Introducing 

Prezi AI.

Your new presentation assistant.

Refine, enhance, and tailor your content, source relevant images, and edit visuals quicker than ever before.

Loading…
Transcript

Пренаталды (құрсақ) және перинаталды (1 айдан 9 айға дейін)

4

5

3

6

2

7

1

0

Орындаған: Кәдірбек Д.А.

(СПИС, 3-к, 1-гр)

Қабылдаған: Азимбаева Д.Қ.

Өсу және даму - әрбір жеке ағзаға тән қасиеттердің бірі. Өсу мен даму кезінде ұлпалар мен мүшелерде сандық және сапалық күрделі өзгерістер байқалады. Адам ағзасының өсуі мен дамуында негізінен 2 кезеңді ажыратады.

Бірінші ұрықтық даму (эмбриональдық). Бұл ағзаның ұрықтанған жұмыртқа жасушасынан бастап, туғанға дейінгі уақытты қамтиды. Ұрықтық даму анасының ішінде, яғни жатырда өтеді.

Екіншісі - туғаннан бастап, өз тіршілігін жойғанға (өлгенге) дейінгі кезең. Әрбір ағзаның жеке дамуын ғылыми тілде онтогенез (гр. ontos — жекелей, genes - шығу тегі) дейді. Адамның туғаннан кейінгі жеке дамуында бірнеше кезеңдерді ажыратады.

Іштегі баланың өсіп-дамуы

Ана құрсағындағы баланың қалай өсіп-дамитынының көп жайттары туралы біліміміз бұрын тым аз болатын. Мамандар бала қап-қараңғы, тып-тыныш жатырда қоршаған ортамен ешбір байланыссыз, түк сезбей дамиды деп ойлайтын. Соңғы жылдары ғана түрлі ғылыми және техникалық жетістіктердің арқасында ана жатырында жатқан нәрестенің қалай дамитынын тікелей бақылай алатын күйге жеттік. Құрсақтағы баланың сыртқы түрі қандай, ол қалай қимылдайды, қалай өседі, осының бәрін енді бүге-шігесіне дейін көре аламыз.

Құрсақтағы баланың өмірінің алғашқы айлары

Айына бір рет, екі етеккірдің аралығында аналық бездерден бір аналық жасуша босап шығып, фаллоптық қос түтіктің біреуіне түсіп, сол арқылы жатыр қуысына өтеді. Егер осы кезден сәл бұрын әйел жыныстық қатынасқа түскен болса, аналық жасуша аталық жасушамен қосылып, әйелдің бойына бала бітуі мүмкін. Аналық және аталық жасушалар қосылғанда жаңа тіршілік иесінің ең алғашқы жасушасы пайда болады. Бұл қосылу фаллоптық қос түтіктің бірінде жүзеге асады. Ұрықтанған жасуша 3 – 4 күннен кейін түтік арқылы жылжи отырып, жатырға өтеді де, оның қабырғасына бекінеді. Ұрықтанғаннан кейінгі 8 аптаны ұрықтық (эмбриондық) кезең деп атайды, бала да әлі ұрық (эмбрион) деп аталады. Осы уақыттың ішінде алғашқыда жалғыз ғана жасушадан тұрған ұрық дамып, дене мүшелері, сүйек қаңқасы, ми мен жүйке жүйесі сияқты негізгі ағзалары анық байқалатын организмге айналады.

1 - інші ай. Орталық жүйке және қан айналу жүйелері қалыптасады. Үшінші аптада жүрек соға бастайды. Ми мен жұлын қалыптаса бастайды.

