Оқытудың дәстүрлі және инновациялық технологиялары
Орындаған: Кәдірбек Д.А. (МПИ-20-1нк)
Тексерген: Нурлыбекова А.Б.
Оқыту - білім берудің негізгі жолы. Оқыту оқытушы мен оқушылардың біріккен іс-әрекеттері, сондықтан ол екі жақты үдеріс.
Инновация -(лат. innovis) - жаңа, жаңалық, жаңарту дегенді білдіреді. Ал, ағылшын тілінде "innovation" термині "жаңашылдықт"
Энциклопедиялық сөздіктерде "инновация" әр түрлі анықталады. Т.И. Шамова, П.И. Треьяковалардың еңбегінде "Инновация дегеніміз - жаңа мазмұнды ұйымдастыру, ал жаңалық енгізу дегеніміз - тек қана жаңалық енгізу, ұйымдастыру, яғни, инновация үрдісін мазмұнды дамтыдуы, жаңаны ұйымдастыруды, қалыптастыруды анықтайды, ал "жаңаша" деп жаңаның мазмұны, оны енгізудің әдіс-тәсілі мен технологиясын қамтитын құбылысты түсінеміз" делінген.
Ең алғаш, "инновация" ұғымын қазақ тілінде анықтаған ғалым, профессор Н. Нұрахметов: "Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз - білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі" деген анықтаманы ұсынды.
Білім беру жүйесіндегі инновация - білім мақсатына жаңашылдықты енгізуді көздейді, оқыту мен тәрбиенің жаңа әдісі мен түрлерін, жаңа мазмұнын әзірлеуге, қолданылып отырған педагогикалық жүйені тарату мен енгізу мектепті басқарудың жаңа технологияларын әзірлеу, мектеп тәжірибелік орын етінде мектептің принципі жаңа білімділік бағдары мақсатын, мазмұнын, әдісін, түрлері мен басқа компоненттерін көздейтін жүйелі сипаттама білім мен тәрбие беруді көздейді.
Педагогикалық инновация - жаңа идеялар, әдістер, технологиялар ғана емес, педагогикалық үдеріс элменттерінің бірлігінің немесе жеке элементтерінің білім беру мен тәрбиелеудегі белгілі міндеттерді тиімді шешу жолы болып табылады.
“Технология” деген термин гректің түп тамыры "techne" – өнер, шеберлік, кәсіп және "loqos" – ғылым, білім деген сөздерінен шыққан. Мақсатты тиімді орындау үшін материалдарды түрлендіру процестері мен әдістердің жиынтығы және бір ізгілігін, кешенді бірлігін айтуға болады.
Педагогикалық технология - педагогикалық технология оқыту мақсатына жетудің тиімді, нақты жолдарын көрсетеді.
Қазіргі уақытта “педагогикалық технология” ұғымы әртүрлі түсіндіріледі. Көп тараған анықтама – В.П. Беспалько ұсынған: педагогикалық технология - оқу мен тәрбие процестерінің (теориялық негізделген) еске түсіру барысында қолданған құралдар мен әдістер жиынтығы, олар білім мақсатын тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Педагогикалық технология қол жеткен жетістіктерді сатылы өлшеу мен қорытынды бағалаудың объективті мүмкіншілігін жеткілікті дәрежеде сақтайтын мақсаттары мен тапсырылған оларға сәйкес ғылыми жобалардың болуын қалайды.
"Педагогикалық технология" ұғымына берілген басқа да анықтама бар, ол:
Г.М. Құсайыновтың есебінше, педагогикалық технология әдеттегі түсініктерден басқа – ол мұғалімнің жоспарланған оқыту мен тәрбиелеудегі мақсаттары мен нәтижелерге жету мен сабақ беру процесі емес, ол кәсіби ұстаздың басшылығымен оқушылардың өзінің және өзара оқыту процесі, ол білім берудің мазмұны мен оқу жоспарлары мен бағдарламаларында ескерілген іс – әрекеттердің сол түрлерін меңгеру жұмыстарының әрбір сатыларындағы болатын өзгерістер мен қайта құру болады.
Оқытудың дәстүрлі технологиясы
Оқытудың дәстүрлі технологиясы деп ең алдымен XVII ғасырда дидактика принциптерінде қалыптасқан, Я.А. Коменский негіздеген және қазіргі дейін дүниежүзі мектептерінде басым көпшілігі қолданылатын оқытуды класс – сабақтық ұымдастыру деп түсінеді.
