Loading content…
Transcript

Your subtitle here

CLIMB TO

SUCCESS

Бонитировка деген сөз латынша “bonitas” деген сөзден шыққан. Бұның аудармасы «сапалық, сапасы артушылық». Бонититеттеу дегеніміз топырақтың сапалылығын білдіреді. Топырақ бонитеті дегеніміз – оның сапасының көрсеткіші. Топырақтың сапасы, оның табиғи белгілері және қасиеттері бойынша бағаланады, ол ауылшаруашылық дақылдарының шығымдылығымен тығыз байланысты. Сондықтан топырақтың сапасын айыру дегеніміз, оларды ауылшаруашылық дақылдар шығымдылығымен өзара байланысты, табиғи белгілері және қасиеттері бойынша бағалау деп түсініледі.

01

Топырақты бонитеттеу – топырақтың табиғи құнарлығын салыстырып бағалау, оларды табиғи қасиеттер бойынша жіктеу.Жерді құнарлығы бойынша бағалау келесілерге бөлінеді:

• топырақты бонитеттеу;

• жерді экономикалық бағалау.

02

Жердің сапалық жағдайы 4 көрсеткіштерден тұрады:

1. Құнарлық;

2. Тұрған орны;

3. Экономикалық факторлар;

4. Кеңістік-технологиялық жағдайлар.

Құнарлылық 2 түрде болады:

• табиғи;

• жасанды;

03

Бонитеттеу жұмыстарын жүргізгенде мынадай жағдайларды есте ұстау керек:

1. топырақтың сапасын бағалау агротопырақ аудандарының шекарасында жүргізіледі, сондықтан оның аудандық ерекшелігі болады;

2. топырақтың бағалайтын белгілерінің жиынтығы, әртүрлі топырақтың эколого-генетикалық қатарларына және топтарына әртүрлі болады;

3. топырақтың сапасын бағалау нәтижелері жерге экономикалық баға бергенде бағалау бірлігі ретінде пайдаланылады.

04

Бонитеттеу жұмыстарын жүргізгенде топырақтың бірыңғай топтары бірыңғай бонитет көрсеткіштердін алуға тиісті. Бұл көрсеткіштерді анықтау үшін топырақтың сапасын айыру шкаласы жасалынады. Шкаланың екі түрі болады: алшақ салынған шкала және бекітулі шкала.

06

Бонитеттеу жұмыстарын жүргізгенде екі бағалау шкаласын жасаған дұрыс: бірінші шкала (негізгі шкала) – топырақтың қасиеттері бойынша жасалады; екінші шкала – ауылшаруашылық дақылдардың шығымдылығы не болмаса жайылым шабындық алқаптардың өнімділігі бойынша жасалады.

06

Title

Бонититеттеу жұмыстарын жүргізу негізінен 3 (үш) кезеңге бөлінеді:

1) дайындық-камералдық жұмыстар;

1. дала жұмыстары;

2. камералды – талдау жұмыстары.

Title

Біздің Республикамызда топырақтың сапасын бағалау үшін төмендегідей көрсеткіштері алынады:

а) топырақтың 0-50 см.қабатындағы қарашірік (пайызден) мөлшері;

ә) топырақтың тұздылығы (засоленность);

б) топырақтың сортаңдылығы (солонцеватость);

в) топырақтағы ұсақ тастардың мөлшері (защебенность);

г) топырақтың тастақтылығы (кесектілігі) (каменность);

д) топырақтың гидроморфтық дәрежесі (шабындық, шабынды-батпақты, батпақты жерлерге).