Introducing 

Prezi AI.

Your new presentation assistant.

Refine, enhance, and tailor your content, source relevant images, and edit visuals quicker than ever before.

Loading…
Transcript

Astana International University

Өмір және Өлім

23/10/2019

Өмір философиясы барлық тіршілік иелеріне рухқа, не материяға ұқсамайтын, бірақ түйсік сезімі арқылы тануға болатын өмір көрінісінің формасы және әлдеқандай бір алғашқы реальдық ретінде қарастырады. Бұл философияның пайда болуына биология немесе психология сияқты ғылымдарының жедел дамуы әсер етті. Өмір философиясындағы басты ұғым - өмірдің мәні мен мағынасын алуан түрлі, оны қай позициядан, қалай түсіндіруге байланысты. Мұндағы «өмір» ұғымы бәрінен бұрын тірі организм өмір сүріунің шарты ретіне биология-натуралисттік мағынасында қолданады. Сонымен қатар, «өмір» - дүниенің фбсолюттік шектік негізі болып табылады.

Өмір

Адам болмысының категориялары

Сенім

Бақыт

Сенім - адамның қоршаған ортаға және ақиқатқа көзқарасын, қарым-қатынасын анықтайтын түсінік, білім, елес, идеялар.

Бақыт дегеніміз — өзі болмысының шарттары мен адамның кең ауқымды ішкі қанағаттанушылығына сәйкес келетін, өмірінің толыққандылығы мен маңыздылығын, өзінің адамдық мұратына жету күйін көрсететін моральдық сана ұғымы.

адам болмысы

Өмір

Өлім

Өлім - организмдегі биологиялық, физиологиялық, биохимиялық процесстермен функияларының доғарылуымен сипатталатын жансыз қалпы.

Өмір философиясы барлық тіршілік иелеріне рухқа, не материяға ұқсамайтын, бірақ түйсік сезімі арқылы тануға болатын өмір көрінісінің формасы және әлдеқандай бір алғашқы реальдық ретінде қарастырады.

Өмірдің мәні

мәні

Өмірдің мәнін іздеу

"Өмірдің мәні туралы ойланбайтын адам бар ма?" деген сұраққа кім болса да: "Жоқ, өз өмірінің мәні туралы ойланбайтын, толғанбайтын, мағыналы өмір сүруге әрекет етуге тырыспайтын адам болмайды", — деп жауап беретін болар.

Ұлы Абайдың жас ұрпаққа: "Атаның ұлы болма, адамның ұлы бол" деп өсиет калдырғаны белгілі.

Әрине, бұл жерде өз атына лайық, ізгі, мейірімді, өзгелерді қадірлейтін, өз мүддесін қоғам мүддесімен ұштастыра алатын, өзі үшін де, өзгелер үшін де еңбек ете білетін, өз құқығын қорғап, өзгелердің кұқығын сыйлайтын, өмірден кеткен соң артына жақсы сөзі мен ісін қалдыратын адам туралы әңгіме болып отырғаны анық.

Дегенмен бұдан туындап жататын сұрақтар да аз болмаса керек. Сонда қалай, кез келген адам бұл дүниеге келгеннен кейін бар өмірін артына жақсы із қалдыруға арнауға міндетті болғаны ғой Адамдардың бәрі ұлы тұлғалар сияқты еңбек етіп, артына игілікті мұра қалдыра ала ма? Ондайға тырысу қатардағы адамдар үшін қиял, орындалмайтын арман емес пе?

"Менің өмірлік тұрғым басқа, — дейді біреулер, — өмір адамға екі рет келмейді. Сондықтан мынау көк аспан мен жарық күннің астында сайран салып қалу керек. Аузың барда асап қал. Ішіп-же. Киін. Сауық құр. Нәпсіңді қандыр. Ләззат ал". Қайсысы дұрыс?

Мұндай сұраққа сылдырата жауап бере салу қиын емес. Адам өмірінің мәніне қатысты мәселе — ол әр адамның өзінің жеке мәселесі. Мұндайда дайын рецепт беруден онды нәтиже шыға кояр ма екен? Дүние жүзінде қанша адам болса, сонша өмірлік ұстаным бар. Ал талқының, пікір алмасудың ешқашан артықшылығы болмайтыны анық.

