Loading…
Transcript

Өлкемізді отарлау кезеңіндегі Тобыл-Торғай аймағы.

Орындағандар:Ермағамбет А.Б,Сарсехан Ұ.Ғ,Батыргалиева Қ.С

Өлкемізді отарлау кезеңіндегі Тобыл-Торғай аймағы

Жоспары:

1.Жоңғар шапқыншылығына қарсы күрескен қазақ батырлары.

2. Пресногорьков бекінісі. Сыртқы округтердің құрылуы және Торғай бекінісінің құрылысы.

3.XIX ғ. әкімшілік реформалар. Салық жүйесі.

4. Қостанай жерін қоныстанушылардың отарлауы. Қоныстанушылардың тұрмысы мен шаруашылығы.

1.Жоңғар шапқыншылығына қарсы күрескен қазақ батырлары.

Жоңғар шапқыншылығына қарсы күрескен қазақ батырлары:Саңрақ батыр ,Тайлақ батыр,Жәнібек батыр

Тайлақ батыр 1693 жылы туылып, қазіргі Қызылорда облысы, Қармақшы өңірінде өмір сүрген. Кейбір деректерде Тайлақ батырды Мәті бидің баласы деп жазған. Негізінде оның әкесінің аты Дүбір. Батырдың арғы тегі - Кіші жүздің Керейіті, Сандаулы аталығынан. Тайлақ батыр текті әулеттен шыққан, ата-бабалары өңкей ел қорғаған батыр, ел билеген би, хан болған кісілер.Тайлақ батыр Саңдаулыұлы Күне (Көне) биге шөпшек болып келеді. Тайлақ батыр қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресінде ерлік көрсеткен.

Саңырақ Тоқтыбайұлы батыр (1691, қазіргі Талас ауданы Үшарал ауылы маңындағы «Ағыбай қыстауы» – 1740, Арыстан баб кесенесі маңы) – жоңғар басқыншылығына қарсы күрестегі атақты батыр, қолбасшы.Ұлы жүздің Ошақты тайпасының тасжүрек руынан. Әкесі – Тоқтабай да батыр болған. Ол кісі кезінде батырлығымен бірге, таймас турашылдығымен, ауытқымас әділдігімен де елге танылып, аты шыққан. Әкенің осы қасиеті балаларына да беріліп, Саңырақтың ағасы Дәнен де, інісі Сарымерген де батыр болған.

Жәнібек Тархан Қошқарұлы, Шақшақ Жәнібек (1693 — 1752, Қостанай облысы Жангелдин ауданы Тосын құмы) — қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресінің қаҺарманы. Орта жүз құрамындағы арғын тайпасының момын руынан шыққан. Атасы Шақшақ Аманжолұлы “Еңсегей бойлы Ер Есім” атанған атақты Есім хан қолбасшыларының бірі болған. Жәнібек Тархан 1710 жылы он жеті жасында Тәуке ханның қолымен бірге жауға шауып, жекпе-жекте қалмақтың бас батырын өлтірген.

2. Пресногорьков бекінісі. Сыртқы округтердің құрылуы және Торғай бекінісінің құрылысы.

Пресногорьковка — Қостанай облысы Ұзынкөл ауданындағы ауыл, Пресногорьков ауылдық округі орталығы.1999 жылы ауыл тұрғындарының саны 1837 адам (874 ер адам және 963 әйел адам) болса, 2009 жылы 1873 адамды (906 ер адам және 967 әйел адам) құрады

3.XIX ғ. әкімшілік реформалар. Салық жүйесі

1822 және 1824 жылдары жүргізілген реформалар XIX ғасырдың 60-жылдарына қарай бірте-бірте жарамсыз болып қала бастады. Сондықтан да жаңа реформалар жүргізудің қажеттігі туындады. Өйткені біріншіден, қазақ даласында сұлтандардың билігі әлі де бұрынғысынша сақталып қала берген еді. Олардың билігі патша үкіметінің Қазақстан аймағын неғұрлым тезірек отарлауына кедергі келтірумен болды. Екіншіден, кезінде тиісті жарғыларға сай қабылданған әкімшілік-аумақтық бөлініс оған қосымша аумақтардың қосылуына байланысты жаңа жағдайдағы өзгерістерге сәйкес келмей қалды. Үшіншіден, Ресейдің еуропалық бөлігінде қарқынды дамып келе жатқан өнеркәсіп үшін арзан шикізат көздері мен жұмысшы күші қажет болды. Төртіншіден, Қазақстанның кең-байтақ аумағын мекендеген қазақтар үшін бірыңғай салық жүйесін енгізу талап етілді. Бесіншіден, Ресейдің еуропалық бөлігіндегі жері жоқ шаруаларды Қазақстан аумағына ұйымдастырылған түрде көшіру көзделді. Міне, тап осы себептерге байланысты Қазақстанда жаңа әкімшілік-аумақтық және әлеуметтік-экономикалық реформалар жасау қажеттігі туындады.

Жергілікті тұрғындардан салық жинау жүйесі қайтадан жасалды. Бұрынғы түтін салығына земстволыы алымдар қосылды. Олардың мөлшері де жылдан-жылға өсіп отырды. Отырықшы аймақтарда жер салығы деп аталып, жер өңдеуші салықты тек ақшамен күзде төлеуге тиіс болды. Земстволық салық өкімшілікті ұстауға, көпір, жол жөндеу мен дайындауға жұмсалды.