2 - нші ай. Аяқ-қол, көз бен құлақ көріне бастайды. Бұлшық еттер мен омыртқа сүйегі қалыптасады. Пайда болған көз қабағы жарыққа сезімтал көздерді жауып, жүктіліктің жетінші айына дейін жабық болады. Барлық басты ағзалардың (мыс., бүйрек, бауыр, өкпе) негіздері қалыптасады.Нәресте қимылдай бастайды, бірақ анасы бұл қимылдарды әлі сезбейді. Ми дамып, бұлшық еттер мен ағзалардың жұмысын басқара бастайды. Бүкіл жүктілік кезінде нәрестенің миы оттегі мен нәрлі заттарды анасының қан айналу жүйесі арқылы қабылдайды. Оның қан айналу жүйесі анасының қан айналу жүйесімен бала жолдасы (плацента) арқылы байланысқан. Бала жолдасы анасының қанын баланың қанынан ажыратып, оған нәрлі заттар мен оттегіні ғана жібереді. Сегіз аптадан кейін ұрықты дәрігерлер фетус деп атайды. Сол кезде ұрықта толық дамыған ересек адам денесіне тән нәрселердің бәрі де бар. Енді оған әрі қарай дамып, өсе беру керек. Бұл кезде нәрестенің ұзындығы 2,5 сантиметр шамасында болады.

3 - інші ай. Бұлшық еттер мен жүйке жүйесі біршама дамып, нәрестенің қимылдары күшейіп, бұрынғыдан әлдеқайда үйлесімді бола бастайды, бірақ оларды анасы әлі де сезбейді. Ол баланың қимылын 18 – 20 аптада сезе бастайды, ал бұдан кейінгі жүктіліктерде бұрынырақ та сезуі мүмкін. Нәрестеде сору және жұту қабілеттері пайда болады. Тыныс алу рефлексі қалыптасады. Нәресте өзін қоршап тұрған қағанақ (амнион) суымен «тыныстап », бұл оның тыныс жүйесінің дамуына септігін тигізеді. Кейбір қарапайым рефлекстер қалыптасады. Мысалы, егер жатырдағы нәрестенің алақанына бір нәрсе салынса, оның саусақтары оны ұстамақ болып бүгіледі. Нәресте еріндерін жыбырлатып, маңдайын тыржитып, басын бұра бастайды. Оның жынысын анықтауға болады. Бүйректері жұмыс істейтіндіктен, нәресте несеп шығара бастайды. Шашы өсіп, денесін түк басады.

4 - інші ай. Нәрестенің тез өсуі жалғаса береді. Саусақтарында тырнақ өсіп, көз, құлақ пен мұрны жақсы қалыптасқан. Нәресте анасының даусын, жүрегінің соғуын және сыртқы ортаның шуларын ести алатыны жайлы дәлелдер бар.

5 - інші ай. Шамамен осы уақытта анасы алғаш рет нәрестенің қозғалысын сезе бастайды.Баланың терісіндегі нәзік түк пен лосьон сияқты қоймалжың ақшыл сұйықтық оны айналасындағы қағанақ суынан қорғап тұрады. Жүктіліктің соңына қарай қоймалжыңсұйықтықтың көбі өздігінен жоғалып кеткенмен, туғанда нәрестенің терісінде оның аздағанбөлігі әлі де қала береді, әсіресе, егер бала мерзімінен бұрын туса.

6 - ншы ай. Бұлшық еттер мен ішкі ағзалар тез өседі. Миы дамып жетіле береді. Баланың ояу болатын, ұйықтайтын кездері жақсы қалыптасқан. Оның ұзындығы 33 см, салмағы 500 г шамасында.

7 - нші ай. Нәрестенің көздерін жауып тұрған қабақтары енді ашық, кірпіктері бар. Баланың көру, есту, дәм сезу мен сипау сезімдері қалыптасқан, ол анасының дауысын таниды.

8 - інші ай. Терісінің астындағы майлы шел қабаты бала туылғаннан кейін оны қуатпен қамтамасызетеді және дене температура-сын реттеуге көмектеседі. Бала жолдасы арқылы келетін анасыныңгормондарының әсерінен нәресте оның көңіл күйі мен сезімдерінің қандай екенін сезе алады.

9 - ыншы ай. Жүктілік соңына жетіп, бала дүниеге келуге дайын.

Сәбилердің алғашқы айларда дамуы

Өмірдің ол үшін белгісіз жаңа шарттарына бейімделе бастайтын, бірінші айы сәби дамуының жауапты кезеңі болып табылады. Қалыпты жүктілік барысында туылған сәбидің туылғандағы салмағы 3000-3500г, ал бойының ұзындығы шамамен 48-52 см құрайды.

