Дәріс №8
22/02/2023
Примитив
Кез келген сызба примитив деп аталатын графикалық элементтерден тұрады. Примитивтер жәй және күрделі болып екіге бөлінеді. Примитивтердің түрлері төмендегі схемада көрсетілген:
Примитивтерді салу командалары "Рисование" құлама мәзірінде орналасқан.
Сонымен қатар олар "Рисование" аспаптар тақтасындағы батырмалармен
Жәй примитивтер
Нүкте (Точка - Point)
Нүктелер (Точка (Point)) командасының көмегімен сызылады. Нүктелерді
өзіндік стилімен және белгілі бір өлшемдермен сызуға болады.
Команданы шақырудың үш түрлі әдісі бар.
- РИСОВАНИЕ (DRAW) мәзірі – Точка (Point);
- РИСОВАНИЕ (DRAW) аспаптар тақтасы – пиктограммасы;
- Командалар жолы – Точка (Point).
POINT (ТОЧКА) командасын шақырғанда келесі сұрау шығады:
Current point modes: PDVODE =0 PDSIZE = 0.0000
Specify a point:
(Текущие режимы точек: PDVODE =0 PDSIZE = 0.0000
Укажите точку:)
Нүктені экранда тышқанның кӛмегімен немесе пернетақтадан
координаталарымен енгізуге болады.
Кесінді (Отрезок - Line)
Кесінді – AutoCAD жүйесіндегі ең қарапайым объект. Ол жалғыз болуы мүмкін немесе шеткі нүктелері қосылып сынық сызық құрауы мүмкін. Бұл сынық сызықтың әр кесіндісі өз бетінше бөлек объект болып табылады. Кесінділер Отрезок (Line) командасының көмегімен салынады. Команданы шақырудың үш түрлі әдісі бар.
- РИСОВАНИЕ (DRAW) мәзірі – Отрезок (line) ;
- РИСОВАНИЕ (DRAW) аспаптар тақтасы – пиктограммасы;
- Командалар жолы – Отрезок (Line).
Тік төртбұрыш (Прямоугольник - Rectang)
Тік төртбұрыш сызбаларда көптеп кездесетін геометриялық фигура.
Сондықтан AutoCAD графикалық жүйесінде арнайы Прямоугольник (Rectang)
командасы бар.
Бұл команданы шақыру үшін төмендегі тәсілдердің бірін қолдануға болады:
1. Рисование (Draw) бөлімінен Прямоугольник (Rectang )командасы
шақырылады.
2. Рисование (Draw) аспаптар панелінде пиктограммасын
курсормен таңдау арқылы шақырылады.
3. Командалық жолда Прямоугольник (Rectang) командасы жазылады.
AutoCAD графикалық жүйесінде тік төртбұрышты екі түрлі тәсілмен сызуға болады: тік төртбұрыштың диагоналінің шеткі нүктелерін көрсету арқылы және бір нүкте мен тік төртбұрыштың қабырғаларының өлшемдерін енгізу арқылы.
Көпбұрыш (Многоугольник - Polygon)
Дұрыс көпбұрыштарды сызу үшін Многоугольник (polygon) командасы
қолданылады. AutoCAD графикалық жүйесінде көпбұрыш деп геометриялық дұрыс кӛпбұрыштарды, яғни ішкі бұрыштары тең және қабырғаларының ұзындықтары тең геометриялық дөңес тұйық фигураларды айтады. AutoCAD жүйесінде көпбұрыштардың қабырғалары 3-тен 1024-ке дейін қабылдауға болады.
Команданы шақыру тәсілдері:
1. Многоугольник (Polygon) пиктограммасын басу арқылы, бұл
пиктограмма аспаптар панелінің Рисование (Draw) бөлімінде орналасқан.
2. Құлама мәзірдегі Рисование (Draw) бөліміндегі Многоугольник (Polygon)
командасын таңдау арқылы.
3. Командалық жолға Polygon сөзін жазу арқылы.
Көпбұрыштың центрі болатын нүктені көрсеткен соң, келесі опциялардың бірін таңдау керек:
Шеңбер (Круг - Circle)
Команданы шақыру тәсілдері:
1. Круг (Circle) пиктограммасын басу арқылы, бұл пиктограмма аспаптар панелінің Рисование (Draw) бөлімінде орналасқан.
2. Құлама мәзірдегі Рисование (Draw) бөліміндегі Круг командасын таңдау арқылы.
3. Командалық жолға Circle сөзін жазу арқылы.
