісінің басқа, мысалы, қарастырылатын объектіге территориялық жақын мүлік объектілерімен физикалық, функционалдық немесе экономикалық байланыстарынан туындауы мүмкін. Арнайы құн тұтастай алғандағы нарықпен салыстырғанда, яғни сөз ерекше мүдделі сатушы жөнінде болғанда, алдымен, анықталған жекеменшік немесе қолданушы, не болмаса потенциалды жекеменшік немесе қолданушы үшін әрекет етуі мүмкін қосымша құннан тұрады. Арнайы құн әрекет етуші кәсіпорын Құнының элементтерімен байланысты болуы мүмкін. Бағалаушы осы типтегі құн түсінігін Нарықтық құннан бөлуі және оған жасалынған ерекше рұқсат етілімдерді анық айтуы қажет.