Introducing
Your new presentation assistant.
Refine, enhance, and tailor your content, source relevant images, and edit visuals quicker than ever before.
Trending searches
Инклюзивті білім берудің шетелдік тәжірибесі
Орындаған: Кәдірбек Д.А. (СПИС, 3-курс, 1-гр)
Тексерген: Тұрысбек Ғ.
Қазіргі таңда дүниежүзінің назарын аударып отырған мәселе ол - балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның және отбасының қатысуымен білім беру үдерісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру болып табылады.
Инклюзивті білім беру
Инклюзивті білім беру балалардың әр түрлі дене, психикалық, зияткерлік, мәдени-этникалық, тілдік және өзге де ерекшеліктеріне қарамастан, сапалы білім беру ортасына айрықша білім алу қажеттіліктері бар балаларды қосуды, барлық кедергілерді жоюды, олардың сапалы білім алуы үшін және олардың әлеуметтік бейімделуін, социумге кірігуін көздейтін оқыту түрі.
Француз тілінен аударғанда "инклюзив" сөзі - өзімді қосқанда, ал латын тілінен аударғанда - қосамын деген мағынаны білдіреді.
Н.В. Борисова, С.А.
Прушинский және М.Перфильева инклюзивті білім берудің негізгі ұғым түсініктерін қарастырушы ғалымдар болып табылады. Осы ғалымдардың редакциялауымен жарық көрген "Инклюзивное образование: ключевые понятие" оқу құралында ең негізгі ғылыми аппаратқа тоқтала отырып, ұғым түсініктердің мәнін ашты.
Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90 жылдары АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына инклюзивті білім беру бағдарламасын толық енгізді. Біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы туралы ресми дерек "Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында" көрсетілді.
20-ғасырдың 60-жылдарында Еуропа мен Американың бірқатар елдерінде қоғамдық өмірдің көптеген саласында мүгедектігін бар адамдардың құқықтарының бұзылу мәселесі белсенді түрде талқылана бастады, мүгедектер қоғамнан мүлдем оқшауланды және сегрегацияға ұшырады.
Білім беру саласында мәселені шешудің екі негізгі жолы айқындалды: бір жолдан АҚШ өтті, екінші жолдан Еуропа өтті. 1970 жылдан бастап әлемнің бірқатар елдерінде, мүгедектердің білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге қатысты, нормативті актілер пакетін құрастыру және ендіру жүргізіліп келеді.
АҚШ пен Еуропаның білім беру саясатында мектептердің білімге қолжетімділікті кеңейу, интеграция, мейнстриминг, инклюзивті білім беру бірнеше тұғырлары дамыды. Ұлыбританияда әлеуметтік өнертапқыштық туралы сөз болды.
Мейнстриминг - мүгедектігі бар оқушылардың өз қатарластарымен мерекелерде, әртүрлі демалыс іс-шарасында қарым-қатынас жасайтын стратегияға жатады.
АҚШ-да 1875 жыл мен 1914 жылдары міндетті мектепте білім беру енгізілді, соған байланысты ақыл-ойы жетілмеген балалар үшін және "мінез-құлқын" түзетуге болмайтын балалар үшін сыныптар құрылды.
60-70-жылдары оқушылардың сәтсіздігіне кінәлі мектепке қарсы сындар айтыла бастады. АҚШ-да "ерекше" балалардың ата-аналары жеңіп шыққан бірнеше сот арызынан кейін, 1975 жылы №94-112 Мемлекеттік заңы қабылданды, ол ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларға келесі маңызды кепілдіктерді ұсынды:
- "минималды шектеулері бар ортада білім беру";
- тегін және адекватты білім беру қызметі;
- әділетті және дискриминациясыз бағалау және қажетті құқықтық қамтамасыз ету;
- жеке оқу жоспары.
1977 жылдағы "Мүгедек балаларға арналған білім" Заңында, мүгедек балаларға арнайы білім беруде қажетті қосымша қызмет тізімі көрсетіледі: көлік, логопедия, аудиология, психологиялық қызмет, физитерапия, рекреация, оккупациялық терапия, ерте идентификация, медициналық қызмет, мектеп дәрігері немесе мейірбике, мектептегі әлеуметтік қызметкер психолог, балалар мен отбасымен әлеуметтік жұмыс істеу қызметі, ата-аналарға кеңес беру және дайындық. 1990 жылдары АҚШ-да мүгедектігі бар балаларға жекелей оқыту принципі бар білім беру туралы заң қабылданды.