Графикалық жүйе шеңберді салудың бірнеше жолын ұсынады:
Шеңбердің центрі мен радиусы арқылы:
CIRCLE (КРУГ) командасын шақырғанда жүйе келесі сұрауды жасайды:
Specify center point for circle or [3P\2P\TTR (tan tan radius)] (Центр круга или [3Т\2Т ККР (кас кас радиус)]:).
Шеңбер центрін координаталарымен немесе курсордың көмегімен беруге болады. Содан соң командалық жолда келесі сұрау пайда болады.
Specify radius of circle or [Diameter]: (Шеңбер радиусы немесе [Диаметр]:)
Осы кезде шеңбердің радиусының шамасына тең санды жазуға болады. Радиусты нүкте арқылы да беруге болады (компьютер шеңбер центрінен (1) жаңа нүктеге (2) дейінгі қашықтықты өлшеп, оны радиус ретінде қабылдайды. Содан соң экранда шеңбер пайда болады:
Шеңбердің центрі мен диаметрі арқылы:
Егер D (Д) символын жазса, бұл сіздің DIAMETER (диаметр) опциясын таңдағаныңызды білдіреді. Бұл шеңберді салудың екінші тәсілі болады. Немесе тышқанның оң батырмасын басып, контекстік мәзірді
шақырамыз. Оның ішінде Диаметр опциясын таңдаймыз. Сол кезде диаметр шамасын ендіріңіз деген сұрау келеді:
Specify diameter of circle: (Шеңбердің диаметрі) Диаметр санмен жазылады немесе нүктемен көрсетіледі. Диаметрді нүкте арқылы да беруге болады (компьютер шеңбер центрінен (1) жаңа нүктеге (2) дейінгі қашықтықты ӛлшеп, оны диаметр ретінде қабылдайды:
Берілген екі нүкте арқылы
Егер 2Р (2Т) опциясы таңдалса, онда компьютер 2
нүкте сұрайды және бұл екі нүкте болашақ шеңбердің диаметрінде жатады деп есептеледі (олардың арасындағы қашықтық диаметрге тең болады). Осы жерде компьютер келесі сұрауларды қояды:
Доға (Дуга - Arc)
Доғаны салу үшін Дуга (Arc) командасын қолданады. Бұл доғаны салу үшін ең көп керекті опциялары бар команда.
Команданы шақыру тәсілдері:
1. Дуга (Arc) пиктограммасын басу арқылы, бұл пиктограмма аспаптар панелінің Рисование (Draw) бөлімінде орналасқан.
2. Құлама мәзірдегі Рисование (Draw) бөліміндегі Дуга командасын таңдау арқылы.
3. Командалық жолға Дуга (Arc) сөзін жазу арқылы
Графикалық жүйе доғаны үш параметрі бойынша салудың келесі нұсқаларын ұсынады:
3 нүкте
Басы Центр Соңы (Начало Центр Конец)
Басы Центр Бұрыш (Начало Центр Угол)
Басы Центр Ұзындық (Начало Центр Длина)
Басы Соңы Бұрыш (Начало Конец Угол)
Басы Соңы Бағыты (Начало Конец Направление)
Басы Соңы Радиус (Начало Конец радиус)
Центр Басы Соңы (Центр Начало Конец)
Центр Басы Бұрыш (Центр Начало Угол)
Центр Басы Ұзындық (Центр Начало Длина)
Доғаларды салуды бірнеше мысалдары бар:
Үш нүкте арқылы доғаны салу. Бірінші нүкте (1) доғаның басы, (3) нүктесі доғаның соңы, (2) нүктесі (1) мен (3) нүктелерінің арасында орналасады. Үш нүкте арқылы доғаны сағат тілімен де, сағат тіліне қарсы да салуға болады:
Доғаны оның басы, центрі және соңы арқылы салуды көрсетейік. Доға командасының бұл опциясын таңдағанда командалық жолда келесі
сұрау пайда болады:
Specify start point of arc or [Center]:
(Начальная точка дуги или [Центр]:)
Бастапқы нүктені (1) енгіземіз. Бұдан соң
компьютер доға центрін (2) енгізуді сұрайды.
Доға сағат тіліне қарсы салынады. Доғаның
соңы (3) нүктесі доға мен (2) нүктесінен жүргізілген жорамал түзудің қиылысында орналасады:
Түзу (Прямая - XLINE)
Түзуді салу үшін Прямая (XLINE) командасын қолданады.
Екі бағытта да шексіз сызықтарды түзу дейміз. Шексіз түзулерді көбінесе объектілерді салу кезінде қосымша сызықтар ретінде пайдаланады.
