Loading content…
Loading…
Transcript

Қоғамда тұлғаны әлеуметтендіруге көмектесетін жаңа әдістемелер

Орындаған: Кәдірбек Д.А.

(СПИС, 4-курс, 1-гр)

Тексерген: Шауенова М.

Алматы, 2019 ж

Тұлға — жеке адамның өзіндік адамгершілік, әлеуметтік, психологиялық қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым. Aдамның әлеуметтік қасиеттерінің жиынтығы, қоғамның даму жемісі және белсенді қызмет ету мен қарым-қатынас орнату арқылы жеке адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізудің жемісі.

ACT 1

"Тұлға" ұғымы философиялық түсінік бойынша:

Тұлға философиялық тұрғыда адамды “адам” ретінде тануға, яғни оның рухани-адамгершілік, ділдік, мәдени қырларына баса назар аударумен пайымдалады. Психология тұлғаның өзіне тән күш-жігерін, мінез-құлқын, психо-физиология ерекшеліктерін зерттейді. Социологияда тұлға қоғам мүшесі ретінде қарастырылып, оның әлеуметтік қырлары, саналы қоғамдық әрекеті жан-жақты зерттеледі. Қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар саласының қай-қайсында болсын адам орталық мәселе болғандықтан олар тұлға ұғымын ортақ қолданып, әрқайсысы әр қырынан зерттеп-таниды және осы ғылым салаларының зерттеу нәтижелерінің өзара ықпалдастығы мен бір-біріне әсері бар. Әр ғылым саласы тұлға сөзіне өзіне тән танымдық-ұғымдық мағына сыйғызады.

ACT 2

"Тұлға" ұғымы психологиялық түсінік бойынша:

Тұлға психологияда өзінің өмір жолын белгілей алатын, қайталанбас даралық ерекшелігін сезінетін субъект. Тұлға адам ұғымынан гөрі нақты мағынаға ие. Өйткені адам тұлғалық сипатты иелену үшін өз “менің” өзге “меннен” ажыратып, есейіп, өз бетінше дербес әрекет ету мүмкіндігін ашуы керек. Яғни, белгілі бір мәнді іспен айналысатын, азды-көпті білімі, өмірлік тәжірибесі, дүниетанымы мен сенімі бар адамды тұлға деп атайды. Қазақ ұғымында бала мұндай азаматтық атқа бозбалалық шақта ие бола бастайтынын “Он үште отау иесі” деген мақалдан көруге болады. Халықта өзінің өнегелі істерімен, имандылығымен ерекшеленген адамды ерекше қастерлеп, кісілігі бар тұлға дейді. Тұлға бойындағы адамгершіліктің көрінісі ар-ұятқа кір келтірмеуінен, намысын жоғары ұстауынан байқалады.

ACT 3

Тұлғалық белгілер

Тұлғалық белгілер — адамның даралық ерекшеліктерін көрсететін, психологиялық және физиологиялық элементтерін және оның ойлауы мен қылығын сипаттайтын өмір бойы қалыптасатын психофизиологиялық жүйе. Тұлғалық белгілер теориясы — негізінде "тұлғаның ерекшелік белгілері" деген ғылыми анықталған терминді қарастыратын тұлға теориясы. Тұлға қасиетінің теориясы тұлға дамуының құрылымын, шығу тегін, қалыптасуын қарастырады.

Тұлғаның бағыттылығы - тұлғаның іс-әрекетін бағдарлайтын және нақты бар жағдаяттан біршама тәуелсіз, орнықты түрткі-ниеттер жиынтығы. Тұлғаның бағыттылығы оның мүлделерімен, бейімдерімен, сенімдерімен, мұраттарымен сипатталады және бұлар арқылы адамның дүниетанымы білінеді. Тұлғаның дамуы — білім беру міндеттері тұрғысынан екі мағынаға ие: 1) тұлғаны қоғамдық өмірдің әр түрлі саласына жауапкершілікпен қатысуға тәрбиелейді; 2) жеке адамның жан-жақты үйлесімді дамуы, зияты, ақыл-ойы, еркі, сезімі мен оңтайлы логикалық-эмоциялық-психологиялық сапалары мен көзқарастары.

