Introducing 

Prezi AI.

Your new presentation assistant.

Refine, enhance, and tailor your content, source relevant images, and edit visuals quicker than ever before.

Loading…
Transcript

Дәріс №4

ТҮЗУ СЫЗЫҚТЫҢ СЫЗБАЛАРЫ

НЕГІЗГІ ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ФИГУРАЛАРДЫ

СЫЗБАДА КЕСКІНДЕУ

Сипаттама

ТҮЗУ СЫЗЫҚТЫҢ СЫЗБАЛАРЫ

Жалпы жағдайда түзу сызық екі нүктелері арқылы беріледі. Түзу сызықтың моделі нүктенің моделі сияқты қос түзулерден тұрады, жəне оны сызбада төменде көрсетілгендей етіп беруге болады: [АВ]{[А1В1], [А2В2]} кесіндісінің проекцияларымен (2.1-сурет, а); ұзындығы еркінше алынған l{l1,l2} түзуінің проекцияларымен (2.1-сурет, ə), немесе С{С1,С2} нүктенің проекциялары жəне осы нүкте арқылы таңдалған бағытта жүргізілген m С (2.1-сурет, б) түзуінің проекцияларымен.

Кеңістікте еркінше орналасқан

түзу сызық жалпы жағдайда

орналасқан түзу, немесе жалпы

жағдай түзу деп аталады.

Сызбада оның проекцияларының

біреуі де проекциялар осіне

параллель, не перпендикуляр

болмайды (2.1-сурет).

Түзуге тиесілі жəне тиесілі емес нүктелер

Түзудің ізі

Түзудің проекциялар жазықтығымен қиылысу нүктесі осы түзудің ізі деп аталады. Түзудің ізі проекциялар жазықтықтары берілген жағдайда ғана анықтала алады, демек ол үшін сызбада х осі берілуі қажет жəне жеткілікті 2.3-сурет, а-да [АВ] кесіндісі арқылы берілген түзудің 1 жəне 2 проекциялар жазықтықтарымен қиылысқан М{М1,М2} жəне N{N1,N2} нүктелері көрсетілген. Бұл нүктелер АВ түзуінің іздері болады: М{М1,М2} нүктесі – түзудің горизонталь ізі; N{N1,N2} нүктесі – оның фронталь ізі болып табылады.

Түзудің іздері

Түзу сызықтың үш көріністі сызбасы

Егер b{b1 b2} түзу сызығы осі жоқ сызбада берілген болса (2.4-сурет, ə) жəне оның b3 профиль проекциясын салу керек

болса, онда бұл үшін:

  • нүкте таңдалады, мысалы 1{1112}, жəне горизонталь байланыс сызығының бойында оның 13 профиль проекциясы беріледі;
  • 1-10-13 байланыс сынық сызығы жəне кешенді сызбаның k тұрақты сызығы салынады;
  • 21 нүктесі таңдалады, жəне 22-23 анықталады;
  • 13-23 арқылы b3 жүргізіледі.

ЖЕКЕ (ДЕРБЕС) ЖАҒДАЙДАҒЫ ТҮЗУ СЫЗЫҚТАР

ЖЕКЕ (ДЕРБЕС) ЖАҒДАЙДАҒЫ ТҮЗУ СЫЗЫҚТАР

Проекциялар жазықтығына параллель немесе перпендикуляр орналасқан түзу сызықтарды жеке (дербес) жағдайдағы түзулер деп атайды. Олар деңгейлік жəне проекциялаушы түзулерге бөлінеді.

Деңгейлік түзулер

Проекциялар жазықтығына параллель түзу сызықтарды деңгейлік түзулер деп атайды. Горизонталь проекциялар жазықтығына параллель түзу сызық деңгейлік горизонталь түзуі, немесе, горизонталь деп аталады. Оны h əрпімен белгілейді: h{h1, h2} ⁄⁄ ​2 (2.5-сурет, а).

Проекциялаушы түзулер

Проекциялар жазықтығына перпендикуляр түзулер проекциялаушы түзулер деп аталады (2.6-сурет).

Горизонталь проекциялаушы түзу / фронталь проекциялаушы түзу

Түзулердің өзара орналасуы

Кеңістікте екі түзу өзара қиылысушы (а  в), параллель (с//d) жəне айқасушы түзулер болып орналасуы мүмкін (2.7-сурет): а) ə) б)

Екі қиылысушы түзулердің ортақ нүктесі болады. Сондықтан сызбада олардың горизонталь жəне фронталь проекцияларының қиылысу нүктесі осы ортақ нүктесінің проекциялары болып табылады (2.7-сурет, а):

Екі с жəне d параллель түзулердің аттас проекциялары параллель болады: (2.7-сурет, ə). Бұл параллель

проекциялаудағы параллельділік қасиетінің сақталуынан туындаған.

Екі айқасушы түзулердің ортақ нүктесі болмайды. Сондықтан олардың горизонталь жəне фронталь проекцияларының қиылысу нүктелері бір байланыс сызығының бойында орналаспайды, яғни екі əртүрлі нүктелердің беттескен проекциялары болып табылады (2.7-сурет, б). Мұндай нүктелер бұған дейін көрсетілген бəсекелес нүктелер қатарына жатады, олар арқылы фигуралардың өзара орналасуындағы көрінетіндігін анықтауға болады. 1-де В нүктесі А нүктесін жауып тұр, яғни ол көрінетін нүкте, өйткені ол қараушыға жақынырақ орналасқан (оның В2 горизонталь проекциясы х осінен қашығырақ орналасқан). Сондай-ақ 2-де С нүктесі D нүктесін жауып тұр, 2, өйткені С нүктесі D нүктесінен биігірек орналасқан (С1 проекциясы х осінен D1 проекциясына қарағанда жоғарырақ орналасқан).

Learn more about creating dynamic, engaging presentations with Prezi