Шексіз түзулердің болуы сызбаның шекарасына әсер етпейді. Сондықтан түзулер зумдау процесіне немесе көрінісі экрандарына да әсері жоқ. Түзулерді жылжытуға, бұруға және көшірмесін жасауға болады.
Команданы шақыру тәсілдері:
1. Прямая (XLINE) пиктограммасын басу арқылы, бұл пиктограмма
аспаптар панелінің Рисование (Draw) бөлімінде орналасқан.
2. Құлама мәзірдегі Рисование (Draw) бөліміндегі Прямая командасын таңдау арқылы.
3. Командалық жолға Прямая (XLINE) сөзін жазу арқылы.
Сәуле (Луч - Ray)
Жазықтықтың бір нүктесінен басталатын және бір жағына қарай шексіз бағытталған геометриялық элементті сәуле дейміз. Бұл примитивті салу үшін RAY (ЛУЧ) командасы қолданылады.
Бұл команданы аспаптар тақтасынан немесе Рисование (Draw) құлама мәзірінен Ray (Луч) пунктін таңдау арқылы шақырады. Сонымен қатар командалық жолға Луч немесе Ray жазуын жазу арқылы шақыруға болады.
Компьютердің бірінші сұранысына сәйкес сәуленің бас нүктесін енгізіп, сәуле бағытын анықтайтын екінші нүктені енгізеді.
Эллипс – фокус деп аталатын екі нүктеден қашықтықтарының қосындысы тұрақты болатын нүктелердің геометриялық орны. AutoCAD жүйесінде математикалық дәл эллипстерді де, эллипстік доғаларды да салуға мүмкіндік бар.
Ол үшін Эллипс (ellipce) командасы қызмет етеді.
Графикалық жүйе эллипстарды салудың бірнеше нұсқаларын ұсынады.
Эллипсті берілген екі осі бойынша салу мысалы:
Компьютердің бірінші сұранысы:
Specify axis end point of ellipse or [Arc/Center]:
(Конечная точка оси эллипса или [Дуга/Центр]:)
Осьтің бірінші (1) нүктесін енгізу керек. Келесі сұраныс:
Specify other endpoint of axis:
(Вторая конечная точка оси:)
Бұл сұранысқа жауап ретінде осьтің екінші (2) нүктесін енгізу керек. Жүйе бұл екі нүкте арқылы эллипстің центрін анықтайды (бірінші мен екінші нүктелердің ортасы).
Сплайн – берілген нүктелер арқылы өтетін тегіс тұтас сызық. Нүктелер кезкелген мүмкін тәсілмен беріле береді. Сплайн салу үшін Сплайн (spline) командасы қолданылады. Бұл команданы Рисование құлама мәзірінен Сплайн (spline) пуктін таңдап немесе аспаптар тақтасында пиктограммасын басу арқылы шақырылады. Одан бӛлек командалар жолында Сплайн (spline) деп жазу арқылы шақыруға болады.
Команданың бірінші сұранысы:
Specify first point or [Object]:
(Первая точка или [Объект]:)
Бірінші нүктені енгізгеннен кейін келесі сұраныс шығады:
Specify next point:
(Следующая точка:)
Екінші нүктені енгіземіз. Командалық жолда келесі сұраныс пайда болады: Нүктелерді қажетінше енгізіп, Enter батырмасын басамыз:
Мәтіндік стильді қабылдау және оны өзгерту Стиль текста (Text style) диалогтық терезесінде жасалды. Ол құлама мәзірдің ФОРМАТ бөлімінен шақырылады.
КӨПЖОЛДЫҚ мәтін
(Многострочный текст)
Mtext - көпжолдық мәтінді жазу командасы
БІР ЖОЛДЫҚ мәтін
(Однострочный текст)
Dtext и Text - біржолдық мәтінді жазу командалары
Күрделі примитивтер жазық және кеңістік болады. Жазық примитивтерге келесілер жатады:
AutoCAD-та өлшемдер бір блокқа жинақталған бірнеше элементтерден құралады.
Бұл блокқа келесі элементтер кіреді:
Блок деп AutoCAD объектілерінің бір немесе бірнеше тобын айтады, олардың ортақ бір аты болады және бір объект ретінде қарастырылады.
Өлшемдердің негізгі түрлері:
Сұрақтар
1. Компьютерлік графикада примитив деп нені атайды?
2. AutoCAD жүйесінде қандай примитвтер бар?
3. Нүкте примтивіне қандай командаларды қолдануға болады?