Арнайы білім беру саласында жүргізілетін АҚШ-ның қазіргі заманғы саясаты, жалпы білім беру және арнайы білім беруді біріктіру ұсынысынан құралады. Бұл біріктірудің үш негізгі тұғыры ұсынылады:
1) "негізгі бағыт";
2) "жалпы білім беру бастамасы";
3) "енгізілу".
"Негізгі бағыт" жалпы білім беретін мектепте арнайы сыныптардың ашылуын және қалыпты дамитын балалармен бірлескен іс-шараларды өткізуді қамтиды. Мұның қажеттілігі бұл балалардың қоғамда болуы себепті, оларды әлеуметтік және оқу іс-әрекетіне енгізуге ықпал ету үшін, мектепке бағыттап жіберумен негізделеді. Қазіргі кезде АҚШ-да негізгі бағыт ерекше қажеттіліктері бар барлық балалардың 25%-ын қамтиды.
"Жалпы білім беру бастамасы" (ЖББ) - бұл тұғырды 1986 жылы АҚШ білім департаменті жанындағы арнайы білім беру бөлімі ұсынған болатын. ЖББ "негізгі бағыт" тұжырымдамасына қарағанда, дамуында ауытқуы бар балаларға білім берудің жағдайларын іргелі өзгертуді ұсынады. Ол үшін оқытудың белгілі жағдайларын құру ұсынылады:
- сыныптардың шағын толықтырылуы;
- оқытудың жеке бағдарламасы;
- дайындалған педагогтар мен басқа мамандардың болуы;
- оқу үдерісін сәйкес жабдықтармен қамтамасыз ету;
- реабилитация бөлмесі жағдайындағы қосымша сабақтар.
Аталған бағыттағы қамтылған балалардың саны, мектеп жасындағы дамуында ауытқуы бар барлық балалардың 35%-ын құрайды.
"Енгізілу" моделі тұрғылықты мекен-жайы бойынша, бұзылу типіне және оның көріну дәрежесіне қарамастан, барлық балаларды жалпы білім беру үдерісіне енгізуден құралады. Толық енгізудің мақсаты - бұзылудың ауырлығына қарамастан, тұрғылықты жері бойынша барлық балалрды орнластыру және арнайы білім беру жүйесін қысқарту.
Қазіргі кезде АҚШ-да 1990 жылы қабылданған Заң жүзеге асырылады, ол дамуында бұзылуы бар адамдарға білім беру Актісі деп аталады. Ол жалпы білім беру жүйесінде баланың мұқтаждықтарына сәйкес тегін оқытуға кепілдік береді. Ата-аналар мектептен баланың оқу мүмкіндіктері туралы қорытындыны талап етуге құқығы болады, онда баланың дамуында бұзылудың болуы немесе болмауы туралы негіздеме беріледі. Мектепке мүмкіндігі шектеулі балаларды айқындау міндеті жүктеледі. Заң тек арнайы білім алу емес, сонымен қатар қосымша қызмет түрлерін алу құқығын береді.
Заң бойынша әрбір балаға жазбаша қорытынды және жеке білім беру бағдарламасы құрастырылады, мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беретін мектепте міндетті оқыту, сонымен бірге оның минималды шектеулері бар ортаға енгізуді ұсынады. 2001 жылдан бастап білім беру саясаты АҚШ-ның федеральды деңгейінде "Ешбір бала заңнан тыс қалмайды" атты құжатпен реттеледі. Бұл заң 2014 жылға қарай 100% оқушылардың үлгерімінің білім беру стандарттарына сәйкес болғанын талап етеді. Бұл жолда "бір жылда прогресс" көрсетпейтін мектептер жазаланады - мемлекеттік қаржыландырудан айырылады.
Данияда арнайы мектеп-интернатта күрделі эмоционалды ауытқуы бар балалар, ал арнайы мектепте - ақыл-ойында кемістігі бар балалар оқытылады, ал қалған балалар үшін жалпы білім беретін мектептерде арнайы сыныптар ашылған. Данияның арнайы білім беру саласындағы саясаттың стратегеиялық бағыты ретінде интеграция алынады.
Норвегияда интеграция үдерісі 80-жылдары басталды, 90-жылдардың басында арнайы мектептер қысқартылған болатын, оларға мүмкіндігі шектеулі балалардың бір пайыздан аз балалар барады.
