Жылқы - ер қанаты. Ол - суыққа төзімді, аса сезімтал, талғампаз жануар. Жылқы - тақ тұяқты. Жылқыда өт жоқ. сондықтан ол күйіс тартқышы болады. Кендебайдың Керқұласы, Қобыландының Тайбурылы, Алпамыстың Байшұбары, Қамбардың Қарақасқасы, Ақанның Құлагері нағыз тұлпарлар болған.
1. Жылқы қандай жануар?
2. Жылқыда қандай мүше жоқ?
3. Мәтінде қай батырлардың есімі аталды?
4. Тайбурыл кімнің жылқысы?
Жаздың жалтыр таңында тоғайға барсаң, шөп арасында сансыз меруерт көресің. Сол меруерттер күннің көзіне жылт-жылт етіп, біресе қызыл, біресе сары, біресе көк болып құлпырады. Құлпырып тұрған немене деп жақындап қарасаң, үшкіл жапырақтар үстінде жылтылдап тұрған шық тамшылары болып шықты. Сол жапырақтардың астары - бейне бір түкті бархыт. Бетінде тамшылар домаласа да, жапыраққа су жұқпайды. Жапырақты аңғырттана жұлып алсаң, жылтылдақ тамшылар моншақтай домалап түсіп кеткенін байқамай қаласың.
1. Жапырақтың үстінде не тұр?
2. Шөп арасынан не көруге болады?
3. Меруерт күнге шағылысқанда қандай түстер көрінді?
4. Түкті бархыт қайда орналасқан?
Кейбір балалар нанды тойғанынша жеп, қалғанын лақтырып тастайды. Бұл дұрыс емес, нан еңбекпен табылады, диқандар көктемде жерге тұқым себеді. Одан егін өніп шығады, оны жаз бойы күтіп-баптайды. Күзде астықты комбайнымен орып алады. Жүргізушілер машинамен астық қабылдау орындарына жеткізеді. Бидайдан ұн дайындайды. Ұннан неше түрлі нан пісіреді. Мұның бәрі - адамдардың еңбегі. Нан - адамның өмірі.
Мәтін не туралы?
Диқандар қай мезгілде жерге тұқым себеді?
Егін неден өніп шығады?
Астықты немен орып алады?
Ұнды неден дайындайды?