Өткен ғасырларда өмір сүрген ғұламалар бұқаралық санадағы түсініктерге талдау жасай отырып, адамның болмысының абстрактілі және өзгермейтінін негізге ала отырып, адамның өмірінің мәні оның іс-әрекеттерінің негізгі мақсаты мен мұратынан тұрады деген қағидаға ден қойып келгені мәлім. Бұдан дүниені рухани құралдармен өзгерту мүмкіндігі туралы ой туады. Көптеген философтар өмірдің мәнін жеке адамның дүниетанымдық жүйесінің көрсеткіші, моральдық нормаларды бейнелейтін реттеуші үғым ретінде қабылдайды. Бұл жерде адам өмірінің мәнін белгілі бір тұтынушылық стандарттар мен жеке бастың қамтамасыз болуына жетумен байланыстырудың да негізсіз емес екендігін айта кету керек.

Өмірдің мәні туралы сауалдарға ғылыми тұрғыдан нақты жауап қайтару мүмкіндігін теріске шығаратын теориялар да жоқ емес. Ондай тұжырымдар өмірдің мәні әр жеке адам үшін өзінше, қайталанбас өзгешелігінен туындаса керек. Егер дүние жүзінде 6 млрд-тан астам адам бар десек, өмірдің мәні туралы сонша пікір бар.

Ал өмірдің мәні туралы философтар пікірлерінің жалпы адамзатқа ортақ, әлдеқалай бір жиынтық тұжырым болып шығып жатуының да өзіндік жөні бар. Адам өмірінің мәні оның өлеуметтік жағдайларымен айқындалады. Адам — белсеңді әрекет иесі. Ол әлеуметтік дамуды жеделдетіп немесе тежеп, оған тура ықпал ете алады.

фатализм

гедонизм

Фатализм мен гедонизм

Фатализм (латынша satalіs – қашып құтылмайтын) – әрбір оқиғаны және адамның әрбір әрекетін о баста бекітілген деп білетін, қалау еркі мен кездейсоқтықты жоққа шығаратын дүниетанымдық тұжырымдама.

1)мифологиялық Фатализм – иррационалды, қараңғы тағдыр;2) теологиялық Фатализм – құдіретті Құдайдың қалауы; 3)рационалистік Фатализм– себептер мен салдардың тұйықталған каузалды жүйесінің ішіндегі қапысыз шиеленісі деп біледі.

Гедонизм - Кирен философиялық мектебі (б.з.д. IV ғ.) мен Эпикурдың (б.з.д. 341 - 270) дамытқан этикалық ілімі. Геодонизм эвдемонизмнің бір тармағына жатады және ләззат алуды тіршіліктің бастауы мен өмір мағынасы деп жариялайды. Жақсы игілік рақаттануға жеткізеді, жамандық қайғықасірет әкеледі. Геодонизмнің салыстырмалы толық ілімін Сократ шәкірті Аристип қалыптастырған. Эпикурейшілдікте Геодонизм принципі сезімдік ләззаттардан рухтың тыныштығына және қасіреттен кұтылу жолдарын іздеуге көбірек бағытталған.

волюнтаризм

функциянализм

Валюнтаризм

Функционализм

Функционализм - [ лат. fonctio - жүзеге асырылу, орындалу ] – әлеуметтанудың әдістемелік тәсілдерінің бірі. Қоғамды, оның құбылыстарын, процестерін, өзіндік құрылымы, әрқайсысы өз қызметін атқаратын әрекет ету тетіктері бар әлеуметтік жүйелерді қарастыратын басты бағыттарының бірі.

#1

#3

#2

Волюнтаризм - [лат. voluntas - ерік] - ерікті қоғам дамуы мен оны санаға, қоғам заңдылықтарына қарсы қою және оны қоғамдық дамудың шешуші факторы ретінде мойындаудан шығатын идеология мен психологияның, саясат пен тәжірибенің мәні.

