Introducing
Your new presentation assistant.
Refine, enhance, and tailor your content, source relevant images, and edit visuals quicker than ever before.
Trending searches
Инженерлік графика – бұл сызба геометрия жəне машина жасау сызуынан тұратын пəн.
Кез келген бұйым өндірудің үдерісі оның конструкторлық құжатын жасаудан басталады.
Конструкторлық құжаттар деп жекелей немесе жиынтық түріндегі бұйымның құрамы мен құрылымын анықтайтын жəне оны жасау немесе дайындау, бақылау, қабылдау, пайдалану жəне жөндеу үшін қажетті мəліметтерді мазмұндайтын графикалық жəне мəтіндік құжаттарды айтады.
Бұйым деп кəсіпорында дайындауға жататын өндірістің кез келген затыy немесе заттар жиынтығын айтады.
Бұйымдардың тек геометриялық қасиеттерін (олардың пішінін, өлшемдерін) қарастыра отырып, бұл кеңістік геометриялық объектілер екеніне назар аударайық, ал осы объектілерді жасауға керек құжат қағазда, демек, жазықтықта беріледі.
Одан басқа, бұйымды жасау үшін негізгі қызметі құжатта көрсетілген оның өлшемдері атқарады, оларды геометриялық параметрлер деп атайтын боламыз.
Сірə, бұйымның геометриялық пішіні мен оның параметрлері туралы мəліметтерді сызба деп аталатын конструкторлық құжатының графикалық бөлігі құрайды. Демек, сызба – ол жазық кескіндер жəне геометриялық параметрлер түрінде бұйымдарды жасауға немесе дайындауға қажетті мəліметтер келтірілген графикалық құжат.
Сызба геометрия сызбада кеңістіктік геометриялық объектілердің кескіндерін (модельдерін) салу тəсілдерін, олардың геометриялық қасиеттерін жəне осы кескіндерде кеңістіктік геометриялық есептерді шығару тəсілдерін зерттейді. Өзінің мəні бойынша сызба геометрия бірегей техникалық тіл, жазық кескіннің теориясы немесе негізі болып табылады. Оның бірегейлігі барлық адамзат үшін оның бірыңғай болатынында.
Оның ақпараттылығы оны өзге тілмен ауыстыру іс-жүзінде мүмкін болмайтындай соншалықты үлкен.
Сызба геометрия математика бөлімдерінің бірі бола отырып, үшөлшемді кеңістікті жазықтыққа проекциялау немесе бейнелеу əдістері жəне стереометриялық (кеңістіктік) есептерді сызбада графикалық шешу тəсілдерін зерттейді.
Алдымен кеңістіктің өлшемділігі дегеніміз не? Осыған сипаттама берейік. Мектеп геометриясы курсында оқылатын декартты координаталар жүйесін алатын болсақ, оның Ох сандық осі бір өлшемді кеңістікті, Оху жазық жүйесі (системасы) екі өлшемді кеңістікті, ал Охуz кеңістік жүйесі – үш өлшемді кеңістікті анықтайды.
Бұл кеңістіктерде кез келген А нүктесі сəйкесінше (тиісінше) бір (ХА), екі (ХА,УА) жəне үш (ХА,УА,ZА) координаталары арқылы бір мəнді беріледі. Осыған сəйкес А нүктесінің бір, екі жəне үш еркіндік дəрежелері болады.
Ендеше үшөлшемді кеңістіктің геометриялық фигураларының алуан түрлілігі жəне олардың арасындағы қатынастар сызба геометрия оқу курсының пəнін құрайды. Геометриялық фигуралардың ең қарапайымдарына нүкте, түзу жəне жазықтық жатады.
Инженерлік кəсіби еңбегінің сапасының маңызды сипаттамаларының бірі нақты өндірістік үдерістерді, заманауи механизмдерді немесе ұйымдастырушылық-техникалық кешенді модельдеуге мүмкіндігін беретін графикалық сауаттылығы мен шығармашылық бабының деңгейі болып табылады. Сауаттылықтың осындай деңгейін қалыптастыруға «Инженерлік графика» пəні үлкен əсер етеді.
Қазіргі уақытта оқытудың кредиттік технологиясын енгізумен көптеген пəндер, оның ішінде «Сызба геометрия», «Машинажасау сызуы» немесе «Техникалық сызу», «Инженерлік-құрылыс сызуы» т.с.с. пəндер бір «Инженерлік графика» пəніне топтастырылған.