Жаңа туылған кезеңде сәбидің барлық органдарының қызметі жетілмеген, ағзаның негізгі қызметі қолайсыз жағдайларда әртүрлі органдар жұмысының бұзылуына әкеліп соғатын, әлі орнықпаған тепе-теңдік жағдайда.Жас сәбидің терісі өте нәзік, жұп-жұқа, лезде жарақаттанады. Сүйек ұлпасында кальций тұзы аз мөлшерде, сүйек жүйесінің кейбір бөліктері шеміршек ұлпасымен берілген.Ми сауытының сүйегі икемді, туу кезінде сәби басының әйел жыныс жолдары арқылы жеңіл өтуін қамтамасыз ететін және өмірдің бірінші жылында ми сауыты мен мидың пара-пар дамуына ықпал ететін үлкен және кіші "еңбегі" болады. Үлкен "еңбектің" мөлшер шамамен 3*3 см-ден 1,5-2 см дейін және қалыпты жағдайда бір жасқа дейін жабылуға тиіс.

Сәбиге екі ай толғанда дененің салмағы шамамен 800г, бойы 3 см өседі.Сәби бұл кезеңде ішінде жатып, басын көтере, аз уақыт ұстап және оны әр жаққа бұра алады. Ағзаның қызметі көбірек жетіледі, сәби көбінесе ояу болады, қосымша машықтар үйренеді. Нәресте үстінде ілулі тұрған ойыншықтарды қарастыра бастайды. Егер онымен еркелете сөйлессе, ол қуаныш күлкімен жауап береді және қолдары, аяқтарымен күшті қозғайды.

Үшінші ай – сәби дамуындағы өзгерістердің біліну уақыты. Бұл жағдай әсіресе нәрестемен тілдескенде, оны қолға ұстағанда білінеді. Анасының таң қалуына және қуанышына қарай, нәресте оған саналы түрде қарайды. Нәрестенің жауабы жымиыспен, қолдарын белсенді түрде қозғаумен, әлі белгісіз дыбыстармен білінеді. Ояу кезінде ол ойыншықтарға қарайды, қозғалған затты көзқарасымен бақылайды, оған қолын тигізуге талпынады. Сәби жақсы және ұзақ уақыт бойы басын ұстайды, басын қатты дыбыс шыққан, ашық түсті ойыншық жағына қарай бұрады.Үшінші айдағы дене салмағының артуы орташа 800г, бойының өсуі 3 см құрайды.

Төртінші ай толғанда нәресте арқасында жатқан жағдайда басын көтере алады. Ішінде жатып, ол шынтағы мен білегіне сүйеніп көтеріледі. Бұлшықеттер қозғалыстары анығырақ жетілген: сәби денесінің жағдайын өзгертуге, арқасынан қырына бұрылуға талпынады. Нәресте көбірек ойыншықтармен айналысады, ол тек қарап қана қоймай, сонымен қатар қызығушылықпен оларды қозгайды және ұстайды. Ойыншықтарын баланың қолдарын созғандағы қашықтықтықта іліп қою керек. Бұл жаста сәби заттардың түстерін және түрлерін айыра бастайды. Сондықтан, сәбидің қолына ұстауға және ойнауға қолайлы ашық түсті, дыбысты, көлемі кішігірім оыншықтарды беру абзал. Төртінші айда сәби денесінің салмағы 750г орташа, бойы 2,5 см өседі.

Бесінші айда сәбидің қозғалыс машықтарының жетілуі жалғасады. Ол тек басын ғана емес, сонымен қатар алақандарына сүйеніп, денесін де көтере алады, арқасынан ішіне еркін бұрылады, егер оған азырақ көмектессе, отырады. Денесін шамалы демесе, түзу және нық тұра алды, аяқтарын басады. Психикалық дамуы жедел жағдайда өтеді. Сәбидің ересектермен қарым-қатынады. Әрбір ай сайын өзгереді, едәуір саналы бола бастайды. Егер 3-4 айлық сәби кез келген адамның мейірімді тілдесуіне жымия жауап берсе, ал 5-6 айында ол алдымен сөйлескен адамды анықтап қарап алады, содан кейін ғана жауап береді. Бұл жаста сәби өз анасын, әкесін басқа да жақын адамдарды жақсы таниды, дауыстарына анық жауап береді. Ұзақ уақыт әуезді гулейді, сазды әуенді рахаттана тындайды. Бесінші айдағы дене салмағының артуы 700г, бойының өсуі 2,5 см құрайды. Бесінші ай – тәндік дамудың алғашқы шебі, бұл кезеңде дені сау сәбидің дене салмағы туғандағымен салыстырғанда екі есе артық.