махаббат және өмір

Махаббат мәселесі қазіргі философия ғылымында өзекті мәселеге айналуда. Қазір махаббат пен мейірімділікке негізделген жаңа үлгідегі әлемді тану жолында жаңа көзқарасты өзара түсінік философиясын қалыптастыру мәселесі күн тәртібінде тұр.Махаббат көп жағдайда адамның дәстүрлі әлемі туралы түсінігімен анықталады. Әрбір халық өздерінің көп ғасырлық өзінің тарихында бұл ұғымға мифология, дін, философия, этика, музыка, поэзия сияқты дәстүрлі мәденитінің элементтерін енгізді.Бұрынғы философтар махаббат ұғымын тереңдікпен зерттеген, Әл-Фараби, Ибн Сина, Омар Хайям, және тағы басқа белгілі ойшылдар мен ғалымдар бұл құбылыстың шығу тегін зерттей отырып, әр-түрлі, кейде бір - біріне қарама - қарсы болатын тұжырымдарға да келген. Қоғамның дамуына байланысты махаббат туралы түсініктер де өзгеріп отыратынына қарамастан халықтың тарихы мен дәстүріндегі махаббат ұғымының мәні мен табиғаты жұмбағы көп өзекті мәселесі болып отырды.

Қазіргі рухани өмірдің тәжірибесі өткеннің, қазіргі кезеңнің және болашақтың ұлы жетістіктерінің негізінде қалыптасады.

Адамның рухани - адамгершілік өмірі дами келе әлеммен жеке адамның арасындағы үйлесімдікке әкеледі. Әлемдік өркениет дамуының үйлесімді бірлігін іздеу әр түрлі тәсілдермен, әдістермен жүзеге асады. Кейбір дәстүрлерде махаббат өтпелі өмір сияқты, ал бірақ, негізделген, көбінесе өмірдің өзі сияқты сипатқа ие болған.

Махаббат туралы Батыс және Шығысқа тән түсініктерді салыстыра отырып, адамзаттың бай рухани тәжірибесін қолданып, біз қазіргі кезеңде «өзімізге қайта оралу» қажеттілігіне бет бұрамыз.

Бұл қайта оралу - Інжілдегі адасқан ұлдың қайта оралуы емес, ол біздің шешілмеген мәселелерімізді түсіну үшін қажет гуманистік қайнар көздерге, рухани құндылықтарға қайта оралу болып табылады. Сонымен қатар, біз өзіміздің дәстүрлі дүниеге қатынасы сәйкес келетіндерін таңдап алуға тиістіміз.

Махаббат әрқашан азап шегумен байланысты болатынын міндетті түрде айту қажет. Қасірет шегу ғашықтардың өмірінің ажырамас бір бөлігі болып табылады. Махаббат - бұл үздіксіз азапқа түсу. Махаббат адамды азапқа түсіретін сезім болғандықтан одан міндетті түрде құтылу керек дейтін буддалықтардың түсінігінен өзгеше, қазақта және басқа да шығыстық тұжырымдамаларда азап рухқа ерекше күш, ғарыштарға айырықша шабыт береді. Ғашықтардың біреуінің өлімі екіншісіне орны толмас қасірет әкеледі.

Махаббатты адамның өмір сүруінің бірден - бір тәсілі ретінде түсінудің қазіргі мағынасы ерте кезден - ақ анықталған.

Қ.А. Ясауи Ислам сопылығының ажырамас бөлігі болып табылатын, түркі сопылығына негізделген тариқат жолын қалыптастырды.Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымында өмір мен өлім мәселесінің мәні өзгеше. Ғазали «өлімнің ақиқатын түсіну үшін, өмірдің мәніне жету керек, ал рухты білмей тұрып, өмірді тани алмайсың»,- дейді. Оның ілімінде нәпсі – жамандықтың, рух – жақсылықтың қайнар көзі болып табылады. Жақсылық пен жамандық секілді нәпсі мен рухтың да қатар өмір сүруі мүмкін емес. Рухтың өмір сүруі үшін нәпсінің өлуі шарт. Өйткені өмірдің мәні рухтың тазалығында, яғни көңіл айнасының сафтығында жатыр. Рух тазалығын мақсат тұту «ашқ» мәртебесіне ұласып, Хақ дидарын көру болып табылады. «Муту қабла ан тамуту-топырақ болмақ; Ашқтар өлмес бұрын өледі екен...» «Құл Қожа Ахмет, нәпсіні тептім, нәпсіні тептім, Өлмес бұрын жан берудің дертін шектім, Дидар тілеп тәрк етсем масиуаны; Өлмес бұрын болмысыңды айла фәни...» [4].