Тұлғаның имплицитті теориясы - белгілі бір адамның даралық өмір тәжірибесіндегі тұрақты қалыптасқан, типтік жағдайлардағы сыртқы белгілердің негізінде бір-бірімен адамдардың психологиясы мен қылығының үйлесімділігі ретінде түсінігін белгілейтін ғылыми, әлеуметтік-психологиялық ұғым. Тұлғаның имплицитті теориясы— адамдар туралы мағлұматтар жеткіліксіз болған жағдайда, олардың сыртқы пішіні, қылығы және тұлғалық қасиеттеріне байланысты өмірде қалыптасқан тұрақты пікірлер туралы теория.

Тұлғаның өзін-өзі анықтауы - адамның өз өмір жолын, мақсаттарын, құндылықтарын, әдептілік нормаларын, болашақ мамандығы мен өмір жағдайларын өзінше таңдауы. Тұлғаның үміттену деңгейі — адам үміттенетін мақсат деңгейі.

Әлеуметтену

"Әлеуметтену" ұғымына анықтама

«Әлеуметтену» ұғымы қазіргі кезеңде кеңінен таралып, тек қана əәлеуметтану ғылымында емес, сонымен бірге психология, педагогика, этнология, криминалистика, əәлеуметтік жұмыс, дінтану және басқа да қоғамдық ғылымдар саласында қолданылады. Тұлғаның түрлі теорияларының негізін құрайтын əәлеуметтену процесінің көптеген парадигмалары қатар өмір сүріп келеді. ƏӘлеуметтену процесін зерттеуге қатысты тәсілдердің көптігі бұл əәлеуметтік құбылыстың күрделі және қарама-қайшылықты екендігін және топтастыру мен жүйелеудің əәрқилы түрлерінің мүмкін екендігін көрсетеді.

Философиялық еңбектерде əәлеуметтенуді адамның əәлеуметтік сапаларды игеру, «био-дан»«социо-ға» өту процесі деп, қарайтын кең, абстракті түрде түсіну орын алады. «Әлеуметтену» ұғымымен қатар индивидтің əәлеуметтік сапаларды қалыптастырғандығын көрсететін «тұлғаның əәлеуметтік қалыптасуы» деген ұғымның қолданылуы осының мысалы.

Этнографиялық зерттеулердің көптеген түрлері әлеуметтенуді инкультурация (немесе энкультурация) ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Мұнда əәлеуметтену ұрпақтар аралығында мәдениетті жеткізіп отырудың механизмі рөлін атқарады.

Қазіргі тұлғаның әлеуметтену ерекшеліктері

Әлеуметтенудің социологиялық анықтамаларында тұлғаның қалыптасуына тигізетін əәлеуметтік факторлардың (рөлдер және мәртебелер, құндылықтар, талаптар, əәлеуметтік институттар, т.б.) əәсеріне ерекше көңіл бөлінеді. Психологиялық анықтамаларда дербестіктің қалыптасуына және адамдардың жекелік айырмашылықтарына акцент жасалынса, педагогикалық анықтамаларда əәлеуметтену процесіндегі тәрбиенің рөлі қарастырылады.

Тұлғаның әлеуметтенуі деп оның қоғамға енуі арқылы сыртқы орта мен жекелік сапаларының əәсерлерінің негізінде өзінің жекелік және əәлеуметтік мәнін көрсетуін айтады. Осылайша, əәлеуметтену процесінде тұлғаның əәлеуметтік тұрғыдан дамуы ғана емес, сонымен қатар оның жекелік ерекшеліктерінің қалыптасуы да жүзеге асады.

Тұлға əәлеуметтену процесінде қоғамдық қатынастардың субъектісі және объектісі ретінде қалыптасады.

Ə Әлеуметтенудің мүдделер немесе бағыну принципіне негізделген механизмдерінің ерекшеліктеріне байланысты оның құралдарының қандай да бір түріне артықшылық беріледі. Тоталитарлық қоғам жағдайында бағыну принципіне негізделген əәлеуметтенудің ақпараттық-білімдік құралдары идеологиялық, бір жақтылық сипатымен ерекшеленді. Ұйымдастыру-реттеу құралдары мемлекеттік тапсырыстың негізінде мемлекетке қажет адамдарды қалыптастырды. Сондықтан да өзін-өзі ұйымдастырушы жүйелердің орнына сыртқы факторлардың әсерімен қалыптасқан жүйелер орын алды. Барлық аталған құралдардың ішінде бақылау құралдары негізгі орында болды. Ал стимул беруші (ынталандырушы) құралдар көбінесе қоғам алдында шексіз қарыздарлық пен борыштарын сезінген адамдардың энтузиазмдерін көтеру мақсатын орындады.