Класс – сабақ жүйесі педагогикалық процестің одан әрі жетіліп ұйымдастырылған дайындау қажеттілігіне байланысты пайда болған, себебі сол ғасырдың ортасында оқуға келушілердің санының көбейе түсуіне байланысты шамамен бір жастағы балаларды оқу топтарына жинақтай бастады.
Дәстүрлі класс – сабақ технологияларының аса көрнекті белгілері ол:
- біржастағы оқушылардың тұрақты құрамы мен дайындық деңгейлері;
- кластың бірыңғай жылдық оқу жоспары мен бағдарламасымен жұмыс істеу;
- сабақ оқудың негізгі бірлігі; әрбір сабақ бір оқу пәніне, тақырыпқа арналған, себебі класс оқушылары ортақ бір материалмен жұмыс істейді;
- сабақтардың үнемі тұрақты алмасуы кесте (расписание), мұғалімнің басқарушылық ролі және с.с.
Дәстүрлі оқыту технологияларының концептуалдық негізін Я.А. Коменский жасаған педагогика принциптері: ғылымилық, бірізділік, жүйелілік, беріктілік, белсенділік, сапалылық, көрнекілік, теорияның практикамен байланыстылығы, жас аралық пен өзіндік ерекшеліктерді ескеру.
Дәстүрлі оқыту технологияларының әдістерін екі келесі топтарға жатқызуға болады:
Оқытудың инновациялық технологиялары
Білім беру жүйесіндегі басым бағыттардың бірі — оқыту үрдісін технологияландыра отырып, білімнің кепілдік нәтижелеріне қол жеткізу. Ол үшін оқыту үрдісін өзгерте отырып, мүғалім шығармашылықпен жұмыстануы керек. Өйткені, бұрын оқушы білімді қабылдаушы, жинақтаушы, өзіне сіңіруші рөлдерін ғана атқарса, ал қазіргі жаңа талап бойынша өздігімен білім алушы, үйрене білуші ретінде танылады. Сондықтан жеке тұлғаны осы рөлдерді атқаруға лайықтау үшін оның жаңа бейнесін заман талабына сай дайындауымыз қажет.
Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі - баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру. Инновациялық технологияны пайдалану — өмір талабы.
Қазіргі білім беру жүйесіндегі жаңа педагогикалық технологиялардың танымалдыққа ие:
· Саралап оқыту;
· Дамыта оқыту;
· Деңгейлеп оқыту;
· Шоғырландырып, қарқынды оқыту;
· Модульдік оқыту;
· Блок-модульдік оқыту;
· Жобалап оқыту технологияларымен қатар, тікелей ақпарттық – коммуникациялық технологиялар көмегімен жүзеге асырылатын:
· Компьютерлік технология;
· Мультимедиа технологиясы;
· Қашықтықтан оқыту технологиясы;
· Желілік технология;
· Интернет технология;
· Интерактивтік технология деп аталатын түрлерін Білім берудегі инновациялық технологиялар тобына жатқызамыз.
Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары:
-балаға ізгілік тұрғысынан қарау;
-оқыту мен тәрбиенің бірлігі;
-баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту;
-баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту;
-баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту;
-әр оқушының дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу;
-оқу үрдісін оқушының сезінуі.
Оқытудың дәстүрлі және инновациялық технологияларының айырмашылықтары
1.Табиғатқа сәйкестілік принципі.
2.Көрнекілік.
3.Алған білімнің тиянақтылығы.
4. «Жақыннан-алысқа», «белгіліден-белгісізге», «нақтылыдан абстрактылыққа», «жеңілден ауырға» қарай көшіп отыратын негізгі ережесі.
5.Мектеп балаға сүйіспеншілікті, адамгершілік жақсы қасиеттерді тәрбиелейтін адамгершіліктің шеберханасы болуға тиіс деген көзқарас ұсынды.
6.Коменский оқудың мақсаты - ғылыми білімді меңгеру және өмірге пайда келтіру
деп білді.
1.Қазіргі білім беру реформаларының мақсаты - жоғары білімнің мазмұны мен құрылымын Болон процесінің параметрлеріне сәйкес келтіру.
2.Техникалық және кәсіптік білім жүйесін жаңғырту негізінде еуропалық аймаққа кірігуін қамтамасыз ету.
3.Жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру.
4.Тез өзгеретін әлемде азаматтардың табысты болуын қамтамасыз ететін жеке тұлғаның білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру.
5.Еліміздің экономикалық әл-ауқаты үшін бәсекеге қабілетті адам ресурстарын дамыту.