Бұлар – «өлмес бұрын өлу» философиясына тән хикметтер. Қожа Ахмет Ясауи мұнда масиуаны Хақтан басқа барлық дүниені тәрк ету арқылы шынайы өмір мәнін ұғынуға шақырады. Оның көзқарасы бойынша, «шынайы өмір» деп, рухтың нәпсіден арылып, илаhи нұрлармен шайылуын айтады. Бұл ілім негізінде адамдарды «өлілер» және «тірілер» деп қарауға болады. Бұл жердегі «өлі» және «тірі» ұғымы рухқа байланысты. «Өлілер» – дүниеде нәпсінің құлы болып өткендер, олар тірі болса да өлікпен тең. «Тірілер» – нәпсілерін жою арқылы рухтарына «өмір» сыйлағандар, олар өлсе де мәңгілік өмірмен қауышқандар, бақи мәртебесіне жеткендер. Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымында физикалық өлім жоқ. Ол жай ғана рухтың тәннен айырылып, басқа бір халге ауысуы.

Сопы Хақ алдында құл, халық алдында азат, еркін. Рухани өлімнің нәтижесінде нәпсі үстемдік құрып, адамды өзіне құл етеді. Адам өзінің жаратылысын, табиғатын жатсына бастайды. Нәтижесінде рух еркіндіктен айырылады. Қожа Ахмет Ясауи әдісі бойынша, рухты еркіндікке қауыштырудың жолы – зухд Қожа Ахмет Ясауи ілімінде ішкі еркіндікке жетудің дәрежелері мен басқыштары айтылады.

Бұлар сопылық дүниетанымдағы «халдер» мен «мақамат» категорияларының рет-ретімен жалғасуы арқылы жүзеге асады. Ішкі еркіндік жайындағы мәліметтің негізі – дін. Ал дін адамзатқа «ішкі құлдықтан» құтылу және «ішкі еркіндікке» жетудің жолын көрсететін Аллах тарапынан берілген илаhи жолдағы Қожа Ахмет Ясауи ілімі бойынша, «өлілер» мен «тірілер» ұғымына сәйкес, еркіндік мәселесінде де адамдарды екі топқа бөліп қарауға болады. Бірінші топ – «еркіндікті аңсаушылар». Бұлар тек қана Хаққа табынып, құлшылық етеді. Екінші топ – «еркіндіктен қорқатындар». Бұлар – нәпсі, мансап, байлық, атақ, дүние, адамға, т.б. табынып, құлдық ұрады. Хикметтің басы – Аллахты бар және бір деп білу.

Ұлы Абай махаббатты экзистенциялдық тұрғыдан терең түсінді. Махаббаттың мәнін Абай «жүрек» категориясы арқылы ашты. Махаббат философиясының және жүрек философиясының тілі мен шығу тегі бір болатын. Ендеше, мұндай адамды бұл сезім әуелден - ақ сақталған. Оның өмірі махаббатты іздеуден және оны табудан тұрады. Абай өзінің «қара сөздерінде» жүрек, махаббат туралы көбірек айтады. «Жүрек», «намыс», «рух», «ерлік» «ар-ұят» туралы философиялық пайымдауларын ақын терең герменевтикалық талдаумен кеңейтеді. Ол махаббаттың мәнін анықтай отырып, тек сол ғана адамның өмірін толықтырады деген қорытынды жасайды. Адам өз махаббатын басқаға сыйлай отырып, өзінің жанын біреуге қия отырып, өзі оны жоғалтпайды, керісінше, өз болмысының мәнін жауапкершіліктен, қуаныштан, құрбандықтан табады. Махаббаттың түрлері туралы айта келе, Абай сезімдік махаббатты кемсітпейді, оны рухани махаббаттың жоғарғы сатылардың бірі деп есептейді. Абай бізді жүректің тілімен сөйлеуге шақырады.