Норвегия
Финляндия
Финляндияда ұзақ уақыт бойы арнайы мектептер мен жалпы білім беретін мектептің жанындағы арнайы сыныптардың параллельді жүйесі болды. 80-жылдардың соңынан бастап, арнайы білім беру саласындағы мемлекеттің саясатындағы негізгі бағыт ретінде интеграция алынды.
Нидерланды
Нидерланды үкіметі 90-жылдардан бастап, мүмкіндігінше арнайы және жалпы білім беруді біріктіруге, интеграциялық тұғырларды "Мектепке бірге барамыз" атты мемлекеттік Жоба арқылы ендіруге тырысады, аталған жобаны мақсаты ретінде, жалпы білім беретін мектеп жағдайында мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық көмекті қамтамасыз ету; арнайы мектептің оқушылар санын тұрақтандыру; ақыл-ойында кемістігі бар және психикалық дамуы тежелген балаларға арналған мектептің санының өсуіне кедергі келтіру алынды. Нидерландыда, Бельгияның Фламанд аймағындағыдай, арнайы мектептердің жүйесі жақсы дамыған, бірқатар ғалымдар бұл деректі инклюзивті білім берудің дамыту үшін күрделі кедергі болатынын атап көрсетеді.
Греция
Греция. Мүмкіндігі шектеулі балалрды қалыпты балабақшалар мен мектерге интеграциялау интеграциялау идеясы, Грецияда алғаш рет 1974 жылы ұсынылды. Алайда, көптеген басқа елдермен салыстарғанда интеграция үдерісін бастау туралы шешім, педагогтер мен ата-аналардың қысымының нәтижесінде емес, соған сәйкес заңнаманың пайда болуымен қабылданды. Елдегі интеграция үдерісі баяу жүргізіледі, себебі:
1) тірек-қимыл аппаратында бұзылуы бар балаларға арналған жай мектптерге физикалық қолжетімділіктің мүмкін еместігі байқалады;
2) диагностиканың кең қолжетімді тесттері мен дәстүрлерінің болмауы;
3) педагогтар ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс әдісін меңгермеген;
4) жергілікті билік ерте көмек беру мен интеграцияны аса қымбат деп, қызығушылық танытпайды;
5) қажетті қызмет түрлерін көрсететін орталықтар жетіспейді (физикалық терапия, логопедия саласында, психологиялық көмек, құқықтық көмек және т.б.).
Үндістан. 1986 жылы құрастырылған және 1992 жылы толықтырылған білім туралы Ұлттық заң, көптеген кәсіпқойлар, бірқатар штат өкілдері мен басқа қызығушылық танытқан адамдардың бірлескен күш-жігерінің нәтижесінде пайда болды. Аталған бағдарламаның аясында, білім осы елдің барлық тұрғындарына ұсынылуы керек. Заңның негізгі қағидалары білім алудағы және ерекше қажеттіліктері бар адамдарға теңдей құқық пен мүмкіндік ұсынуда, кедергілерді жоюға бағытталған. Елдің көп тілдігін, оның діни, әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерін, сонымен бірге ұзақ ғасырлар бойы колония (бодан) ретінде болудың салдарын ескерудің қажеттілігі атап көрсетіледі. Мүгедек балалар, қыздар, ұлттық аз топтар мен шалғай аймақта тұратын балалар, қосымша зейін аударуға мұқтаж баллаар ретінде анықталды. Оқшауланған топтарға бірқатар тайпалар мен ақсүйектер жатады.
Үндістан
Көптеген мамандардың пікірлері бойынша, Италия қалған дүние жүзіне инклюзивті білім берудің зертханасына айналды. Өткен ғасырдың 70-жылдарынан бастап, осы елдегі арнайы мектептер мен сыныптардың оқушыларының көпшілік бөлігі, жалпы білім беру жүйесіне интеграцияланды.
Қазіргі кезде мүмкіндігі шектеулі барлық балалардың
99 %-ы жалпы білім беретін мектепте оқиды. Оларға "қолдау мұғалімі" (тьютор) көмек көрсетеді. Қарапайым сыныпта қолдау мұғалімінен арнайы көмек алу үшін, бала дамуында ауытқуы бар бала ретінде тіркелуі керек. Тіркеу ата-аналардың келісімімен бір жылға жүзеге асырылады, бұл мерзім аяқталғаннан кейін, арнайы көмекті ұзарту немесе тоқтату туралы шешім ұабылданады.