Көшпелі және жартылай көшпелі тұрғындардың негізгі салығы 1865 жылы 1,50 т болса, 1882 жылы 4 сомға жетті. Олар тағы да земстволық немесе қоғамдық салықтар (ауыл старшыны мен түземдік әкімшілікті ұстау үшін), т. б. ақшалай алымдар төлеуге тиіс болды.

Әрбір қазақ шаңырағы мынандай мөлшерде салық төлеп тұрды:

түтін салығы — 4 сом,

земство салығы — 1 с. 25 т.,

қоғамдық салықтар (жеке салықтар) — 1 с. 25 т.;

мектептерге — 50 т., барлығы 7 сомды құрады.

Әлеуметтік жағдайына қарамастан, кедей мен байларға салық мөлшері бірдей белгіленді. Әрі малдың бағасы ең төмен кезі — күзде төлеуге тиіс болды. Жер өңдеушіпер харадж, танап салығы, зекет (тауардан алынатын салық) сияқты салықтар төледі.

Харадж бойынша, өнімнің 1/10-і мөлшерінде заттай немесе ақшалай құнын төледі;

танап салығы ақшалай (1 танап = 1/8 десятина) танап мөлшеріне қарай белгіленді;

зекет тауар құнының 1/40 мөлшерінде алынды.

Осылайша, отарлаушы Ресейдің салық саясаты әр түрлі әлеуметтік топтардың қарсылығын тудырды, мал өсірушілер мен отырықшы тұрғындар салықтың өсуіне наразы болды. Әрбір уезд болысқа, болыс ауылға бөлінді. Бір болыста — 2 мың, бір ауылда — 200 түтіннен аспауы керек болды. Патша үкіметі қазақ болыстары мен ауылдарында отарлық биліктің мықты тірегі болатын жергілікті әкімшілік құруға тырысты. Болыс пен ауыл старшындарын (селолық қоғамды, ақсақалдар қоғамын) сайлау сатып алу арқылы жүрді.

4. Қостанай жерін қоныстанушылардың отарлауы. Қоныстанушылардың тұрмысы мен шаруашылығы

Торғай облысына қоныс аударушылар ең алдымен Қостанай уезін таңдап алды. Бұл оның (Қостанай жерінің) табиғи-климаттық жағдайының әбден қолайлығына байланысты. Сондықтан да қысқа уақыт ішінде «Александровский», «Жуковский», «Боровской», «Михайловский» және т.б. поселкалар «жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтарша» қаптай салына бастады.

Қазақ жерін отарлау саясаты 80-ші жылдардың аяғы 90-шы жылдардың басында, яғни 1891 жылдың 25 наурызда бекітіп, патша үкіметі «Дала ережесін»» бекітті. Онда қазақ халқына тиесілі барлық жер мемлекеттік меншік деп жарияланды және осы негізде патша үкіметі өзінің қалауы бойынша иеленуге құқылы болды.

Қаншама жерлер отарлануына қарамастан жергілікті адамдарға қашқындар мен заңсыз элементтердің озбырлықтары тыйылмады. Тіпті, уезд бастығы мен орманшыға жасалған шабуылдар туралы да деректер кездесті. Надеждинское поселкесінде Херсония губерниясынан көшіп келген немістерге де шабуыл жасалынған. Осы жайларға байланысты әрі «Империя мүдделері» үшін мазаланған мемлекеттіктер Петербургке ресми хат жолдады. Онда: «Даланы орыс қоныстанушыларымен отарлаудың жалпы пайдасын ескере отырып, келесі шарттар бойынша рұқсат беруді сұрады.:

-қоныстанушы әрбір ер адамға 5-тен 10 десятинаға, әрбір жұмысшыға 10-нан 15 десятинаға дейін жер беру.

-Қырғыз қыстақтарынан бос жерлерді бөліп беруді ақысыз жүргізу, ал қыстаулары болған жағдайда құрылысты бұзғаны үшін қырғыздарға сый беру .

Жерді жалға беруші қазақтар көбінесе, «адал сөзге» (уәдеге) сеніп жер жалдаушылармен құжаттаспады. Олардың осы сауатсыздығын пайдаланғаннан келісім - шарт жасасуда шиеленістің пайда болуына жағдай жасады. Сөйтіп, жер жалдаушылар жерді алдау, бопсалау арқылы алып отырды. Әсіресе қыстаулар (заимка) поселкаларға айналғанда жалдаушылар құнпарлық жасап жал ақшасын төлеуден бас тартты. . Жан басы үлесінің жер мөлшері 12-15 десятина көлемінде есептеледі .

Торғай облысына қоныстандыру әрекетінің ұлғаюына 1892 жылы құрылған Сібір темір жолы комитетінің құрылуы да жәрдемдесті. Құрылысы 1891 жылы басталған Трансібір темір жолы облыстың Ақтөбе және Қостанай уездері арқылы өтуге тиіс болды. Осыған байланысты қоныс аударушылар учаскелерінің бойындағы сызыққа қоныстандыру бағдарламасы қабылданды. 1897 жылдың 17 қазаныңда жер өңдеу және мемлекеттік мүлік министрі Сібір темір жолы комитетінің жанындағы дайындық комиссиясына Торғай облысында көші-қон және қосалқы учаскелерді дайындау үшін межепартияларын ұйымдастыру туралы ұсыныс енгізді. Бұл ұсыныс ең алдымен орыс қоныстанушыларына жетерлік көлемдегі Қостанай уезінің қырғыз болыстары жерін зерттеу қажеттілігіне баса назар аударды.