Сызба геометрия нүктелердің, сызықтардың, беттердің жиыны болып табылатын кеңістіктік пішіндерді жазықтықта кескіндеу, олардың проекциялық кескіндері бойынша сызбаны оқу, яғни объектіні кеңістіктік елестету əдістері (тəсілдері) туралы түсінік беретін геометрия бөлімдерінің бірі болып табылады. Сызба геометрия өзінің мазмұны бойынша өзге ғылымдардың арасында ерекше орынға ие: ол онсыз ешқандай инженерлік шығармашылық болмайтын адамның кеңістіктік елестетуін дамытудың ең жақсы құралы болып табылады.
Машинажасау сызуы – болашақ бакалаврды оқытудың бірінші сатысы, онда құрастыру құжаттарын жасау мен рəсімдеудің негізгі ережелері оқытылады. Машинажасау сызуы курсын оқудың нəтижесінде бакалаврлар стандартты тетікбөлшектердің, олардың ажырамалы жəне ажыратылмалы біріктірулерін жəне құрастыру бірліктерінің сызбасын күрделілік пен тағайындалудың əртүрлі деңгейдегі құрастыру сызбалары мен жалпы түрдегі сызбаларды салу жəне оқу олардың (бөлшектеу) тəсілдерін меңгереді.
Бірақ сызба геометрия заңдары кез келген геометриялық пішіндердің кескініне таралады. Сызба геометрияның əдістерімен салынған сызбалар келесі негізі талаптарға жауап беруі тиіс.
1. Көрнекілігі. Сызбаның бұл қасиеті бұйым туралы кеңістіктік елестетуді туындатады.
2. Салу қарапайымдылығы, яғни кескіндерді салу жəне оларда есептерді шығару жеткілікті қарапайым болуы тиіс.
3. Қайтымдылығы – бұл сызба бойынша кеңістікте кескінделген объектінің пішіндерін, өлшемдері мен орындарын көз алдына келтіру (елестету) мүмкіндігі, яғни оригиналды тұрғызудың (жасаудың) мүмкіндігі.
4. Геометриялық есептерді жеткілікті дəрежедегі дəлдікпен шешу мүмкіншілігі.
Осыдан сызба геометрияның негізгі мақсаттары шығады:
алумен бұйымдарды сапалы жасау.
Сызба геометериясының негізгі тəсілі проекциялау тəсілі болып табылады, сондықтан осы тəсілмен салынған сызбаларды проекциялық сызбалар деп атайды. Дегенмен сызбаның көрнекілігін жəне бұйым өндіру мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін кескіндерді рəсімдеу жəне оларды қосымша ақпаратпен сүйемелдеу заңдары орнатылады. Бұл заңдарды мақсатты мемлекетаралық стандарттарына (ГОСТ) біріктірген. Ал осындай стандарттардың жинағын Конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесі немесе қысқаша КҚБЖ (ЕСКД) деп атайды.
Позициялық қатынастарға бір фигураның басқасына өзара тиесілігі бар немесе жоқ негізінде жазықтықта жəне кеңістікте орналасуларын білдіретін қатынастар жатады. Мұндағы «тиестілігі» термині «жатыр», «арқылы өтеді» сияқты осындай түсінікті алмастырады. Мысалы, «А нүктесі α жазықтағында
жатыр», «l түзуі В нүктесі арқылы өтеді» деген сөз тіркестерінің орнына «А нүктесі α жазықтығына тиісілі», «В нүктесі l түзуіне тиесілі» сөз тіркестерін қолдануға болады.
Жоғарыда келтірілген сөз тіркестерін символдық
түрінде (А нүктесі жазықтығына тиесілі); В l (В нүктесі l түзуіне тиесілі) деп жазуға болады.
Геометриялық фигура кескінінің құрылу үдерісін кеңістікті жазықтыққа проекциялау немесе кескіндеу деп атайды.
Фигураның нүктелерін, олардың кескіндерімен байланыстыратын түзулерді проекциялаушы түзулер, ал алынған кескінді осы фигураның проекциясы немесе моделі, кескіні, нұсқасы деп атайды. Кескіннің құрылуын ұйымдастыратын əдісті көрсету үшін «проекция» сөзінің алдына проекциялау əдісінің атын жазады, мысалы А/-А нүктесінің центрлік проекциясы, ал (SА) – проекциялаушы түзу, т.с.с.
Кескіндерді жазықтықта салу үшін келесі проекциялау əдістерін қолданады:
1. Центрлік проекциялау;
2. Параллель (қиғашбұрышты) проекциялау;
3. Ортогональ проекциялау.
04.01.2023