1971 жылы Италияда ерекше қажеттіліктері бар балаларды жалпы білім беретін мектепте оқыту құқығы туралы бірінші Заң пайда болады. 1977 жылы мұндай оқытуды ұйымдастырудың белгілі нормативтерін құрастырған Заң қабылданды:
- сыныптағы балалардың ең көп саны - 20;
- дамуында ерекшеіктері бар балалардың қолдау бойынша арнайы іс-шаралар, сыныптағы сабақтың мазмұнына "енгізілген";
- арнайы бадғдарламалар бойынша оқитын сыныптар қысқартылады;
- арнайы педагогтар қалыпты мектеп мұғалімдерімен командаға бірігеді;
- педагогтардың екі категориясы сыныптың барлық оқушыларымен өзара әрекетке түседі.
Арнайы педагогтар мен мүмкіндігі шектеулі оқушылардың ресми арақатынасы - 1:4, бірақ шынына келгенде бұл 1:2 болады. Италия үшін сыныпта көзі көрмейтін (соқыр) немесе құлағы естімейтін (саңырау) баланың болуы қалыпты тәжірибе болып саналады, сыныптағы қалған барлық балалар Брейль әліппесін немесе ым-ишара тілін үйренеді. 1992 жылы шыққан Италияның жаңа заңы, мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтендіруді ғана емес, сонымен бірге академиялық пәндер бойынша сапалы оқытуды басты орынға қояды. Осы Заңға сәйкес, барлық балалар жалпы білім беретін мектепке қабылдануы керек және оларға сапалы білім алу үшін барлық жағдайлар жасалуы керек. Аталған Заңға сәйкес, 16 мыңға жуық балалар арнайы (коррекциялық) мектептен жалпы білім беретін мектепке ауыстырылды және 10 мыңға жуық оқушы әдеттегі университеттерге қабылданды.
1997 жылы Италияда дискриминация туралы Заң қабылданды, содан кейін ерекше қажеттіліктері бар 160 мың бала жалпы білім беретін мектептерге ауыстырылды, олардың мыңға жуығының дамуында ауытқуы бар.
2003 жылы Италияның білім министрлігі мектептердің барлық директорларына жұмыстан үздіксіз тренингке қатысуды міндеттейді, бұл тренингке қатысу өмірге инклюзивті білім берудің ұлттық саясатын жетілдіру үшін қажет болады. Мұнда жалпы білім беретін мектептің барлық мұғалімдеріне, жылына 40 сағат болып белгіленген біліктілікті арттыру курсынан өту міндеттелді.
Итальяндық тұрғындардың ерекшелігі ретінде, жалпы білім беретін мектептің мүмкіндігі шектеулі балаларды диагностикалау және емдеу бойыша параллельді жұмыс жүргізетін медициналық және әлеуметтік мекеме мамандарымен тығыз өзара әрекеттің болуы алынады (дәрігерлер, психологтар, әлеуметтік қызметкер, мейірбикелер, логопедтер, функционалды және физикалық терапевттер және т.б.). Сонымен бірге, мүмкіндігі шектеулі оқушыларды жалпы білім беретін ортаға интеграциялау үдерісін дамыту, Италияда өз шешімін талап ететін мәселелермен қатар жүзеге асырылады. Жалпы білім беретін мектептің көпшілік мұғалімдері интеграцияны теріске шығармайды, бірақ оны сынып өміріне ендіруде бірқатар қиындықтары болады. Олар мүмкіндігі шектеулі оқушыларды оқытудың жауапкершілігін қолдаушы мұғалімге (тьютор) жүктеуді ұсынады. Бұдан басқа, мұғалімдер тьютордың сыныптан осындай балалармен жұмыс істегенін қалайды.
1980-1990 жылдары Батыста мүгедектің табиғатын қоғамдық түсіндірудегі және соған сәйкес мүгедектерді толық экономикалық және әлеуметтік интеграциялаудың кепілдігі үшін қажет тәсілдер, шаралар мен қызмет түрлерін түсіндіруде трансформация жүзеге асырылады.Осы трансформацияның ортасында мүгедектердің өздері басқаратын және бақылайтын ұйымдардың санының өсуі болды.
Ұлыбритания инклюзия тәжірибесін таратудың заңнамалық базасын қамтамасыз ету жолымен жүріп келеді. Алғаш рет "арнайы білім беру қажеттіліктер" ұғымы елдің білім беру жүйесіне қатысты 1978 жылы арнайы комитеттің баяндамасында құрастырылды, онда оқушылардың арнайы білім алу қажеттіліктерін анықтау бойынша нақты процедура көрсетілді, мұндай ерекше қажеттіліктерді қамтамасыз ету жауапкершілігі білім берудің жергілікті басқармасына жүктелді, жалпы мектептің қосымша көмек арқылы осы рнайы білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыра алатыны көрсетілді. Көрсетілген идеялар 1981 жылы ерекше білім алу қажеттіліктері және мүгедектігі бар адамдарға білім беру туралы британдық заңды құрастырудың және қабылдаудың негізіне айналды.