Алтыншы айда нәресте қозғалыстарының үйлесімділігі анығырақ бола бастайды, ол ойыншықтарды еркін алады және ұзақ уақыт олармен ойнайды, манежде жылжи алады, тіпті өзін кейде қызықтырағн затқа еңбектеп барады. Алты айлық сәби тек арқасынан ішіне ғана емес, сондай-ақ ішінен арқасына аударыла алады, буындарға ұқсас дыбыстар шығарады, анасының қалында тұрақты отырады. Әйтседе сәби өз бетімен әлі отыра алмайды. Жастықтармен қаршап, она отырғызуға болмайды, өйткені бұл омыртқаның қисаюына әкеліп соғады. Сондықтан, сәби өзі отырмайынша, оны отырғызу керегі жоқ.

Баланың алты айға толғанынң маңызды ерекшелігі сүт тістерінің шығуы. Алдымен төменгі орталық күрек тістер шығады, содан соң жоғарғы орталық, әрі қарай төменгі бүйірдегі және жоғарғы бүйірдегі күрек тістер. Бір жасқа толу қарсаңында баланың 8 тісі болады. Алты айлық нәресте қасықтан жақсы тамақ ішеді, тамақ көргенде аузын ашады. Алты ай ішінде нәресте 2,5 см өседі, дене салмағы 650г артады.

Жетінші айда нәрестенің қозғалу үйлесімділігінің дамуы жалғасады. Сылдырмақ ойыншықты сермеу оны қанағаттандырмайды, нәресте оны жан-жақтағы заттарға ұрғылауға талпынады. Егер ол бұрын ойыншықтарды түсіріпалатын болса, енді ол ойыншықты жиірек лақтырады. Әр күн откен сайын нәресте ептірек бола бастайды. Ол енді жақсы еңбектейді, екі қолынан демесе тік түрады.Бұл кезеңде нәресте белгілі бір буындарды қайталап, ұзақ уаұыт бойына былдырлайд, ересектердің өтініші бойынша таныс заттарды табады. Ол кеседен жақсы ішеді, бірақ оны өз бетімен қолында ұстай алмайды. Жеті айда нәресте шамамен 2 см өседі және салмағына 600г қосады.

Сегізінші айда нәресте ересектермен рахаттана тілдеседі, өз отбасының мүшелерін таныс емес адамдардан айыра алады, үлкендердің өтініші бойынша әртүрлі әрекет-қимылдар орындайды: отыру, жату, қолын беру, қоштасарда қолын бұлғау және т.б. көптеген дыбыстар ішінен ол қағаз жырту дыбысын жақсы көреді және бұл «жұмыспен» рахаттана айналысады.Бұл жастағы сәби сенімді түрде, өз бетімен отырады, жатады, манеждің қабырғасынан ұстап тұруға талпынады және ұзақ уақыт бойы еңбектейді. Сегіз айда нәресте 18-20 см қосады, ал салмағы 9 кг таяу.

Тоғызыншы айда бірдеңеге сүйеніп жақсы тұрады, екі қолынан, ал кейде бір қолынан адам ұстаса адымдайды. Тегіс жермен еркін еңбектеп, бір затқа мысалы жастыққа немесе кітапқа шыға алады. Кез келген жағдайда ол тұрып, отыра алыд. Оның ептілігі артады, қолдарын еркін қозғауға, денесін бұруға мүмкіндік беретін, отырып ойнауды жақсы көреді.Бұл жастағы нәресте заттардың түсін, түрін ғана айырып қана қоймай, олардың көлемін де айырады. Ол өз атын шақырған адамға бұрылады, дауыс ырғағын сондай-ақ кейбір сөздердің мағынасын сезе бастайды. Нәресте «кис-кис» мысық, «ав-ав» ит, «би-би» машина сияқты белгі сөздерді түсінеді, игереді, ал кезде айтады.Оның дене салмағы 500г артады, ал бойы 2 см өседі.

