Loading content…
Loading…
Transcript

"Қаржы құралдарын бағалау" бағалау стандарты

Қарастырылатын сұрақтар:

GOALS

Қаржы құралдарын бағалау есебін жасаудың ерекшеліктері

Қаржы құралдарын бағалау мақсаттары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы "Қаржы құралдарын бағалау" бағалау стандарты (бұдан әрі – стандарт) халықаралық бағалау стандарттарын ескере отырып, "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және есептерді жасау ерекшеліктерін, қаржы құралдарын бағалау кезінде нарықтық немесе өзге де құнын белгілеу бойынша міндеттерді шешу үшін қажетті тәсілдерге, әдістерге және талдамалық рәсімдерге қойылатын талаптарды белгілейді.

2. Осы стандарт шеңберінде бағалау объектісі қаржы құралы - ақшалай қаражатты не онда көрсетілген тараптар үшін басқа да қаржылық сыйақыны алуға немесе төлеуге құқықтарды немесе міндеттемелерді жасайтын құжат болып табылады. Оның мысалдары туынды құралдар, тіркелген табысы бар құралдар, құрылымдалған өнімдер және үлестік қаржылық құралдар, болмаса нақты таза нәтижеге жету үшін қоржында құрамалау жолымен жасалған басқа да қаржылық құралдар болып табылады.

RESEARCH

Strategy

STRATEGY

Content

Биржадан тыс нарықтың қаржы құралдарын не белсенді болудан қалған нарық құралдарын бағалау үшін бағалаушы бағалаудың өзге де стандарттарымен, оның ішінде "Бизнесті және бизнеске қатысу құқығын бағалау" стандартымен регламенттелетін бағалау әдістерін пайдаланады.

Бағаланатын активтерді немесе міндеттемелерді сәйкестендіру туралы талаптарды сақтау мақсатында мынадай мәселелерге назар аударылуы керек:

      1) құралдарды бағалауға жататын сыныптар;

      2) бағалау жекелеген құралдарға немесе құралдар қоржынына жататы ма жоқ па;

      3) есепке алу бірлігі.

Осы стандартта мынадай ұғым пайдаланылады:

2-тарау. Есептілік жасаудың ерекшеліктері

TIMELINE

Қаржылық құралдардың қарастырылып отырған санатына байланысты есепті жасаған кезде есепті пайдаланушыларға бағаланатын құралдың әрбір сыныбының сипатын және құнға әсер ететін негізгі факторды түсінуге мүмкіндік беретін толық ақпараттың ашылған жөн.

3-тарау. Қаржылық құралдарды бағалаудың тәсілдері мен әдістері

      Қаржылық құралдардың нарықтық немесе өзге де құнын анықтау кіріс, шығын және салыстырмалы тәсілдерге топтастырылған бағалау әдістерін қолдану арқылы жүргізіледі.

Тәсілдерді және оларға сәйкес келетін бағалау әдістерін пайдалану ашық көздерден алынатын ақиқат нарықтық деректердің негізінде жүргізіледі.

Кірістік тәсілдің әдістері:

2) Ақшалай ағындарды дисконттау әдісі

Ақшалай ағынды капиталдандыру әдісін қолдану саласы ағындары тұрлаусыздығына байланысты тұрақты емес сипаттағы қаржылық құралдар болып табылады.

1) Rапиталдандыру әдісі

Ақшалай ағынды капиталдандыру әдісін қолдану саласы ақшалай ағындары ұзақ мерзімді негізде күтілетін тұрақты сипаттағы қаржылық құралдар болып табылады;

Капиталдандырудың (дисконттаудың) тиісті мөлшерлемесін анықтаған кезде ақшаның уақытша құнын және ықтимал қосымша тәуекелдерді өтеу үшін осы құрал бойынша талап етілетін қайтарым мөлшерлемесі бағаланады. Ықтимал қосымша тәуекелдердің құрылымына жеткілікті негіздеу мүмкін болған кезде мынадай факторлар енгізілуі мүмкін:

  • 1) осы құрал бойынша талаптар, мысалы кезектілік;
  • 2) кредиттік тәуекел (контрагенттің белгіленген мерзімінде төлем жүргізу мүмкіндігіне байланысты тұрлаусыздық);
  • 3) осы құралдың өтімділігі және нарықтық сатымдылығы;
  • 4) Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруі.

Шығындық тәсілдің әдістері

Қаржылық құралдарды бағалауға шығындық тәсіл қор биржасының трендтерінің негізінде қаржылық құралдардың құнының өсуі немесе құнсыздануын ескере отырып, тек индекстеу әдісімен іске асырылуы мүмкін.

Салыстырмалы тәсіл

Салыстырмалы тәсілді қолданған кезде өтімдік биржасында бағалау күнінде немесе осыған өте жақын күнде сауда-саттықта алынған баға ұқсас құрал пакетінің нарықтық құнының ең үздік көрсеткіші болып табылады.

Егер салыстырылатын активтер ұқсас, мәміле күні немесе ұсыным бағасы бағалау күніне жақын және өзінің өзектігін сақтаған және қарастырылып отырған пакеті салыстыруға келетін жағдайда бағаларды түзетудің қажеттігі жоқ болған кезде, қалған жағдайларда бірқатар түзетулер енгізіледі.

Қаржылық құралдардың көптеген типтерін ескере отырып, бағалауға арналған тәсілді таңдаған кезде құралдың өтімділігі немесе нарықтық белсенділіктің ағындағы деңгейі қарастырылады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

ҚР «Бағалау қызметі туралы» заңы - 2018 жыл 5 мамыр қосымша (1,2,3-тарау)