«Адам мақсат ретінде» – бұл əәлеуметтенудің қазіргі үлгісінің түрі.

Ə Әлеуметтену процесінің мазмұны мен сипаты әлеуметтік-мәдени ортамен және тұлғаның жеке белсенділігімен тікелей байланысты. Бұл өзара байланыс үш деңгейде (қоғам, микроорта және жеке өмірлік тәжірибе) көрінеді. Әлеуметтену процесінде тұлға қоғамдық маңызды əәлеуметтік-мәдени ақпараттарды, ал микроортада жақын топтардың құндылықтары мен талаптарын қабылдап, үшінші деңгейде бұл қабылданған құндылықтарды өзінің ішкі дүниесіне өткізуді жүзеге асырады.

Тұлғаның əәлеуметтенуі қоғам мен жеке адамның əәлеуметтенуінің бірігуінен құралады. Яғни, қоғам адамды қалыптастыратын болса, онда адам да қоғамды қалыптастырады. Тұлға қоғамға сөзсіз тәуелді. Ол қоғамсыз өмір сүре алмайды. Бірақ, оның өзіндік тәуелсіздігі бар ма? Керісінше əәсердің болуы мүмкін бе? ƏӘлеуметтену процесінің осы принципті, негізгі сұрағына жауап беруде əәлеуметтанудың классиктері

Э. Дюркгейм мен М. Вебер қарама-қарсы көзқарастарды жақтайды. Дюркгейм əәлеуметтік шындықты жеке шындықтан жоғары тұратын автономды шындық ретінде қарастырады. Ол «жеке деректерге» «әлеуметтік деректерді», «жеке санаға», «ұжымдық сананы» қарсы қояды. «Ұжымдық түсініктерді жеке түсініктерден шығаруға болмайтындығы сияқты, қоғамды да жеке адамдардан, тұтасты бөліктерден, қиынды-қарапайымнан шығаруға болмайды», - деп есептейді. Осы сұраққа байланысты М. Вебердің көзқарасы тікелей қарама-қарсы бағытты бейнелейді. Ол қоғамның дамуында жеке адамдардың іс-әрекеттеріне маңызды орын беретіндердің қатарында. М. Вебер əәлеуметтік іс-əәрекеттің субъектісі ретінде қоғамды немесе ұжымдықтың басқа да түрлерін қарастырған Дюркгеймнен айрықша, субъект ретінде жеке адамның саналы түрде алдына қойған мақсатына жетуге бағытталған іс-əрекетін айтады.

Ə Әлеуметтену процесінің мазмұны мен сипаты əәлеуметтік-мәдени ортамен және тұлғаның жеке белсенділігімен тікелей байланысты. Бұл өзара байланыс үш деңгейде (қоғам, микроорта және жеке өмірлік тәжірибе) көрінеді.ƏӘлеуметтену процесінде тұлға қоғамдық маңызды əлеуметтік-мәдени ақпараттарды, ал микроортада жақын топтардың құндылықтары мен талаптарын қабылдап, үшінші деңгейде бұл қабылданған құндылықтарды өзінің ішкі дүниесіне өткізуді жүзеге асырады.

Тұлғаның əәлеуметтенуі қоғам мен жеке адамның әлеуметтенуінің бірігуінен құралады. Яғни, қоғам адамды қалыптастыратын болса, онда адам да қоғамды қалыптастырады. Тұлға қоғамға сөзсіз тәуелді. Ол қоғамсыз өмір сүре алмайды. Бірақ, оның өзіндік тәуелсіздігі бар ма? Керісінше əәсердің болуы мүмкін бе? ƏӘлеуметтену процесінің осы принципті, негізгі сұрағына жауап беруде əәлеуметтанудың классиктері Э. Дюркгейм мен М. Вебер қарама-қарсы көзқарастарды жақтайды. Дюркгейм əәлеуметтік шындықты жеке шындықтан жоғары тұратын автономды шындық ретінде қарастырады. Ол «жеке деректерге» «әлеуметтік деректерді», «жеке санаға», «ұжымдық сананы» қарсы қояды. «Ұжымдық түсініктерді жеке түсініктерден шығаруға болмайтындығы сияқты, қоғамды да жеке адамдардан, тұтасты бөліктерден, қиынды-қарапайымнан шығаруға болмайды», - деп есептейді. Осы сұраққа байланысты М. Вебердің көзқарасы тікелей қарама-қарсы бағытты бейнелейді. Ол қоғамның дамуында жеке адамдардың іс-əәрекеттеріне маңызды орын беретіндердің қатарында. М. Вебер əәлеуметтік іс-əрекеттің субъектісі ретінде қоғамды немесе ұжымдықтың басқа да түрлерін қарастырған Дюркгеймнен айрықша, субъект ретінде жеке адамның саналы түрде алдына қойған мақсатына жетуге бағытталған іс-әрекетін айтады.