Өлім организмдегі тіршіліктің толық тоқтауы.Табиғи және мезгілсіз немесе паталогиялық өлім болады.Табиғи өлімтұлға тіршілігінің заңды аяқталуы болып еептеледі,ол организмнің қартайып тозынан болады.Паталогиялық өлім әрқашан мезгілсіз,кез келген жаста болуы мүмкін.Өлу заңдылықтарын,оның себептерін және өлімнен кейінгі өзгерістерді зерттейтін ілімді танаталогия дейді

Өлім

өлім

Ежелгі мысырлықтар жер тіршілігін жасырын өмірге дайындық ретінде қарастырды. Ежелгі жапондықтар адам өлгеннен кейін өз ұрпақтарында өмір сүруді жалғастырады деп санайды. Өлімге қайғылы көзқарас буддизм, зароастризм (Иран), иудаизм, доасизм (Қытай) сияқты діндерге тән. Ежелгі Грециядағы (б.з. д. VII-VI ғ.) діни - философиялық қозғалыстар да өлімге драмалық түрде қатысты. Ежелгі грек философиясының классикалық кезеңінде өлімнің қорқынышын жеңу әрекеттері жасалды. Платон екі бөліктен тұратын адам туралы ілім жасады - өлмейтін жан және өлім денесі. Осы ілімге сәйкес өлім денеден жан бөлу процесі, оның жер бетінде өмір сүретін "қараңғыдан" босатылуы бар. Платонның пікірінше, денесі өлімнің нәтижесінде күйеу мен тленге айналады. Бұл ілім қайта құрылған түрде кейіннен христиан қабылдады.

Өлімді өзге түсіну Эпикур мен стоицизм философиясына тән. Стоиктер өлімнің алдында қорқынышты жеңілдетуге ұмтыла отырып, оның жалпыға бірдей және жаратылыстылығы туралы айтты, өйткені барлық заттардың соңы бар. Эпикур қайтыс болудан қорықпау керек деп есептеді, өйткені біз тірі болғанша, ол әлі жоқ, ал ол келгенде-біз жоқ.

Проблема қайтыс болған өзінше шешілді философиядағы танымал голландиялық философ - Спинозаның Спиноза Бенедикт , нидерланд философы-материалист, пантеист және атеист. Ол еркін адам өлім туралы ештеңе ойлайды деп санады. Спинозаның пікірінше, адамның даналығы "өлім туралы емес, өмір туралы ойдан тұрады".

философ-материалист және атеист, революциялық франц идеологы. буржуазияның 18. в., Фейербах Фейербах Людвиг Андреас неміс философы-материалист және атеист., Маркс, Чернышевский. Осы көзқарасты XX ғасырдың философтар-материалистері және атеистік дүниетанымды ұстанатын көптеген ғалымдар бөліседі.

Жеке өлімшілік мүмкіндігін жоққа шығара отырып, атеистік көзқарасты ұстанатын философтар мен ғалымдар "жасырын Өмірге" үміт қалдырып, ең болмағанда иллюзиялық болмыстан бас тартады. Сонымен қатар, олардың алдында кез келген қылмыс жасау мүмкіндігі ашылады, өйткені Ф. М. Достоевский Федор Михайлович Достоевский айтқан, орыс жазушысы."Егер Құдай болмаса, бәрі риза". Сот қарымта күтуші әрбір сенушінің қайтыс болғаннан кейін, осы адамдарға салынуы мүмкін.

Тек өлім фактісі өмірдің мәні туралы мәселені тереңдете қояды. Бұл әлемдегі өмір мағынасы бар, себебі өлім бар. Мағынасы соңы бар. Егер соңғы болмасаң, яғни егер өмірдің жаман шексіздігі болса, онда өмірдің мәні болмайды. Өлім - шекті қорқыныш және шекті зұлым - мәңгілік өмір, мәңгілік және мәңгілік өмір өлім арқылы ғана қол жеткізуге болады.

Платон философия өлімге дайындау сияқты басқа нәрсе емес екенін үйретеді. Бірақ қайғы-қасірет ғана философияның өзі өлу керектігін және өлімді қалай жеңу керектігін білмейді.