Оныншы айда нәрестенің салмағы орта есеппен 450г өседі, ал бойы шамамен 1,5 см. Бұл кезеңде дененің салмағы мен бойының өсуі бәсеңдейді, сонымен қатар, сәбидің дене машықтары мен психикасының жедел дамуы белгілінеді. Ойнаған кезде сәби тізелеріне тұруға, бір қолымен ұстап еңкеюге, қолынан ұстаса жіберуге қабілеті бар. Ол қарапайым сөйлескенді түсінеді, басқа балаларға үйір, ересектердің «тиісуін» ықыласпен қабылдайды. Сәби тіршілігінің он бірінші айы – бұл дене дамуының екінші шебі. Бұл уақытта нәресте денесінің салмағы туғандағымен салыстырғанда шамамен 3 есеге артық. Бұл кезеңде сәби өз бетімен ұзақ уақыт тұрады және бірдеңеге сүйеніп жүруге талпынады. Сәби диваннан ішімен, көлбеу жазықтықпен түсуге талпынады.

Он бірінші айда қолдарының саусақтары қимылдарының үйлесімділігі анығырақ білінеді. Сәби күрделі әрекеттер жасайды: пирамидкалардан шеңберлерді алады және қайтадан кіргізеді, қорапшаларды ашуды және жабуды, оларға зат салуды, бар затты шағаруды, қағазды жұмырлауды және жыртуды ұнатады. Он бір айлық нәресте жақын адамдардың аттарын жақсы біледі, бірінші екі буынды сөздерді “ма-маң”, ”па-паң” айтады.

Он екінші ай сәби тірлігінің бірінші, ең қиын және жауапты жылын аяқтайды. Күнтізбелік жыл шартты шекара. Бұған дене салмағы мен бойының, тәндік және психикалық даму көрсеткіштерінің деректері ұштасады. Сәби дамуында он екінші ай өзгерісті болмайды, ағзада қалыптасқан біліктер мен машықтардың әрі қарай шыңдалуы өтеді.Дене салмағының қосылуы және өсу динамикасы азаяды. Он екінші айда нәресте 1 см, денесінің салмағы 350г өседі.

Емшектік кезең. Мұнда нәресте анасынан нәрлі уыз сүтін емеді. Уыз сүтінде нәрестенің ағзасына қажетті тағамдық заттар өте мол. Сондықтан да «уызына жарыған ұлылыққа ұмтылар, азамат боп өседі, ізгілікке құнты бар» деген халық нақылында терең тұжырым бар. Ана сүтін ешбір тағаммен теңестіруге болмайды. Ана сүті жетіспеген жағдайда ғана, 6-7 айдан бастап, қосымша тамақтандыруға болады. Бұл кезеңде сәбидің көп уакыты ұйқымен өтеді. Тамақ қажет болғанда, оянады. Емшектік кезеңде тамақ беру уақытын және тазалықты мұқият сақтау қажет. Олай болмаған жағдайда ұйқысы бұзылады, мазасыз болады, асқорытуы ауытқиды. Емшектік кезеңде нәресте қарқынды өседі. Қозғалыс әрекеттері дамиды: мойыны бекиді, отырады, еңбектейді, жүруге талпынады. Бұл кезеңде сүт тістері шыға бастайды, жеке сөздерге тілі келеді. Омыртқа бағанында иілімдер пайда болады. Қол-аяқ бұлшыкеттері де дами бастайды. Нәресте денесін шынықтыруға жүйелі түрде шомылдырудың және таза ауада серуендеудің маңызы зор. Нәресте денесін де, мінез-құлығын да дамытуда қайталау және жүйелілік ережелерін есте сақтау қажет. Мұның бәрі де тамақтануға, ұйкыға және т. б. байланысты шартты рефлекстердің дұрыс қалыптасуына септігін тигізеді.

Learn more about creating dynamic, engaging presentations with Prezi