Тұлғаның əәлеуметтену процесінің механизмдеріне танымдық, бейімделу, интеграциялық механизмдерді жатқызуға болады.

Т. Парсонс əәлеуметтенудің маңызды механизміне тұлғаның өзін үлкендермен теңдестіре қарауын жатқызады. Осы мағынасында əәлеуметтенудің танымдық механизмі ретінде еліктеу мен теңдестіруді қарастыруға болады. ƏӘлеуметтенуді тұлғаның əәлеуметтік жүйеге бейімделу процесі ретінде қарастыра отырып, Т. Парсонс бейімделу механизміне де басты назар аударады. Бейімделу Парсонс бойынша институционализацияланған құндылықтарды қоғамның күтіліміне сай қабылдау ретінде түсіндіріледі. Ол конформизмді индивидтің табиғатының, оның бейімделу мүмкіндігінің көрінісі ретінде қарастыра отырып, оны əәлеуметтік жүйенің қалыптасу заңдылығы ретінде түсіндіреді. ƏӘлеуметтенудің интеграциялық механизмдері оның көзқарасы бойынша, ынтымақтастықтың белгілі бір деңгейіне жетудің тәсілі ретінде қарастырылады.

Қазіргі уақытта тұлғаның субъектілік сапаларының өзектендірілуіне байланысты əәлеуметтенудің бейімделу механизмдерінің қатарына инициативаны да жатқызған жөн. Мұның себебі бейімделуді əәлеуметтенудің белсенді механизмі ретінде қарастырумен тығыз байланысты.

Синергетиканың əәдіснамалық рөлінің күшеюі əәлеуметтенудің интеграциялық механизмдері ретінде қолдау үлгісімен қатар қақтығысты қарастыруды талап етеді. Яғни бұл жерде қоғамдағы ынтымақтастықты қалыптастыруда қақтығыстардың да жағымды жақтарын, қызметтерін ескеру қажет. Тұлға қоғамға қақтығыстарға ұшырай отырып та ене алады.

Жоғарыда аталған əәлеуметтенудің механизмдерінің мағынасын ашып көрсететін болсақ, онда олар төмендегідей ерекшеліктермен сипатталады.

Еліктеу – индивидтің өзі еліктеп отырған объектінің ерекшеліктері мен мінез-құлық үлгілерін айнытпай салуы.

Теңдестіру – теңдестіріп отырған топтың құндылықтарын саналы түрде қабылдау;

Бейімделу – пассивті бейімделу қылығын таңдау.

Адаптация – белсенді бейімделу позициясын таңдау.

Конформизм (конформдық мінез-құлық) – келісімге келу, субъектілік позициядан бас тарту.

Қолдау үлгісі – қалыптасқан әлеуметтік тәртіптерді қолдаудың əәрқилы түрлері.

Қақтығыс – субъектінің өзінің позициясының қарама-қарсы тұрған жақпен сәйкессіздігін сезінуі. ƏӘлеуметтенуге «оқу» деген терминнен гөрі «игеру» деген термин көбірек сәйкес келеді. Өзінің мазмұны жағынан бұл термин кеңірек және оқуды өзінің бір бөлігі ретінде қамтиды. ƏӘлеуметтену адамның биологиялық түрден əәлеуметтік түрге айналуын түсіндіреді. Бұл жерде əәлеуметтік орта шешуші рөлге ие болады. Ə Әлеуметтену процесі екі кезеңнен тұрады: біріншісі, адамның қоғамдық өмірге араласуы арқылы жеке əәлеуметтік рөлдерді орындауы.

Т. Парсонстың көзқарасы бойынша, жаңадан дүниеге келудің өзі белгілі бір əәлеуметтік рөлді орындауға жатады. Екіншісі, адамның туғанынан бастап өлгеніне дейін созылатын əәлеуметтік бақылау. Бұл – қоғамда тепе-теңдікті қамтамасыз ететін құрал.