Ұлыбританияда білім туралы Актінің қабылдануы (1981) жергілікті басқару органдарының арнайы мектептерді жабу және дамуында ауытқуы бар барлық балаларды жалпы білім беретін мектепке интеграциялау туралы бастамасына әкелді. 1981 жылдан бастап мемлекеттік саясат интеграцияға бағытталған. Арнайы білім беру қажеттіліктерін мамандар тобы анықтайтын болды: педагогтер, психологтар, әлеуметтік қызметкерлер. Мұндай үлгі балаға бейресми түрде қатынас жасауға және реабилитациялық іс-шаралар жүйесін баланың өмір сүруінің сыртқы жағдайымен, оның ортасымен біршама дәрежеде арақатынаста болуына мүмкіндік береді. Сондықтан, білім беру саласындағы аталған заңның білім беру жүйесін мүгедектікті түсіндірудің медициналық моделінен әлеуметтік модельге әкелуін анықтауға болады.
Арнайы білім беру қажеттіліктерін ресми анықтау мен бағалау механизмі процедурасының әрі қарай дамуы, "Кодекс практики" (1994) арнайы құжатында өзінің жалғасын тапты. Кодекс заңнамалық талап болып саналмайды, бірақ арнайы білім беру қажеттіліктерін қамтамасыз ету саласында, заңнаманы жүргізуге жауапты мектептерден, жергілікті білім беру басқармасынан, білім беру сервистері мен агенттіктерден, оны сөзсіз орындау талап етіледі. Арнайы білім беру қажеттіліктері саласында заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету үшін, арнайы тәуелсіз соттар құрылды. Олар арнайы білім беру қажеттіліктерінің мазмұны және анықталу процедурасы бойынша, ата-аналар мен жергілікті білім беру басқармасының ата-аналармен өзара әрекеттегі жаңа тәжірибе Кодексін енгізді.
Маңызды өзгерістер ретінде, 16 жастан асқан балалармен жұмыс тәжірибесінің кодексін ендіру, Британдық заңнаманың арнайы білім беру қажеттіліктерін анықтау бойынша өңделен инструментарийді қабылдауы алынды.
Ұлыбританиядағы интеграция моделін лайықты үлгі деп атауға болады, оның барысында мамандар тоғыз айлықтан бастап, барлық балалармен жүйелі сабақ өткізуге кіріседі, онда дәл диагнозды анықтауға ұмтылмайды, балалардың әлеуеттік мүмкіндіктерін барынша дамытуға ұмтылады.
Қазіргі кезде осы саясаттың ортасында білім министрлігі 2004 жылы құрастырған "Каждый ребенок важен" ("Әрбір бала маңызды") құжат алынады. Бұл бағдарламаның барлық балалар үшін 5 маңызды нәтижесі мыналар:
1) денсаулық;
2) қауіпсіздік;
3) өзін-өзі маңызды ету;
4) өзінің тұлағыл қәлеуетін жүзеге асыру;
5) қоғамның айдалы мүшесі болу шеберлігі және экономикалық әл-ауқат.
Швеция инклюзивті білім беру идеясының дамуы табысты жүргізілетін елдердің бірі болып саналады. Интеграцияға бағыт алу бұл елде жылы басталды, бұл кезде Швецияда соған сәйкес үкіметтік құжат пайда болды. 60-70-жылдары Швецияда, содан кейін көптеген дамушы елдерде, дамуы артта қалған адамдарға арналған ірі интернаттар және психиатриялық ауруханалар жабылды. 1980 жылы Швеция дамуында ауытқуы бар балаларды оқытуды ұйымдастырудағы тұғырлардың өзгерісін тіркеген оқу жоспарын қабылдады. 1989 жылы орта білім туралы жаңа Заң қабылданды, ал 1990 жылдан бастап - коррекциялық педагогтарды оқытудың арнайы бағдарламасы қайта қарастырылды.