діни сенімдер

Үндістан тұрғындарының өлімге тыныш қатынасы бар. Себебі қарапайым. Бұл жерде Карма реинкарнациясы мен заңдарына сенеді. Шығыста тіпті балалар бір әлемнен екінші әлемге шексіз жан туралы біледі. Еуропада дәстүр өзге. Бірақ соңғы онжылдықта және мұнда шығыс елдерінің мәдени мұрасына қызығушылық таныта бастады. Йогамен және медитациямен бірге батысқа Карма және реинкарнация туралы Білім келді.

Ұғым Шығыс діндерінен келді. Бұл термин сөзбе-сөз "қайта іске асыру"дегенді білдіреді. Бұл жан, Жоғары "мен" немесе Атман туралы. Рухани жоспардың өшпес субстанциясы жерге келеді (Үнді ілімдері біздің әлемнің планеталары туралы айтады) тәжірибе алу және даналық болу үшін бірнеше рет. Жер сабақтары игерілген кезде, жан болмыстың басқа деңгейіне өтеді және онда өзінің эволюциясын жалғастырады. Ғылым өкілдері рухтың қоныс аудару теориясына күмәнмен қарайды. Алайда, түсініксіз фактілерден аулақ болуға болмайды. Бұл бұрынғы өмірін еске алатын балалар туралы. Және бұл қиял немесе қиял ойынына жету қиын. Балалар өздерінің өткен көріністері туралы айтып, тексеруге оңай және ойлауға қиын нақты бөлшектерді атайды. Өткен өмір туралы естелік бес жасқа дейінгі балаларда сақталады, содан кейін бұл естеліктер өшіріледі. Бұл жаста бала социумға сай келеді, және ол мидың сол, рационалды, жарты шарушылығы басым болады.

көзқарастар

Ғалымдардың өлімге қатынасы. Ғалымдар үшін өлім-жұмбақ, қарапайым өлім-мәңгілік финал. Тек түрлі дін өкілдері үшін ғана өмірден кету түсінікті, заңды және жақсы түсіндірілетін нәрсе бар. Бұл тұрғыда сенуші адамдарға көз жеткізуге болады: олар өлімнің не үшін қажет екенін және өмір жолы аяқталғаннан кейін оларды қандай тағдыр күтіп тұрғанын қатты біледі. Дегенмен, әртүрлі діндерде өлімге деген көзқарас әртүрлі.

Иудаизмдегі өлімге қатынасы. Иудаизм өлімді сөзсіз зұлымдық деп қарастырады. Бұл дінде өлімнің қабынуы немесе оған босатылуға қатысы жоқ — адамға өлімді жақындатуға үзілді-кесілді тыйым салынады. Бұл ретте өлім соңы болып саналмайды, өйткені адамның жаны мәңгі.

Христиандықта өлімге қатынасы. Мәсіх, оған сенушілердің барлығына жұмаққа өлмейтін өмір сүруге үміт сыйлады. Христиандар өмір — бұл өлімге дайындық, ал өлім — су айырығы деп санайды, одан кейін жан тағдыры анықталады.

Буддизмдегі өлім қатынасы. Буддизмде өлім жай ғана табиғи емес, ол қажет, өйткені адамды абсолюттік — нирванға жақындатады. Дегенмен, өлім абсолютке қол жеткізуге кепілдік бермейді, өйткені адамның өлгеннен кейінгі тағдыры оның жер өміріне байланысты.

Исламдағы өлімге қатысы. Ислам жаны Өлмейтін деп Айтады. Христиандық сияқты, исламдағы жер өмірі бағаланады. Бірақ, бұған қарамастан, соңғы күні бәрі жойылады,ал өлгендер қайта тіріліп, соңғы сот үшін Аллаға қарсы болады.

Атеистердің өлімге қатынасы. Атеистер діндарлар үшін жер өмірі өмір сүрудің апофеозы, ал өлім-өмірді мағынасыз ететін еңсерілмейтін трагедия. Атеистам бұл қарсылық білдіріп жоқ: олар сенеді өмір мен өлімнен қорқады.

Learn more about creating dynamic, engaging presentations with Prezi