1995 жылы мұғалімдердің, тәрбиешілер мен директорлардың рөлін анықтайтын жаңа білім стандарты бекітілді. Стандарт 5 және 9 сыныптарды аяқтауда қол жеткізіліетін білімнің міндетті деңгейін ғана береді. Білім министрлігі мұғалімдердің оқытудың қойылған мақсаттарына жетуге мүмкіндік беретін, оқытудың әдістерін өздерін анықтайтынын қарастырады. Оқу үдерісін ұйымдастырудағы жалпы жауапкершілік мектеп директорына жүктеледі. Соған сәйкес, арнайы сыныптардағы оқушылардың саны күрт қысқарды, оларды жалпы білім беретін мектепке ауыстыра бастады. 1986 жылдан бастап Швецияда көруінде бұзылуы бар балаларға арналған арнайы мектептер жоқ, олардың барлығы тұрғылықты мекен-жайы бойынша мектепке интеграцияланған.Инклюзивті білім беру ерекше мұқтаждығы бар балаларға қатысты мемлекеттің саясатының стратегиялық бағыты болып табылады. Бұл елдегі ерекше мұқтаждығы бар балалрдың көпшілігі, қарапайым сыныптарға интеграцияланған. Көруінде, естуінде, ақыл-ойында ауытқуы бар балалар ауытқудың типтері бойынша сараланады. Мұндай мектептерде олар 21-23 жасқа дейін оқи алады.
Қазіргі кезде арнайы мектептер жалпы білім беретін мектептің сыныбына интеграцияланған балаларды қолдау бойынша ресурс Орталығы болып саналады. Ақыл-ойында кемістігі бар балаларға арналған арнайы мектептер, жалпы білім беретін мектептегі сыныптарға интеграцияланған.
Швецияда балалаық кездегі ерте аутизмі бар балаларды арнайы оқыту күрделі мәселе болып табылады. Бұл балалар әдеттегі мектепте шағын топтарда оқытылады. Әрбір 3-балаға 2 мұғалім және ассистенттен келеді. Сонымен бірге, Швецияның жалпы білім беретін мектептеріндегі интеграциялық оқыту әлі барлық қызығушылық танытқан адамдарға қанағаттандырмайды.
АҚШ және Батыс Еуропадағы интеграцияның дамуы, бұл үдерісті осы кезде реттейтін заңнамалық базамен қолдау табады. Соған сәйкес заңдар Бельгияда (1970), Ұлыбританияда (1981), Германияда (1973), Грецияда (1985), Данияда (1969), Италияда (1971, 1975), Швецияда (1994) қабылданды. Осындай заңнамалық актілердегі бірыңғайлық осы кезге дейін жоқ.
Осылайша, Ұлыбритания, АҚШ-тағы табысты тәжірибені қарастыра отырып, инклюзивті білім берудегі жетістікке жету үшін шарттарды айөындауға болады:
- инклюзивті мектеп қауымдастығын құруға деген сыртқы күштер арқылы қолданатын бастапқы мотивация;
- персонал мен оқушылардың арасындағы айырмашылықтарды кедергілер ретінде емес, ресурстар ретінде қабылдау;
- оқушылар мен мектеп қызметкерлерінің ынтымақтастығы мен командалық рухы;
- ілгері дамуды қолдау бойынша әрекетке әркімнің қатысуы;
- инклюзивті білім беруді әрекеттің әлеуметтік және саяси бағдарламасы ретінде түсіну.
Қорытынды
Инклюзивті білім беру идеясын өмірде жүзеге асыру, сонымен бірге барлық оқушылардың қажеттіліктеріне жауап беруге қабілетті педагогиканы дамыту - ең қиын міндет.
Әрбір мемлекетте әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерді және халықтың ұлттық менталитетін есепке алатын, дамуында ауытқуы бар балалардың әлеуметтік-білім беруші интеграциялауды ұйымдастырудың өзіндік тұғырлары мен өзінің тәжірибесі болады. Алайда, бөгде тәжірибені нормативті-құқықтық база ретінде айқын көшіріп алуға болмайды. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, инклюзивті білім беру жүйесін дамыту - жүзеге асыруда, бірізіділікте, үздіксіздікте, сатылықта, ең бастысы - қоғамның толеранттылығында кешенді тұғырды талап ететін ұзақ мерзімді стратегия. Бұл мағынада философия және инклюзивті білім беру принциптері мектепте "басқаша" ашылатын, адамның игілігі оның қабілеттері мен жетістіктеріне қарай емес, әрбір баланың құқығы қанағаттандырылатын қауымдастықты құруға дайын әрбір мұғалімнің игілігіне айналуы тиіс.